Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Рак ауруы емделеді


4 сентября 2017, 10:33 | 1 085 просмотров



Гендік инженерия адамдар арасында екі жақты түсінік қалыптастырып келеді: бірі қолдаса, екіншісі мұны дұрыс деп санамайды. Дегенмен барлық бұрыс пікірге қарамастан, гендік инженерия қолданысын тоқтатпады. Керісінше, жылдан-жылға дамып келеді. АҚШ-та гендік инженерия рак ауруымен күрес барысында қолданылды. Фармацевтикалық компания Novartis Пенсильван Университетімен қатар, тамақ және медиакаменттердің сапасын зерттеу және басқару орталығымен (Food and Drug Administration, FDA) бірлесе жұмыс жасайды. FDA балалардағы лейкемияны емдеуге арналған жаңа ем түріне рұқсат етті. Бұл ем шарасы гендік инженериямен тығыз байланысты екенін естен шығармаған дұрыс. Терапияның жаңа түрінің атауы – CAR-T.  Оның қызметі былайша жүзеге асады: гендік өзгерістен соң емделуші қанының жасушалары рак ісігіне шабуыл жасайды. Ол үшін зерттеушілер емделушінің қанын алып, оны кері өңдейді. Яғни, зақымданған нәруыздарды сауға алмастырады. Кейін оның миллиондаған көшірмесін жасайды. Оны кері денеге егеді. Сау жасуша бірнеше ай немесе жылдар бойы рак ісігімен күрес жүргізеді. «Біз медицинаның даму үрдісінің жаңа бөлігіне қадам басып барамыз. Айықпайтын рак дертімен күресу үшін өз жасушамызды қайта өңдеуге мүмкіндік алдық. CAR-T  көмегімен емделудің бағасы 475 мың долларды құрайды. Бірақ Novartis Pharmaceuticals компаниясы балаларды тегін емдеуді ұсынып отыр»,– дейді FDA жетекшісі Скотт Готтлиб. Гендік терапия алдағы 10 жылдықта ең үздік көрсеткіштерге жетуі мүмкін. Бұл үрдіске 3 пен 25 жас аралығындағы лейкоз ауруына шалдыққан адамдар қатыса алады. Бұл бастама «болашақ медицинаға» жасалған алғашқы қадам болмақ. 

Автор:
massaget.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто