Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстандағы әскери мектептерге оқуға қалай түседі?


31 августа 2017, 11:55 | 1 105 просмотров



Әскери тәртіптегі қызмет біздің қоғамда ең құрметті мамандықтар қатарынан табылады. Баласына жастайынан әскери тәрбие бергісі келетін ата-ана әскери орта мектепте оқу талаптары туралы іздейтіні белгілі. Осыған орай, Қазақстандағы әскери мектептерге оқуға тапсыру жүйесі жайлы ақпарат бермекпіз. Қазақстанда республикалық деңгейде үш әскери мектеп бар. Олар Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында орналасқан. Алматыдағы әскери мектеп-интернатына панфиловшы батыр Бауыржан Момышұлы есімі берілсе, Шымкент кадеттері білім ордасына генерал Сабыр Рақымов, ал Қарағанды мектебі ұшқыш Талғат Бигелдиновтің есімін арқау етеді. Әскери мектептерге қабылдау тамыз айының 15-нен бастап жүргізіледі. Ал байқау 4 кезеңнен тұрады. Олар: - Кәсіби-психологиялық саралау; - Физикалық дайындық сынағы;  - Медициналық тексеруден өту;  - Байқау саралауы, сұқбат; Айта кетсек, мектепке 8-сыныптан қабылдау басталады. Сонымен қатар, жақын болашақта емтихандар ретіне қазақ тілі, математика, физика мен ағылшын тілі қосылуы мүмкін. Ескере кету керек, әскери мектептер 2015 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында болды. Ал қазір мектептер Қорғаныс министрлігіне қарайды. Бұл мектептің әскери біліктілігінің жоғары екенін дәйектейді. Демек патриоттық рухтың да жоғары болатыны белгілі. Қазақстандағы әскери институттарда оқуын көбіне әскери мектепті бітірген кадеттер жалғастырады. Бұл олардың бала кезден алған әскери әрі рухани біліктілігін тағы да шыңдай отырып, елімізді қорғау талабының патриоттық үлгісін жасауға үйретеді. 

Автор:
massaget.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто