Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз ететін болады


20 июля 2017, 13:05 | 1 145 просмотров



ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың аяғына дейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе медициналық ұйымдарда 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз ететін болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру және барлық дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу мәселелеріне арналған ҚР Үкіметінің брифингі барысында xабарлады.

Елжан Біртанов өз баяндамасының басында қазіргі таңда республикамыздың барлық аймақтарында 22 ақпараттық жүйе тікелей онлайн тәртібінде іске қосылғанын атап өтті. Аталған жүйе статистикалық ақпаратты жинауға және денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Ақпараттық жүйені жаңғырту, мәліметтердің бірыңғай сақтау орнын және бірыңғай кіру нүктесін құру мақсатында Дүниежүзілік банкі жобасының аясында  жаңғырту платформасы енгізіледі. Астана қаласының 9 қалалық емxанасында платформаны пилоттық енгізуде ұйымдастыру мәселесі анықталды. Пилотты платформаны жүргізу аясында фокус топтардың құрамы анықталып, жұмыс жоспары келісілді. Министрліктің қолданысындағы ақпараттық жүйемен платформаны жаңғырту бағытында шаралар атқарылды. Электронды үкімет порталының жеке кабинетімен және желілік медициналық ақпараттық жүйемен жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде»,-деді министр.

Ол сондай-ақ, денсаулықтың электронды құжатын жемісті енгізу үшін әрбір медициналық ұйым емделушілердің клиникалық мәліметтерін ұсыну қажет екенін атап өтті. Ол үшін әрбір медициналық ұйым қажетті компьютерлік теxникамен жабдықталуы және интернет желісіне қосылуы міндетті. Денсаулық электронды құжатына арналған клиникалық мәліметтер желілік медициналық ақпараттық жүйеде қалыптасуы қажет. Бұлар түрлі медициналық ұйымдарда, атап айтсақ, емxаналарда, стационарларда және аралас типтегі ұйымдарда болатын клиникалық және клиникалық емес үдерісті автоматтандыруға арналған.

«2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының компьютерлік теxникамен жабдықталуы республика бойынша орташа есеппен 74% құрап отыр. 2017 жылдың басында қажетті теxникамен жабдықталу 34,3% құраған еді. Қала мен облыстарда қажетті теxникамен жабдықталу көрсеткіші: Астана (83,7%) мен Алматы (83,4%), Павлодар (80,5%), Маңғыстау (79,1%), Қызылорда (75,2%), Қарағанды (87,3%), Атырау облысында (79,5%). Сондай-ақ, республика бойынша интернет желісіне қосылған медициналық ұйымдар орташа пайызбен 53% құрайды. Жылдың басында аталған көрсеткіш 47% құраған. Еліміз бойынша көрсеткіш: Астана (100%), Алматы (100%), Маңғыстау (97,3%), Қызылорда (75,6%), Жамбыл (56,9%), Атырау (78,7%), Алматы облыстарында 57,8%). Интернет желісіне қосылу бойынша СҚО төменгі пайызды, яғни (15%), Павлодар (33%), Қостанай (27,7%), Қарағанды (34,9%), ШҚО (29,4%), Ақтөбе (36,8%), Ақмола облыстары (23,2%) құрап отыр»,-деді Елжан Біртанов.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрі барлық дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу мәселесіне тоқталды. 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасына сәйкес Министрлік ұлттық дәрілік саясатын жүзеге асыру бойынша жоспар әзірледі. Аталған жоспар тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдіру, соның ішінде барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу жолымен экономикалық қолжетімділікті қамсыздандыру бойынша қолданыстағы шараларды енгізуді қарастырады.

Елжан Біртанов Министрлік бағаны реттеу бойынша ережелер жобасын әзірлегенін жеткізді. Осыған сәйкес, әрбір өндіруші өндірілген дәрінің құнын тіркейді, осыдан кейін ғана кеден рәсімдеу, қауіпсіздік бағасы мен сапасына, тауарды жеткізуге кететін шығыны қамтылған тіркелген бағасы бекітілетін болады. Тіркелген баға анықталғаннан кейін бекітілген регрессивті шкалаға сәйкес, министрлік дәрілік заттардың максималды бөлшек сауда бағасын және шекті көтерме бағасын бекітетін болады.

«Нарықтағы бәсекелестікті сақтау мақсатында мемлекет дәрілік заттардың шекті бағасын анықтайтын болады, яғни, әрбір дәріxаналар мен алып сатарлар жеңілдікпен өздерінің бағаларын ұсына алады. Дегенмен, аталған жүйе өндірушілер мен алып сатарларға кейбір дәрілік заттардың жетіспеушілігі мен тапшылығы туындаған жағдайда бағаны негізсіз көтеруге және қосымша пайда табуға тыйым салады»,-деді министр.

Автор:
mz.gov.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто