Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Неліктен «Маша мен медведь» зиянды деп танылды?


19 июня 2017, 03:49 | 2 054 просмотра



«Маша и медведь» – кішкентай бүлдіршіндердің сүйіп көретін мульфильмдерінің бірі. Тіпті кейбір ата-аналар баласын жұбату үшін осы мультфильмді теледидардан немесе телефоннан қосып бере қояды. Ал психологтар бір қарағанда сүйкімді көрінетін Маша мен аюдың бала психологиясына едәуір зиян келтіретінін айтуда. Зияны сол – Машаның «бұзықтығы». Мульфильмде Маша аюға «айтқанын істететін» бірбеткей, тым ерке, шолжаң қыз, аюды мұқатумен болады. Ал оны көрген бала психологиясы мұның барлығын «жұтып алады», (әсіресе қыз балалар) дәл осындай болу керек деп, Машадан «үлгі» алады.Ең қауіптісі – бұл мульфильмді 2-5 жас аралығында балақайлар өте жақсы көреді. Көрермендер арасында тіпті 1 жастағылары да бар. Ал бала психологиясының дамуының шарықтау кезеңі дәл осы жастар. Яғни, 1-5 жас аралығында бала не көрсе соны қайталайды, не айтсаңыз соны айтады. Көрген, естігенін бойына «сіңіріп» алады, сенгіш келеді.Кейбіреулер мұны оқып «анау зиян, мынау зиян, енді «Маша мен медведь» те зиян ба? Енді балаларымызға не көрсетеміз? деуі мүмкін. «Тынышталса болды» деп баланың қолына телефонды ұстата салғаннан гөрі ерінбей, уақыт бөліп балаға қазақша ертегілерді оқып берген, ондағы кейіпкерлерді өзіңіз (дауысын, эмоциясын) салып, бейнелі түрде айтып берсеңіз қандай жақсы!

asylsoz.kz

Автор:
bakittiotbasi.kz