Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ»


23 мая 2017, 04:20 | 2 713 просмотров



Алматы облысы ТЖД 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау үшін ағымдағы жылдың  наурыз және мамыр айларында облыстық ТЖД аудандық және қалалық ведомствалық бағынысты бөлімшелерінде жас өрт сөндіруші және құтқарушы жасақтарына жарыстар өткізілді. Жарысты аудандық және қалалық ТЖ басқарма және бөлім офицерлері аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандарының қатысуымен ұйымдастырылды. Бұл өте маңызды шара, себебі төтенше жағдайлар жыл сайын өсуде, және тұрғындардың қорғалмағандығы балалар болып табылады. әрбір қатысушы өзіне көмектесу және басқа адамға көмектесу, кез-келген төтенше жағдайда бейімделуді үйрену, өзін-өзі қауіпсіз ұстауды білу.

Аталған жарыс барлық аудандар мен қалаларда үш түрде жүргізілді:

  1. 2-ші қабаттың терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу - әр командадан ең жақсы дайындалған қатысушы таңдалады. Екінші қабаттың терезесіне белгілінген өрт сатысымен көтерілу жүзеге асырылады. Өзімен бірге (каска, белдік және ұзын жеңді футболка, қысқа жеңдімен қатысушы жіберілмейді) өрт сөндіру киім-кешек болу қажет, командадан 2 қатысушы 2 әрекет бойынша қатысады. Жарыс секундомер бойынша уақыт бағаланады.
  2. 4х80 метрге эстафета – эстафета 4 этаптан тұрады. Команда құрамы 4 қатысушыдан тұрады. Бір команда ғана бастайды. Бірінші этапты бастар алдында эстафета қатысушылары және бірінші этапты жарыс төрешілері береді. Келесі этаптарда өрт сөндіру өзегін табыстайды (эстафеталық таяқша).

1-ші кезең – қатысушы басталғаннан жауынгерлік киім кию орнына дейін жүгіреді, жауынгерлік киімді киеді, содан екінші кезеңге дейін  жүгіріп және өрт сөндіру өзегін табыстайды.

2-ші кезеңқатысушы өрт сөндіру өзегін қабылдайды, дуалдан секіріп өтеді, үшінші кезеңге дейін жүгіріп және өрт сөндіру өзегін табыстайды.

3-ші кезең - қатысушы өрт сөндіру өзегін қабылдайды, жеңге дейін жүгіреді, өрт сөндіргіш автомашинаға бір жалғауышты жалғайды, екінші жалғауышты торапқа әкеліп және оны жалғайды, содан өзекпен төртінші кезеңге дейін жүгіріп және өрт сөндіру өзегін табыстайды.

4-ші кезең - қатысушы өрт сөндіру өзегін қабылдайды, мәрелік сызыққа дейін жүгіріп барады. Эстафетаның аяқталуы өзекпен мәрелік сызықты кесіп өткеннен кейін белгіленеді.

  1. Жауынгерлік өрістету - әр командадан 4 қатысушы қатысады. Бір команда ғана бастайды. Қатысушылар басталу сызығында болады, төрешінің командасымен бастаған қатысушылар өрт сөндіру автомашинасына дейін жүгіреді, олардың №1,2 қатысушылары дуал сеткасын сорғыш жеңге жалғайды және автоцистернаға жалғайды. №3 қатысушы басты жеңді автоцистернаға жалғайды және өрт сөндіру жеңін торапқа салады. №4 қатысушы өрт сөндіру өзегін және өрт сөндіру жеңін алады, торапқа жалғайды және өрт сөндіру өзегіне жалғайды.

Жаттығу егер барлық жалғауыштар жалғанса орындалған болып есептеледі.

Сондай-ақ, «Бірінші медициналық көмек көрсету» конкурсы өткізілді, конкурс барысында балалар зардап шеккендерге дұрыс және жедел көмегін көрсетті. Аранайы манкенде жас құтқарушылар кәсіби құтқарушы деңгейін меңгергенін көрсетті. Өрт сөндірушілердің жұмысы жауапты және күрделі. Бұл үшін арнайы дайындық қажет. Осыған сәйкес өрт сөндіру-құтқару спорты құрылған.

Адамның қауіпсіздігіне және өміріне өрт сөндірушінің кәсібі өте маңызды. Кім көмекке мұқтаж, соған көмекке келу маңызды.

Автор:
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенант