Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАС БОЛСА ДА БАС МАМАН


10 марта 2017, 15:56 | 303 просмотра



Дәрігер мамандығы әлемдегі ең жолы ауыр, жауапкершілігі мол сала. Аурудың алдын алу, науқастардың өмірін сақтап қалу дәрігердің жауапты ісі. Ол адамның өмірі мен тағдыры сенің қолында екенін сезіну ең қиыны. Қазіргі кезде емделуі қиын ауру түрлерінің жиілеп жатқанын бәріміз білеміз. Сондай дерттердің бірі- қатерлі ісік ауруы. Емдеуге мүмкіндік бола тұра, емделмейтін кезде,  бұл жаңына қатты бататыны анық. Емделмейтін ауру түрі қазіргі кезде көп-ақ. Бірақ сол мәселелерді шешуде бар күшін салып жүрген мамандарымызда аз емес. Солардың қатарында Талдықорған қаласындағы облыстық онкологиялық аурухана қызметкерлерін жатқызсақ болады. Жас болса да бас маман қызметін атқарып, науқастардың шағымын тыңдап, барынша көмек қолын созуды қалайтын аурухананың сапалы медициналық кызмет көрсету директорының орынбасары Атанаев Дархан Сейлханұлымен сұхбат құрған едік.

  • Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
  • Бала кезден армандадым. Мен және 2 досым үшеуміз бірге 7 сыныптап бастап осы мамандықты таңдап  дәрігер боламыз деп деген шешім қабылдадық Қазіргі таңда 3-де дәрігерміз.  Бұған басты себебіміз, қазіргі таңда ауыратын, жазылмайтын дерттер өте көп десек болады. Кішкене болсада, сол науқастарды емдеуге қол ұшін тигізсек деп ойладық. Қазақстанның медициналық жағдайын көтеру. Бүгінгі таңда осы жолда қызмет атқарудамыз.
  • Бұл мамандықтың ерекшелігі, несімен сізге ыстық?
  • Бұл мамандықтың ерекшелігі мен үшін оқып, зерттелмеген кітап секілді. Онкологияда мүмкіндіктер көп. Бірақ, онкологиялық дерттерді емдеу өте ауыр екені бәрімізге мәлім. Кей жағдайда емдеу мүмкін болмай жатады. Менің мақсатым-осы дерттерге шипа іздеу. Және жұмысқа келген күннен бастап өзіме жақын тартқан әріптестеріме бауыр басып қалдым. Кіммен қалай сөйлесу керектігін білесің. Осымен ыстық. Және осымен қымбат.
  • Осы қызмет жолында қорқып, өкінген сәттер болды ма? Қандай қиындықтар болды?
  • Өкінген сәттер болмады деуге болар. Бірақ қорққан кезім болды. Алғаш осы жерге жұмысқа тұрған кезде дәрігер-сараптамашы қызметінен бастадым. Ол дегеніміз барлық ауру түрлерімен тарихын зерттеу. Яғни қандай ем-дом жүріп жатыр, қандай екпе қолданылып жатыр осылардың қорытындысын шығару. Сол кезде қателік жіберіп алып, науқастарға зияным тиіп кетпей ме деген қорқыныш болды. Мұндай жұмыстармен негізі дәрежесі бар білікті мамандар жұмыс атқаруы керек. Жас маман болып келген маған қиынға соқты. Және универде оқыған білімімнің қажет болмағаны өте ауыр болды. Әлі де болса қиын. Мен толық зерттеп, біліп үйрендім деп айта алмаймын. Жылда 1-2 айлық курстарға барып білімімды жетілдіріп тұрамын. Жаңа дүниелерді біліп келуге, тәжірибе жасауға тырысамын. Ал, өкінген сәттер әзірге болмады.
  • Өзіңіздің өмір баяныңыз жайды айта өтсеңіз. Осы ауруханаға қалай келдіңіз? Еңбек өтіліңіз қанша жыл?
  • 1990 жылы Талдықорған қаласындағы Ескелді ауданында дүниеге келдім. 1997-2008 жылдар аралығында Семей қаласында Шымыр ауылында 11 сыныпқа дейін білім алдым. 2008 жылы Семей медициналық университетіне оқуға түсіп, оны 6 жыл оқып 2014 жылы тәмамдадым. Оқуды аяқтағаннан кейін осы Талдықорған қаласына келдім. Бірден жұмыс табу қиын болды. Бұл жерге келуімнің өзі бір қызық. 3 ай сандалып жүріп аурухананың жанынан өтіп бара жатқанмын. Хабарландыруға көзім түсті. Сол күн әлі есімде. 17 ақпан. Сол күннен бастап осы жерде қызмет атқарудамын.
  • Қызмет жолын бастағалы қандай жетістіктерге жеттіңіз?
  • Осы мамандыққа түсуім, осы жерде жұмыс жасауымның өзі мен үшін жетістік деп есептеймін...
  • Дәрігер болмағанда өзіңізді қандай маман ретінде елестетесіз?
  • ЕНТ тапсырмас бұрын менде екі таңдау болды. Дәрігер немесе архитектор. Арманым дәрігер болу болса да, архитектор мамандығы қатты қызықтыратын. Сызу. Үйлердің нобайын жасау. Бірақ бір ай қалған кезде, дәрігер болуға шешім қабылдадым. Егер де ақ халатты болмасам, мүмкін, архитектор болар едім. Бірақ мен өкінбеймін.
  • Халық арасында дәрігер беделі төмендеп кетті деп жатады? Бұл жайлы өз ой пікіріңіз...
  • Ия, төмендеп кетті дегенге қосыламын. Қазір интернет ресурстары өте көп болғандықтан, көп емделушілер сол жерден оқығандай емдегендерін қалайды. Көптеген адамдар келіп, шағымданым жатады. Мен осылай деп оқып едім, бірақ дәрігер олай жасамайды дейді. Бүгінде, дәрігерден гөрі интернетке сенетін пациенттердің саны көбейіп жатыр. Көп адамдар интернет ресурсымен бизнес ашып алған. Неше түрлі дәрілер, препараттар сатып жатады. Олардың барлығына сене беруге болмайды ғой. Біздің бөлімшеде ондай дәрілерге қарсы емеспіз. Біздегі емделушілер Қытайдан қоңыз неше түрліні алып келіп ішіп жатады. Оларды көмектеспейді деуге болмас. Бірақ барлық адамға бірдей емес. Әр адамның организмі әр түрлі болғандықтан біреуге жағады, біреуге жақпайды. Бірақ бізде емделетін болса ондай дәрілер мүлдем қолданбайды. Мысалы, бізге химиятерапияға келгенде ондай ештене қолданбайды, бірақ 21 күн демалған кезде, қолдануына болады. Бірақ, оның зардабына біз жауап бермейміз. Егер де, ол дәрілер көмектесетін болса, біз неге қолданбаймыз. XІХ ғасырдан бері осы онкологиялық ауруларға қарсы тұру үшін химиятерапияны, сәулемен емдеу тәсілдерімен қолданылып келеді. Мұның бәрі бостан босқа ойланып табылған жоқ. Бұлардың барлығы зерттелінген болғандықтан, біз соны қолданамыз. Бірақ, дәрігер қанша дұрыс айтып жатса да, халық оған сене бермейді. Менің ойымша егер емделуші дәрігерден көмек сұрауға келсе, демек ол адамға оның біліктілігіне сену керек. Және дәрігердің айтқанын жасау керек. Бізде бұл жағдайға байланысты неше түрлі оқиғалар болды. Пациенттерге қолданбаңыз, жемеңіз деген тауарларды тұтынады. Содан кейін жағдайы нашарлайды да, бізді кінәлайды.  Ауруханалардың өз ережжесі, өз қолданатын формасы болады. Соған бағыну қажет.  Ал біздің халық оған көнгісі келмейді. Сондықтанда дәрігердің беделі төмендеп кетті деген ойдамын.
  • Осы онкология бөлімінде қанша қызметкер жұмыс атқарады? Қалай зерттейсіздер? Қандай бөлімдер жұмыс атқарады?
  • Біздің бөлімшеде 182 адам қазмет атқарады. Оның ішінде орта буынды, жоғары буын және төмен буын деп бөлінеді. Біздің диспансер 144 адамға арналған орын, 4 бөлім. Ол мамма-генекологиялық, радиологиялық бөлім,  химиятерапиялық және жеке емхана. Облыс бойынша көршілес 10 аудан 2 қаламыз бар. Сол жерлерден аптасына 500 –ге тарта емделуші тексерілуге келеді. Сол адамдарды қабылдаймыз. Және тегін қабылдаймыз. Тізімде тұрған яғни қатерлі ісік анықталған кез-келген емделуші тегін қарала алады. Келген науқстардың барлығы тіркеуге тұрғаннан кейін, біз ол науқастарды бөлімшелерге бөлеміз. УЗИ-ға, ФГДС, КТ-ға және ларингоскопия мен колоноскопияға автоматты түрде тексеріске жіберіледі. Бір күнде бір адам 1-2 тексерістен өтуі мүмкін. Адамдардың көп уақыты қабылдауда ұзақ қаралады. Бір адам 15-20 минуттан тексерістен өтеді. Ол адамның бір күндік апталық өмірін емес, кей жағдайда үш-төрт жылын сұрауға тура келеді. Ісік бір күнде ауыра салатын ауру емес. Ол айлап жылдап ауырған ауру болғандықтан,  сол қабылдауда кідірістер болады. Дертті қалай анықтаймыз? Ісіктен етті кесіп алу арқылы анықталады. Алғашқы белгілерін айтар болсам, адам иммунитетінің төмендеуі, көп жағдайға зауқының соқпауы. Осындай кезде бізге келеді. Біз 10-15 күн бақылауда ұстап, тексерістен өткіземіз. Ісіктің қандай түрі екені белгілі болғаннан кейін, біз ол науқасты емдеуге жібереміз. Ол 3 түрлі болуы мүмкін. Химия-терапиялық, лазерьмен емдеу және операциялық. Бірінші, химия-терапиядан өткіземіз. Ол көмек берсеме, сәуленің көмегіне жүгінеміз. Содан кейін барып, көмектеспей жатқан жағдайда ғана операцияда кесіп тастауға болады. Бізде қазіргі таңда қала, ауданды қосқанда 5382 адам учетта тұр. Және 3 ай сайын осы адамдар тексерістен өтеді.  Науқастарды емдеуде барлық жағдайды жасап отырмыз.Үміттеніп келген әр адамға үміт сыйлауға тырысамыз. Сол үшін жұмыс жасаймыз.
  • Портал бойынша жұмыс жасайтындарыңыз белгілі... Осы уақытқа дейін қанша операция жасалды?
  • Біз күніне кем дегенде 4 операциядан жасаймыз. Аурудың түріне, орналасқан жеріне байланысты операция жасаалады. Кейбір операцияларды 8-9 сағаттан жасайды. Бізде жасайтын операцияларды басқа жерде жасайды деп айта алмас едім. Себебі, бұл онкологиялық ауру өте көп кездесіп жүрген, ұзақ уақыт емделетін дерт.
  • Бөлімде білікті маман деп кімдерді атар едіңіз?
  • Әр бөлімде, әр істе өз маманының біліктісі болады. Бізде жұмыс жасайтын дәрігерлердің барлығы дерлік өз ісін жақсы білетін, білікті дәрігерлер. Ешқайсысын бөліп жарып қарауға болмайды. Бізде жоғарыда айтып өткен 4 бөлім бойынша жұмыс атқаратын дәрігерлер бір-бірінің жұмыстарына араласпайды. Әркім өз саласының маманы.
  • Медицина жетістігі деп нені айтар едіңіз...
  • Медицинаның жетістігі деп, қазіргі таңда кез-келген аурудың шешімін табуға, емдеп жазуға мүмкіндік бар. Білікті дәрігерлер мен жаңа технологиялардың дамуына байланысты адам өмірін сақтауға, ғұмырын ұзартуға толығымен дертінен айықтыруға болады. Бұрындары тек қана шетелде жасалатын операцияларды өз елімізде жасалуы біздің жетістігіміз десек болар еді.

Онкологиялық аурулар- ісіктің пайда болуы. Бұл аурулардың пайда болуы да, емделу жолы да әртүрлі. Көбінесе ем дерттің қай сатыда тұрғаны байланысты жасалатыны анық.  Бұл ауруды да басқа аурулар сияқты асқындырып алса, оны емдеу қиынға соғады. Асқындырып алмау үшін үнемі тексеріліп жүру маңызды. Ғалымдардың дәлелдеуінше обыр ауруының пайда болуының басты себептері: қоршаған орта мен қатар салауатты өмір салтын сақтамау, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттер жасау. Осылардың барлығы дертті өз қолымызбен жасайтындығымызға дәлел. Бірақ, қандай жағдайда ауырмайық дәрігердің көмегіне сүйенетіміз анық. Және де аурухана табалдырығын аттаған уақыттан ақ халатты жандарға сенгеніміз абзал. Ал, дәрігерлр қауымы сол артқан сенім мен үмітті әркез орындауға ұмтылсаңыздар деген ниеттеміз...

Автор:
Сұхбаттасқан: Аймарал ДАУЛЕТБЕК


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто