Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ер адамның денсаулығы - қоғам денінің саулығы


17 февраля 2017, 09:53 | 367 просмотров



 «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Ахметов Ақылбек Тұрысбекұлымен «Ер адамның  денсаулығы - қоғамның  денінің саулығы» тақырыбында әңгімелесіп қайтқан едік.

Ахметов Ақылбек Тұрысбекұлымен таныстыра кетсек, 1988 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін тәмамдап, «Емдеу ісі мамандығын» алып шыққан. 1989 жылы тері-венеролог маманы бойынша Интернатураны бітірген. Еңбек жолын 1989-1994 жылдары Алматы облысы, Каратал ауданы,  Елтай ауылдық емханасының бас дәрігері қызметінен бастаған. 1994-2016 жылдың шілде айына дейін Талдықорған тері-венерологиялық диспансерінде жоғарғы санатта дәрігер маманы және әр түрлі лауазымда қызмет атқарып, 2016 жылдың тамыз айынан қазіргі таңда кәсіпорын басшысы.

-Құрметті Ақылбек Тұрысбекұлы, Сізге алғашқы сауалым, қазіргі таңдағы негізгі мәселе яғни аурулардың ішіндегі ең көп таралғаны белсіздік пен бедеулік десек артық емес. Осы туралы не айтасыз?

-Енді осы салада жұмыс жасап жүргеннен кейін негізгі мәселенің бірі -белсіздік пен бедеулік дер едім. Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеуі бойынша статистикалық мәліметке сүйенер болсақ,  бала болмаудың 50 пайызы ер адамға 50 пайызы әйел адамға тиесілі. Ал,  уролог ғалымдардың болжамы бойынша бала болмаудың 70 пайызы ерлердің үлесінде деп есептейді екен. Бұл  отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижесі. Сондықтан ер адамның денсаулығы өте маңызды орын алады. Қазіргі жастар жеңіл жолмен жүріп, от басын құрады. Кейбір ерлер мен әйелдер бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп бақса да, нәтиже болмайды. Жүктілік процесі  басталмай қояды. Соның салдарынан үй ішінен үй тіккен жастарымыз ажырасыпта жатады. Мұндай жағдайда не еркектің, не әйелдің бедеулік зардабына ұрынғаны анық. Көбіне мұндайда оларға ештеңе де көмектеспейтіні сөзсіз, сондықтан аурудың алдын алып, дер кезінде қаралу керек екенін бірі білсе, бірі біле бермейді.

-Ер адамның денсаулығы  -  қоғамның денінің саулығы демекші, ерлер арасында жиі таралған ауру  простатит туралы  не айтар едіңіз?

-Ерлеріміздің арасында простатит деген ауру өте көп тарағанын көріп те, естіп те жүрміз. Бұл аурудан адам жанына қауіпі жоқ, яғни өмір сүре беруге болады. Бірақ уақытында емдетпесе ол да белсіздікке алып келетін бірден-бір себебі болып табылады, сонымен қатар еркектің жыныстық қасиеті де төмендейді. Бұл аурудан емделуге болады. Бірақ біздің азаматтар бірақ рет -қана ем-шара қабылдайды да, қайтіп оралмай кете береді. Мұндай жағдайда толық айығып кету қиынға соқтырады. Ауруды толық емдеп жазбағандықтан, суық тигенде немесе дене шаршағанда, күйзеліске (стресс) ұшырағанда ол қайта қозуы мүмкін. Простатит болған жағдайда көктем және  күз мезгілдері емделіп, өзін күтіп, ер адам көбірек жаяу жүруі қажет екеніне ерлеріміз біле бермейді, 1 сағат компьютер алдында отырған адам 10 минут жүріп келуі  керек.

-Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың  бедеулікке шалдығуына не себеп болады?

-Негізгі себептеріне тоқтала кетсем, ұрықсыздық бұл кейбір адамның ағзасы өмір бойы бала жасай алмайтындай болып қалыптасады, яғни мұндай жандар тумысынан ұрықсыз болып жаралады және  кейбір әйелдерде қан аздық, тамақтың аздығы немесе  иод қоспасының жеткіліксіздігі оны жүкті болып, бала көтеру мүмкіндігінен айырады. Осындай себептерге байланысты әйел өзінің жүкті болып қалғанын сезініп үлгергенше, түсік тастайды.

Бала көтере алмай жүрген және түсік тастауға бейім әйелдер дұрыс тамақтанып, иодталған тұзды күнделікті аста көбірек пайдаланғаны жөн, ал мүлдем қан аздық жағдайында (анемия), темір қоспалы дәрілер ішу керек. Бұл оның екіқабат болып, дені сау бала көтеруіне қолайлы жағдай туғызады.

Бедеуліктің тағы бір себебі - созылмалы инфекция. Бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеліп соқтырады. Ауру асқынып кете қоймаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады. Соз бен хламидия ауруының алдын-алу және оны кешеуілдетпей емдеп жазу - әйелдің ұрықсыздығын болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Бедеуліктің тағы бір себебі - созылмалы инфекция. Бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеліп соқтырады. Ауру асқынып кете қоймаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады. Бір сөзбен айтқанда хламидиоз, уреоплазмоз, микоплазмоз, гарднереллез, трихоманияз сияқты ауру түрлерінің белгілері жасырын түрде науқастың сезінбегендігінен  көп жағдайда созылмалы түрге ауысып кетуінің бірден-бір себебі. Дерттің алдын-алу және оны кешеуілдетпей емдеп жазу - әйелдің ұрықсыздығын болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Тағы да айта кетерлік жайт,  ер адамдардың ұрығының белсенді (активный) болмауы.Негізінен 60% көрсетуі тиіс, ал қазіргі жастарда 10% ғана көрсету жиі кездеседі Немесе кейбір азаматтарымыздың ұрығы мүлдем жоғалып жойылып кетеді. Шәует (сперматозоидтің) көлемінің тиісті мөлшерден аз болуы, не  ер адамдардың кейбір кезде әйелдерді ұрықтандыра алмайтын жағдайлары да кездеседі, мұның себебі олардың ағзасынан жасалып, жинақталып шығатын шәуеттің (сперматозоидтың) көлемі тиісті мөлшерден аз болады. Мұндай еркектер біраз уақыт бойына, әйелінің етеккір цикліндегі ұрықтануға қолайлы сәті түскенше, яғни жүкті болу мүмкіндігінің алғашқы және соңғы уақыты аралығындағы мезетке шейін жыныстық қатынас жасаудан өзін тежей тұруы қажет.

-Бедеулік - ғасыр дерті. Енді ер адамдар ұрпақ жалғастырушы ата-бабадан  белгілі, ал енді сол еркек бедеулігінің себебі неде?

-Ер адамның ұрығы клетка­лар­дан тұ­рады. Олардың бір мили­литрінде 60 миллиондай ұрық бо­луы керек.

Ер адамның ұрығы клетка­лар­дан тұ­рады. Олардың бір мили­литрінде 60 миллиондай ұрық бо­луы керек. Егер ұрықтар саны одан кем болса, он­дай ұрықтың бала жасауға шамасы келе бермейді. Жыныс клетка­ла­рының кемдігі, яғни оның болмауы (азооспермия) кейбір ұзын бойлы, қыл мойын, жас жігіттерде жиі кездеседі. Бұл секілді жағдай олар­дағы уақытша құбылыстың, бол­маса тұрақты бедеуліктің белгісі болуы мүмкін.

Кейбір адамдардың жыныстық  қа­ты­нас пен ішімдікке құмарлығы, денедегі қоректік заттардың алма­суы­ның бұзылуы немесе сульфа­ми­д секілді дәрілерді дәрігердің ба­қы­лау­ынсыз өз бетімен ұзақ ішуі де ұрық­тың сапа­сын кемітеді және қасиетін жоятындығы анық.

-Бедеуліктің жас ерекшілігі туралы айта кетсеңіз?

-Негізінен, 30 жастан кейін жиі болады. Сол үшін, осы жасқа дейін үйленіп, жанұя құру қажет.

-Қандай орталықта тексерілген дұрыс деп есептейсіз?

-Қазіргі таңда адамдар тек «жекеменшік» орталықтарға барады, оның бірден бір себебі, тіркеуге алынбас үшін, ауруы туралы жарияламас үшін міне, осының салдарыннан басқа қызмет атқаратын бөгде саладағы дәрігерлерге ұрынады.  Сондықтан аурухана мен дәрігерді таңдай білу керек.

 -Емделу жолдары,  дәрі –дәрмектер туралы айтсаңыз?

-Емделу жолдары мен түрлері көп. Алайда, дәрі-дәрмек бағасы өте қымбат. Отандық өнімнің қуаты өте аз және бағасына қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді.

 Сұхбатыңызға рахмет!

Сіздерге де рахмет, шығармашылық табыс тілеймін. Халыққа шипаларыңызды тигізе жүріп, өздеріңіз де аман болыңыздар.

Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған қашанда жақсы. Бүгінгі сұхбат арқылы оқырманға ой тастадық деп есептеймін. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, ағайын !

Автор:
Шалкар Оразбаев.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто