Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Шетелдік делегация Алматы ауруханаларының Универсиадаға дайындығын тексерді


23 сентября 2016, 04:04 | 1 394 просмотра



2017 жылғы Қысқы универсиада аясында жұмыс сапарымен келген шетелдік делегаттар Алматы ауруханаларына барып, ондағы жағдаймен танысты.

Айта кетейік, қазір қаладағы барлық ауруханалар 2017 жылы өтетін аталмыш шараға тыңғылықты дайындық үстінде.

Шетелдік делегация тобы Алматы қаласындағы №4 қалалық ауруханаға, Қалалық жедел жәрдем ауруханасына бас сұқты. Бұл ауруханалар барлық озық технологиямен жабдықталып, шетелдерде тәжірибеден өтіп келген білікті мамандар қызмет атқарады.

Ұлыбритания ұлттық студенттер спорты федерациясы медициналық комитетінің жетекшісі Эджэи Абосидэ Олугбоинва аурухана жұмыстарына жоғары баға беріп, жарыс кезінде спортшылар үшін барлық көмек көрсетілетініне сенімін білдірді.

Сондай-ақ делегаттар жедел медициналық көмек көрсету стансыларында автоматтандырылған жүйемен, жаңа жедел жәрдем машиналарымен танысты. АҚШ студенттер спорты федерациясы медициналық комитетінің жетекшісі Рональд Олсон Универсиада кезінде шұғыл көмектің аса қажет екенін айтады.

Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен Универсиадаға 40 жедел-жәрдем көлігі жұмылдырылатын болды, оның 8-і - реанимобильдер. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласының 8 стационары тартылады.

Автор:
ҚазАқпарат