Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Антқа адалдық – басты парыз


28 июля 2016, 10:16 | 1 336 просмотров



Еліміздегі ең ірі мегаполис, күре жолдың бойында жатқан Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Әнуар Амановты салаға қатысты әңгімеге тартқан едік.

– Әнуар Тұрсынжанұлы, түрлі жағдайларға байланысты алғашқы медициналық көмекке зәру болып келетін науқастарға жеңіл, тіпті, күрделі ота жасау мәселесі туралы айтып берсеңіз?

– Алматы қаласының №7 қалалық ауруханасы шын мәнінде республикамыздағы аса ірі клиниканың бірі болып саналады. Бүгінгі таңда 25 бөлімде 1500 адам еңбек етіп, 1000 төсекте жатқан науқастарға дәрігерлік көмек көрсетеді. Сөз реті келгенде айта кетсем, аурухана оңтүстіктегі ең ірі күре жолдың бойында жатқандықтан түрлі себеппен кез келген уақытта ауырғандар, апатқа ұшырағандар жеткізіліп, екі дүниенің арасында қалғандардың шыбын жанын алып қалу үшін оның кім екеніне қарамастан дәрігерлік антымызды адал орындаймыз. Одан кейін барып, құжаттары тексеріліп, заңға сәйкестендіріледі. Сондықтан, дәрігерлік антқа адалдық ақ халатты абзал жандардың басты міндеті болып саналады. Әрине, бұл көп салалы емдеу мекемесі болғандықтан ауруханамыз тек қана нейрохирургия саласымен шектелмейді. Нейрохирургиялық бес бөлімшеден бөлек инсульт¬ты емдеу бойынша екі бөлімше қызмет көрсетеді. Әлбетте, тұрғындарға кең көлемде медициналық көмек көрсетуді тереңдете айта түссем, базамызда нейрохирургиялық, гемодиализ орталықтары бар. Біздің міндетіміз өз елімізде мамандарымыздың күшімен өте күрделі ауруларды түрлі диагноздар бойынша тиімді емдей алатынымызды дәлелдеу болып табылады. Негізінен ауруханамызға ем¬делушілер мемлекеттік тапсырыс бойынша келеді. Қарапайым тұрғындар үшін өте қымбат әрі жоғары технологиялық емдеу болғандықтан емдеуді мемлекет қаржыландырады. Мысалы, ангиография арқылы нейрохирургиялық ота жасалып, мидағы жүйке жүйесін емдейді. Қазақы жалпақ тілмен айтқанда, ота жасау сәтінде шеке қақпағы алынбай түсірілетін рентген көрінісін пайдаланып, жіңішке әрі берік құралдармен хирургтар мидың астыңғы қабатындағы тамырларымен жұмыс істейді. Ортохирургияны алсақ, адамды ауруынан арылту үшін кесу оталары жасалған. Ал қазір бізде иықтағы тамырлардан артроскопия жасалады. Мысалы, кәсіби мамандар біліктілікпен науқасқа осы диагноз бойынша екі тесік жасаған соң науқас бірер күнде қолын қимылдата алатын болады. Әрине, нақты диагноз қойылмай емдеу мүмкін емес. Оңтүстік Астанадағы ірі зертхананың бірі болғандықтан мүмкіндігіміз мол. Жекелеген талдаулар бізде ғана жасалатындықтан өзге ауруханалардан да анализдер әкеліп тапсырып, қорытындысын алады. Ол компьютерлік томография, МРТ деп аталады. Біздің ауруханада орнатылған аппараттар 40 кесіндіге дейін жасай алады. Бұл патологияның әртүрлілігін дәлме-дәл анықтай¬тын мүмкіндік. Қаржы мәселесіне қайта оралсам, бұл емдеулер де мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатындықтан, біздің мамандар науқасқа қойылған диагноз қорытындысын алып, ауруханада жатып емделуге портал алған науқастар үшін тегін қызмет көрсетеді. Бұл туралы толық ақпарат интернет желісіндегі біздің сайтта жазылған. Жалпы, барлық жаңалықтар туралы біз жедел түрде сайт және Фейсбук.facebook.com/gkb7kz арқылы елді ме¬кендерді хабардар етіп отырамыз.

– Медицина ғылымдарының докторы, білікті маман ретінде науқастарға қызмет көрсету нәти¬жесі жайлы не айтасыз?

– Науқастарды емдеу саны – олардың емделу барысындағы нәтижесімен анықталады. Бұл, әрине, науқастардың ризашы¬лығынан көрінеді. Бос мақтаныш дұрыс емес. Дәл осы жерде тағы бір қайталап айтқым келетіні, емхананың сайтында «отзыв» айдарынан біздің дәрігерлеріміз бен мед¬бикелеріміздің, өзге де қыз¬меткерлеріміздің азамат¬тардың сырқатынан айығуына қалай кө¬мек¬тескенін науқастардың еш бүкпесіз жазған пікір-лерінен, алғыстарынан оқып таразылауға болады.

– Сіздер ең соңғы үлгідегі медициналық құрал¬дарда жаңа технологиямен жұмыс іс-тей¬сіздер. Науқастарды емдеу¬де озық тәжірибелеріңізді әріп¬тестеріңізге көрсетіп, бөлісу мүмкіндігі бола ма?

– Бұл жерде негізгі айырма¬шылықты нақты білу керек. Иә, кей жағдайда қандай да бір сыр¬қаттың емделуіне жаңа құралдың көмегі тиеді. Бірақ, бұл құралдарды дұрыс пайдалана білу, жазбаларын жете түсіну, сол оқығаны мен көргенін көкейіне түйіп, өзіндік ой бекіту керек. Біле білсек, бұл ең негізгі мәселе болып саналады. Құдайға шүкір, тынбай ізденіп, қойылған талапты орындай алғандықтан біздің қызметкерлеріміз жаңа құралдарда дұрыс жұмыс істей¬ді. Нәтижесі бірінші кезекте емдеу жұмысының қорытын-дысына байланысты болады. Осыған байланысты заманауи озық құралдармен емхананы қамтамасыз етуге зор мән беріп отырмыз. Әрине, бұл арада мүмкіндікке орай әрекет ететініміз анық. Көп жағдайда қолға алған ісіміздің сәті түсуде. Мысалға, ағымдағы жылдың мамыр айында жасанды бүйрек аппаратын жаңаладық. Бұл құралдар науқастар жағдайын бақылауға жақсы септігін тигізуде.

Ал екінші жағдай туралы айтсам – мамандардың уақытында білім деңгейлерін көтеруін тұрақты қадағалап отырамыз. Ол үшін шеберлік клас¬тары, конференциялар, семинарлар тұрақты өткізіліп тұра¬ды. Тәжірибелі мамандары¬мыз¬бен ақылдаса отырып, дамыған елдерге дәрігерлерімізді жібер¬ген¬ше танымал шетелдік дәрігер¬лерді шақырып, тәжірибе алмасып, үйренуді әдетке айналдыр¬дық. Бұл экономикалық тұрғы¬дан тиімді. Бір дәрігерге жібере¬тін қаражаттың орнына он¬даған дәрігердің білімін көтере¬міз. Әрине, өзге емханалар¬дан да әріптестерімізді шақы¬рамыз. Мұндай оқыту іс жүзін¬дегі семинарға ұласады. Қыз¬мет¬керлеріміз Еуропаның, Америка¬ның хирургтарымен тәжірибе алмасады. Мысалы, жақында ғана нейрохирург дәрігерлердің шеберлік сыныбы өтті. Бұл жолғы тақырып «Хирургиялық емдеу: мидағы аневризм» деп аталды. Шақырылған лекторлардың бірі Каунас қаласындағы Литва университетінің профессоры, доктор Аримантас Тамашаускас болды. Сондай-ақ, №4 нейрохирургия бөлімшенің меңгерушісі Ермек Дүйсенбеков және емха¬на¬мыздың бас нейрохирургы мен Астана, Атырау, Қызыл-орда, Тараз, Алматы қалала¬р¬ы¬ның дәрігерлері де келді. Теориялық лекциядан соң Ари-мантас Тамашаускас және Ер¬мек Дүйсенбеков мидағы аневризм клифированиясына бір-лесіп ота жасады. Шыны керек, дәрігерлеріміз білімдерін жетілдіруге ұмтылып тұрады. Жас дәрігерлер алдыңғы буынның өнегесін үйреніп қалуға талпынатыны қуантады.

– Аурухананы талапқа сай ұстап тұруда, еш тоқтаусыз жұмыс істеуінде өзіндік мәсе-лелер бар шығар?

– Әрине, қызмет түрін көбейту, құрал-жаб¬дықтарды молайту, дәрігерлер санатын өсіру секілді мәселелер барлық емдеу орындарының алдында тұрған жайт. Бұл №7 қалалық клиникалық аурухананы үстіміздегі жылдың алғашқы айынан басқа¬рып келемін. Маған дейін бұл жерде көп жұмыс істелінген. Сон¬дықтан, менің басты міндетім бар дәстүрді жаңашылдықпен жал¬ғастырып, білікті мамандар¬ды сақтап, ел игілігі үшін тер тө¬гулеріне мүмкіндік жасау. Әлбет¬те, бұл міндет сәтімен атқарылып келе жатқанын халық көруде.

Автор:
Әңгімелескен Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан»