Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МИНИСТРЛІК ІСКЕ КӨШТІ


22 апреля 2010, 22:34 | 1 827 просмотров



Денсаулық сақтау министрлігі балаларда «В» және «С» вирусты гепатитіне байланысты мәселелер бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған кешенді жүйелі шараларды орындау үшін мынадай міндеттерді шешу мақсатын қойды: өңірлердегі қан орталықтарын вирусты гепатиттердің ПТР-диагностикасына арналған зертханалық жабдықпен және вирус-инактиваторлармен жарақтандыру, медицина ұйымдарында қажетті трансфузиолог мамандар штатын енгізу, ауруханаішілік жұқпаны бақылау шараларын күшейту, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ жанында онкогематологиялық бөлімшесін құру және жарақтандыру, Астана және Алматы қалаларында онкогематологиялық диспансерлік кабинеттерін ашу, онкобластоздармен және вирусты гепатиттермен науқас адамдардың автоматтандырылған тіркелімдерін жасау, вирус-

ты гепатиттермен науқас адамдарды сабақтас емдеу алгоритмдерін бекіту, инфекционист және онкогематолог дәрігерлерді нау-

қас адамдарды сабақтас емдеудің замани стандарттары бойынша оқытып-үйрету, лейкозбен ауыратын балаларды, сондай-ақ «В» және «С» вирусты гепатиттерін жұқтырған барлық балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде барлық белгіленген жүйелі шаралар орындалуда: - ұйымдастырушылық және әдістемелік шаралар қабылданды; - альфа-2 а қысқа интерферондармен вирусқа қарсы терапиясы жақын арада басталады (3 мың орам препараттың бірінші партиясына сертификат 2010 жылғы 14 сәуірде алынды), мамыр айының соңына дейін вирусты гепатиттерді вирусқа қарсы құрама емдеу мәселесі интерферонды балалар рибаверинімен толықтыру есебінен шешілетін болады; - облыстық қан орталықтары үшін ПТР-диагностикасына, вирус-инактиваторларға арналған зертханалар сатып алуға және ересектер онкогематологиялық бөлімшесін цитогенетикалық талдауышпен жарақтандыруға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды (конкурстар 2010 жылғы сәуір айында өтеді). Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі республика аумағында лейкозбен ауыратын балаларға, сондай-ақ «В» және «С» вирусты гепатиттерін жұқтырған балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі жекелеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жүйелі шараларды іске асыру бойынша жұмыстарын атқаруда.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі 8 (7172) 74-31-37, 8 701 3113746, 8 700 335 76 05