Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жол үстіндегі сәтті сұхбат Немесе Университет қабырғасындағы ТЕАТР (әңгіме-сұхбат)


25 марта 2016, 11:45 | 2 205 просмотров


- Сәлем!

- Сәлем қыздар! Сіздер де қыздар мерекесіне арналған концертке ма?

- Иә, өте қызықты болатын сияқты.

- Сахна менің сүйікті орным. Ал көрермен болу одан да жақсы.

- Сахна деймісіз?

- Аха, театр...

- Театр! Мен театр қойылымдарын жиі тамашалаймын. (бағаналы үнсіз келе жатқан менің әңгімеге араласуыма себеп болған осы «театр» сөзі). Сахнадағы көрініс, ондағы актерлардың шебер ойнауы, сезімге толы сөздер, қимыл-қозғалыс, бастысы барлығын да жүректен жүрекке жеткізетін шығарма топтамасы өмірдің мәнін түсінуге сеп болатын сияқты.

- Дұрыс айтасың, театр ерекше күшке ие. Оның біз тәрізді студенттерге, сонымен қатар барша көрермендерге берері мол. Себебі, адам баласы өз басына түспейінше өзгенің халін байқай алмайды. Ал сомдалған шығармалар, ондағы кейіпкерлер арқылы сол жан кішкене де болса өмірден сабақ алады. Одан бөлек театрға қатысу арқылы микрофонсыз ойнағандыктан актерлар қатты әрі анық сөйлеп, жүріс-тұрысын бағамдап, өзін-өзі бақылап үйренеді.

- Қыздар, театр жайлы көп нәрсе біледі екенсіздер. Әңгімеге кірісіп, бір-бірімізбен танысуды ұмытып кетіппіз (ақырын ғана жымиып, қолын созған менің құрбым Жұлдыз болатын).

- Алима!

- Жұлдыз!

- Алима есімің әдемі екен! Менің есімім Аяужан!

Жолай Алиманың жолығуы «Жақсы адамдардың басы бір жолда түйіседі» дегенге саяды. Таныстықтан кейін сұхбатымызды әрмен қарай жалғастырдық.

- Сонымен, қандай театр, қай жерде, жетекшісі кім?

- Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университеті қабырғасындағы студенттерден құралған «Жастүлек» театры. Жетекшіміз Темірбаева Ғалия «Бикен Римова» атындағы драма театрының белгілі әрі беделді әртісі.

- Ааа, біз ол кісіні танимыз. Апайымыздың ойнаған рөлдері маған қатты ұнайды. Әсіресе Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» спектакліндегі ана рөлі, ана бейнесі.

- Басынан бастап айтып берші?

- Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне 2014 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығына оқуға түстім. Қоғамдық өмірге араласу ниетімен сол жылдың қыркүйек айында театрдың кастингінен өттім. Осы «Жастүлек» театрының арқасында ізденіс жылының біріншісі өте қызықты өтті. Театр сахнасында жүріп жетекшіміз Ғалия апайдан көп дүниені үйрендік. Дайындық барысында не түрлі жағдайлар болып, кейде мақтау сөздер естісек, кейде жіберген қателіктеріміз үшін сөгіс те естіп қалатынбыз. Сабақтан шыға сала түнге дейін дайындалып бір көріністі бірнеше рет қайталайтын кездер де болған. Бір жағынан театырымыздың жетістікке жетуіне жетекшіміз Ғалия апайымыздың дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол сілтеуде үлкен еңбегі бар болса, бір жағынан ол сол театрдағы жас студенттердің ізденісінің, барлығымыздың театрға деген сүйіспеншілігіміздің арқасы.

- Қандай рөлдердің бағы болдыңыз?

- 2015жылы 7-ші мамырда Тахауия Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» деген спектаклін қойған болатынбыз. Сол спектакльде 2 образды сомдадым. Соның бірі Алевтина Павловна деген, бір топ әйелдерді неміс әскерінен құтқарып өзін құрбандыққа шалатын, батыл, сабырлы орыс әйелі. Екіншісі шығармадағы басты рөльдегі Назираға елес болып жол сілтейтін Қамка әже.

- Ендігі ұжымдық жоспар қандай?

- Биылғы жыл театр үшін табысты жыл болатынына сенемін. Театрдың осы жылға жоспарлаған жақсы спектаклі бар. «Жастүлек» театрының құрамы көбейіп, жаңарып жатыр. Жаңа актерлар, жаңа идеялар. Бірақ оны уақыты келгенде білетін боласыңдар. Әзірше құпия.

- Жақсы, келесі сұрақ. Болашақта мамандығыңыз бойынша қызмет атқарамысыз, жоқ әлде, театрға нық қадам басасыз ба?

- Орынды сауал! Алайда бұл сұрақтың жауабы өзіме де белгісіз. Дегенмен кім болсамда театрға деген махаббатым ешқашан сөнбейтіні анық... Қыздар сіздер қателеспесем журналистсіздер ғой?

- Дәл таптыңыз. Әлі аяқтамасақ та мамандығымызды жақсы көреміз.

- Хм,хм. (тамағын сәл жөндеген құрбым Жұлдыз) Сұхбат соңында сізбен танысқанымызға қуаныштымыз, тамаша, әсерлі әңгімеңізге рахмет айтқым келеді.

- Иә, бұл кездесу бізді шынымен де сәтті сұхбатқа жолықтырды.

Автор:
Аяужан НҰРМОЛДА Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті журналистика мамандығы 4 курс білімгері