Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

САЛАНЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА


26 сентября 2014, 06:19 | 1 976 просмотров



Өткен аптада Алматы облысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастап, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен келді. Аймақ тыныс-тіршілігімен танысып, Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында болды. Үкімет мүшелері алдымен Достық үйінде облыс басшысы Амандық Баталов және аудан-қала, ауыл әкімдері, басқарма басшыларымен кездесіп, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады. Іс сапар барысында үкімет мүшелері Талдықорғандағы агротехникалық коледжде болып, өңірдегі білім беру саласындағы түйінді мәселелерге тоқталып, негізгі проблемаларды шешудің жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова өңірдегі денсаулық сақтау мекемелері жұмысымен танысты. Іссапар соңында Гүлшара Әбдіхалықова мен Тамара Дүйсенова Тіл сарайында аймақтың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Гүлшара Әбдіхалықова, Тамара Дүйсенова мен Аслан Сәрінжіпов ең алды- мен Достық үйінде облыс әкімі Амандық Баталовпен кездесу өткізді. Жиында аудан- қала, ауыл әкімдерімен, басқарма бас- шылары да қатысып, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Отырыста шалғай ауылдарда тұратын халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, әлеуметтік көмек көрсету турасында кеңінен сөз қозғалды. Жыл сай- ын Алматы облысында тұрғындардың саны артып, туу көрсеткіші де жақсарды. Адам санының көбеюіне байланысты медици- на мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне жүктелетін жұмыс арта түседі. Осы орай- да облыстағы негізгі мәселелер ретінде жұмыссыздықпен күресу, кедейшіліктің деңгейін төмендету. Сонымен қатар білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер талқыланды. Облыста «Балапан» бағдарламасының орындалуы өз деңгейінде жүзеге аспауы, дуалдық әдіспен оқыту бойынша кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеу маңыздылығы айтыл- ды. Сонан соң үкімет басшысының орын- басары аймақ ақсақалдарымен жүздесті. Бұл жерде зейнетақы жүйесін жаңарту, мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері әңгіме арқауына айнал-

ды. Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіхалықова ардагерлеріміздің Астана мен Мәскеу қалаларында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнайы өтетін мерекелік шараға қатысуына мүмкіндік жасалатынын айтып өтті. Әлеуметтік бағыттарды талқылап, негізгі мәселелерге бағыт-бағдар берілгеннен кейін Премьер-министр орынбасары және Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі аймақтың медициналық мекемелеріне барды. Гүлшара Әбдіхалықова мен Тамара Дүйсенова бірінші Ескелді ауданы, Қаратал ауылын- да жаңа пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияны көріп, жұмысымен таны- сты. Ауылдық жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету өте маңызды іс. Денсаулық сақтау жүйесінде ауыл медици- насын дамыту жалпы бүкіл саланың ілегері дамуына ықпал етеді. Сол себептен де сала басшысы Тамара Дүйсенова Қаратал ау- ылы дәрігерлік амбулаториясы қызметіне ерекше қызығушылық танытты. Алғашқы жедел жәрдем қызметі жақсы жұмыс істейді. Жедел жәрдем көліктері GPRS және арнайы байланыс қондырғысымен жабдықталған. Соның көмегімен дәрігерлер науқас жайлы мәліметтерді бірден аудандық ауруханаға бере алады. Он адам жұмыс істейтін емдеу мекемесінде тұрғындарды электронды тіркеу жүзеге асырылған. Бұл қызмет сапасын ми- нистр Тамар Дүйесенова өз куәлігі арқылы

тіркеліп, тексеріп көрді. Ауылдық амбула- ториядан кейін үкімет мүшелері Ескелді ау- даны орталық ауруханасына бағыт алды. Бұл аудандық аурухана алғашқылардың бірі болып компьютерлік жүйемен жұмыс істеуге көшкен. Заманауи талапқа сай тұрғындарды электронды тіркеу жұмысы нәтижесін беріп келеді. Аудан орталығы ауруханасында үкімет мүшелері алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, скринингтік тек- серу, отбасы жоспарлау кабинеттерінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, лауазым- ды меймандар орталық аурухананың жас

мамандарымен тілдесті. Соңғы жылдары аудандық ауруханаға жас мамандарды тарту жұмысы жолға қойылған. Аудандық аурухана жас мамандар үшін мол тәжірибе жинауға өте қолайлы болмақ. Ескелді ауданы медицинасының жай-күйімен танысқаннан кейін, сала басшысы және премьер-министрдің орынбасары Облыс орталығына беттеді. Талдықорғанда олар «Нұр-Авиценум» медициналық орталығы және Облыстық Кардиологиялық орталыққа

барды. Денсаулық сақтау саласында жеке меншік медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай- ақ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мүмкіндіктері медициналық қызмет сапасын көтеру жолдарының бірі. Осы орайда «Нұр- авиценум» медициналық орталығының жұмысы үкімет мүшелерін қызықтырды. Мекемеде халыққа амбулаториялық және диспансерлік медициналық көмек көрсетумен қатар, заманауи техникамен жабдықталған гемодиализ бөлімі де жұмыс істейді. Гемодиализ халыққа қолжетімді болу үшін бюджеттен қомақты қаражат

бөлінеді, яғни, жеке-меншік медициналық орталықтар қарапайым халыққа бүйрек жетіспеушілігін емдеуде мемлекеттік ме- кемелермен қатар жұмыс істеуде. Гемо- диализ бөлімінде бүйрек қызметін рет- теуге арналған аппараттар мен қатар, бауыр қызметін реттейтін аппаратта жұмыс істейді. Бұл теңдесі жоқ аппарат Қазақстан бойынша бүгін тек осы орталықта ғана бар. Сонымен қатар, орталықта шетелдік ма- мандармен тәжірибе алмасу процесстері де атқарылып, өз нәтижесін беруде. «Нұр- Авиценум» орталығы өз бетінше Герма- ниядан тәжірибелі маманды шақырған. Үкімет мүшелері Германиядан келген ма- ман, медицина ғылымдарының докторы Вольфганг Румпфпен тілдесті. Шетелдік ғалым еліміздің медицинасының дамуын қуана айтты, сондай-ақ ол медициналық орталықтағы замауи құрал-жабдықтардың науқастарға ем көрсету сапасы әлемдік стандарттарға сай атқарылатын білдірді.

Сала басшысы Тамара Дүйсенова Талдықорған қаласында осындай әлемдік стандарттарға сай емдейтін, Астанадағы медициналық орталықтардан кем емес ме- кеме барына таңғалғанын жасырмады. Ми- нистр жеке меншік медициналық мекеме- лер мен мемлекеттік серіктестікті күшейту маңыздылығын тілге тиек етіп, болашақта орталық жұмысына мемлекет тарапынан қолдау болатынын айтты. Келесі кезекте лауазымды қонақтар Ал- маты облысы үздік медициналық мекемесі саналатын Облыстық Кардиологиялық орталығына барды. Әлемдік стандарттарға және заман талабына сай кардиохиругиялық аппараттарымен жабдықталған орталықта 173 маман жұмыс істейді. Орталықта бүгін күрделі кардиохирургиялық ота түрлері жа- салады. 2013-2014 жылдары 1415 корона-

роангиография , 624 стенттеу және жүрекке 183 ашық жасалып, 33 электрокардиости- мулятор қойылған. Жүрек қан-тамырлар аурулары бүкіл әлем бойынша дендеп, кең етек жайған ауру түрі еді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 2011 жылғы дерегіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 55 миллион адам көз жұмса, ЖҚА салдарынан жаһанда 17,3 миллион адам мерт болған. Бұл барлық өлім-жітім жағдайларының 30%-ын құраған екен. ДДҰ-ның болжамы бойынша 2030 жылға қарай 23,3 миллион адам ЖҚА- нан бақилық болады. Бұл қорқынышты болжамдардың алдын-алу үшін бүкіл әлемде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда да ЖҚА-ның алдын алу, және оның салдарынан орын алатын өлім-

жітімді азайту үшін қарқынды жұмыстар атқарылды. Еліміздің ірі қалаларында ғана емес, әр облыста кардиохирургиялық орталықтар сапалы қызмет атқарады. Рес- ми деректерге сүйенсек, аймақтағы өлім көрсеткіші 4 жылда 47,1 пайызға төмендеді. 2009 жылы ЖҚА-ның көрсеткіші мың адамға шаққанда 3644,5, өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 419,3-ті құраған еді. Сырқаттанудың алдын алу мен жүйелі жүргізілген емдеудің нәтижесінде бұл көрсеткіш 2013 жылы 100 мың адамға шаққанда 189,4-ға дейін азайған. Бұл Талдықорған қаласындағы облыстық кардиологиялық орталық мамандарының халық денсаулығын сақтауда істеген жұмысы нәтижесінің бір көрінісі ғана. Сала басшысы Тамара Дүйсенова мен үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова кардиологиялық орталық ұжымының нәтижелі еңбегіне оң бағасын берді.

Үкімет мүшелері сапар соңында Тіл сарайында облыстың медицина ма- мандарымен кездесу өткізді. Кездесуге облыстағы медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері бас қосты. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Маралбек Мейірбеков аймақ денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселелері жай- ында баяндады. Облыстың бас дәрігері аймақтың медицина саласында орын алған оң өзгерістерге тоқталып өтті. Оның ішінде, Маралбек Біліспекұлы облыстағы өлім-жітім көрсеткішінің төмендегенін алға тартты, жыл сайын аймақ денсаулығына бөлінетін қаражат санының да ұлғайып отыратынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол облысқа жас мамандарды тарту мәселесіне тоқталып, соңғы төрт жылда аймағымызға жұмыс

істеуге 300-ге жуық жас дәрігерлердің келгенін айтып, облыста жаңа медициналық мекемелер салынып, халық игілігіне пайдалуға берілгенін алға тартты. Аймақ денсаулық сақтау саласымен етене таныс болғаннан кейін үкімет Тамара Дүйсенова бір күндік жұмыс сапарының қорытындысын айтты. Ең алдымен Тамара Босымбекқызы Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің біріктіріліп, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігіне біріккенімен аймақтың денсаулық сақтау басқармасы қызметі бұрыңғы қалпында атқарылатынын айтып өтті. Сөйтіп, жаңа құрылған министрліктің басшысы көпшілік ойында болған сан-алуан күдікті сейілтті. Сондай-ақ, Салидат Зекенқызы Қайырбекова бұрыңғыдай республиканың

бас дәрігері қызметінде қалатынын айтты министр. Негізінен облыс дәрігерлері және үкімет мүшелері бас қосқан жиында «Сала- матты Қазақстан» бағдарлмасының оры- ныдалу назарға алынды. Республика бой- ынша өлім-жітім көрсеткіші төмендегенімен ауруханаларға ауыр халде шұғыл түсетін науқастардың саны азаймай тұрғанын алға тартып, министр аурудың алдын алу, яғни Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің жұмысы әлі де өз дәрежесінде еместігіне тоқталды. Сондай-ақ, Тама- ра Босымбекқызы биыл «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аяқталатынын жеткізді. Осыған байланысты жіберілген кемшіліктермен жетістіктерді саралай келе жаңа жоба жасалатынын, 2020 жылға дейінгі бағдарламада өңірлік дәрігерлердің ұсынысы негізге алынады. Сол себептен де министр медицина саласы қызметкерлерін жаңа жобаға белсене араласуын шақырды. Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау са-

ласында әлі қыруар жұмыс атқарылу тиістігін тілге тиек етіп, ана мен бала өлімі көрсеткішін азаймай тұрғанын әлеуметтік жағдайымыздың нашарлығының көрінісі екеніне тоқталды. Министрлік блогы- на дәрігерлер дөрекілігіне байлынысты және дұрыс ем жасамау негізінде арыз- шағымдардың көп келетінін айта кетті сала басшысы. Премьер - министрдің орынбаса- ры Гүлшара Наушақызы өз кезегінде денсаулық сақтау қызметкерлері алдында қыруар жұмыс атқарылатын алға тартып, қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қағидаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру басты назарда екенін айтып өтті. Жүйе алғашқы медициналық көмек

деңгейінде қызмет сапасын арттыруды қамтамасыз етуге қажетті емханалар ара- сында бәсекелестік орта қалыптастырады. Сондай-ақ, алғашқы медициналық- санитарлық көмек мамандары үшін жан басы нормативіне ынтыландыру компонентін енгізу жұмыстары жалғасуда. Гүлшара Әбдіқалықова денсаулық сақтау жүйесі органдары қызметіндегі оң нәтижелерді атап өте отырып, жергілікті атқарушы ор- гандар шешуі тиіс бірқатар мәселелерді алға тартты. Үкіметтік делегация тұрғындарға уақытылы және сапалы көмек көрсету, медициналық көмекке теңдей қолжетімділікті қамтамасыз ету және қала халқын әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар жүктеді.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА, сурет: Айгерім ТҰРҒАНБАЕВА.