Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫМЫЗҒА ПАТЕНТ АЛҒАН НЕМІСТЕР ЕМЕС – МЕН!


26 сентября 2014, 05:58 | 3 048 просмотров



Отандық бұқаралық ақпарат құралдары «алты мың жылдық тарихы бар қазақтың қымызын неміс жұрты патенттеп алды» деп жарыса жариялағаны мәлім. Біз Германияға барған сапарымызда «қазақтың бал сусынын иемденіп алды» деген мәселенің мән-жайын барынша білуге тырыстық. Қазақтар бас қосқан бір жиында неміс аза ма ты ның қымыз сатып тұрғанын көріп, жоғарыдағы ақпарат «рас екен-ау» деп топшылағанбыз. Бі рақ Бер- лин қаласында «Жылқы шаруашылығының экологиясы мен экономикасы» бойынша зерттеу жүргізіп жүрген ғалым Айтуған Мұқашевтың «Қымызға патент алған немістер емес – мен!» деген сөзінен кейін көңілге бір үміт оянғандай болды. Ал мәселенің анық-қанығы қандай? Әңгіменің ақиқатын білу үшін жылқы шаруашылығын зерттеуші кәсіпкермен сұхбаттасудың сәті түсті. Бірақ Берлин қаласында «Жылқы шаруа- шылығының экологиясы мен экономикасы» бойынша зерттеу жүргізіп жүрген ғалым Ай- туған Мұқашевтың «Қымызға патент алған немістер емес – мен!» деген сөзінен кейін көңіл ге бір үміт оянғандай болды. Ал мәсе- ле нің анық-қанығы қандай? Әңгіменің ақи- қатын білу үшін жылқы шаруашылығын зерт теуші кәсіпкермен сұхбаттасудың сәті түсті. – Германияда менің қорғаған жұмысым «жылқы шаруашылығының экономикалық және экологиялық тиімділігі» деп ата- лады. Ақиқатында, Германияда зерт- теп жүрген жұмыс барысында тиімді бір дүние айта алсаң, оны бір айдың ішінде өндіріске енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

Шикізат алып, өндіріс орнын тауып ғылыми жұмысты жүргізуге рұқсат бар. Барлық лабороториялық жұмыстың шығынын уни- верситет көтереді. Алғашқы жоба биенің басын көбейту және алынған сүтті арнайы құрылғы арқылы кепт іру сабын, сабынсу, балаларға арналған дәрі лер және тағы басқа жеті түрлі өнім жасауға арналды. Германия- да атасынан бері жылқы шаруашылығын кәсіп қылған Ганс Цольман есімді азамат бар. Сол кісінің шаруашылығына ғылыми- зерттеу жүргіздім. Бірақ мен ол жақта толыққанды өндіріс аша алмаймын. Соль- ман екеуміздің бірге шығарған өнімдер Германиян ың да, менің де иелігімде. Патент – белгілі бір өнертабысқа беріледі. Бұл болашақта артық қаражат әкелуі мүмкін дегені болмаса, асқан пайдасы жоқ. Мәселен, ауылшаруашылық университетін бітіргеннен кейін жылқы шаруашылығы экономикасынан қорғадым. Сосын қымыз жасауды қолға ал дым. Қарағанды облы- сында қымызды бір жыл ға дейін сақтауға болады. Мен осы бір жылдық қымызды өндіріске енгізіп, патент алдым. Бірақ бұл – менен басқа адамға қымыз шығаруға бол- майды деген сөз емес, ақылға сыймайды да. Себебі үш күндік, бір айлық қымыз бар. Біреу құмырада, яки шыны ыдыста, басқасы қалбырда немесе бөтелкеде шығаруы мүмкін. Менің қазіргі атқарып жатқан жұмысым арқылы бәлендей жаңалық аш- тым деп айта алмаймын. Себебі қымыз жа- сау жолы – ата-бабамыздан мәлім дүние. Мәселен, қымыздан жасалатын сабын, бетке арналған крем, балаларға арналған суда еритін дәрілер және тағы басқа өнімдерді өндіріске енгізу жұмыстарын жалғастыруда мыз. Міне, осындай өнімдерге патент алуға болады және бұл жұмыс белгілі бір ғылыми институт жанында іске асуы керек. «Немістер қымызға патент алды» деп шулаған өзіміз 2011 жылы Германияда жылқы кәсібімен айналысатын Ганс Цольман есімді аза- мат Қа зақстанға келді. Бірақ журналистер тарапынан «бұл кісі кім?», «Қазақстанға не себепті кел ді?», «кім шақырды?» де- ген сұрақтар неге қойы лмады?! Барлығы дерлік «Сіз қымызға патент алып алған екенсіз?» дегеннен аса алмады. Германия ешқандай шығарған, ойлап тапқан дүниесін патенттемейді. Патент мәселесі дамушы мемлекеттердің әдеті. Әсіресе, Қытай елі шығарған дүниесін басқа біреу ұрлап не- месе иемденіп алмауы үшін бірден па- тенттеуге жанталасады. Себебі біреудің шығарған дүниесін екінші біреудің емін-еркін иеленіп алуы қалыпты құбылыс ол жақта. Немістерге ренжитін жөніміз жоқ. Бүгінде

Германияда бие сүтінен жасалып жатқан сабын, сабынсу, ұнтақ және тағы басқа қолданысқа қажет дүниелер Еуропаның Австрия, Голландия, Франция сынды өзге мемлекеттерінде де шығарылуда. Гер- манияда қымызды денсаулыққа пайдалы деп ішпейді. «Денсаулыққа пайдалы» деп тұтыну үшін, ғылыми тұжырымдамасы, пай- даланылуы туралы рецептері болу керек. Ол жақта қымыз тек сусын ретінде пай- даланады. Сольман шығарған қымыздың қорабына «денсаулыққа пайдалы» деп жазғаны үшін үлкен көлемде айыппұл салған. Себебі Германияда қымызд ың пайдасы ғылыми дәлелденген жоқ. Ал денсаулыққа үлкен жауапкершілікпен қарай- тын неміс жұрты үшін қымыз пайдалы екенін, қырық дертке ем екенін дәлелдеп берсең, ол жақтағы бие сүтінің сатылы-

мы бірден өсетіні анық. Бастапқыда күніне жүз литр бие сүтін алып, сусын және ұнтақ ретінде сатып жүрген неміс кәсіпкері, бүгінде алты жүз литрге жуық сүт алады. Бірақ сүт пен ұнтақтың өтімі баяғы қалпында. Сол себепті Сольман бие сүтінің пайдалы екенін дәлелдеу үшін, қазақ ғалымд арымен бірігіп жұмыс істеу туралы ұсыныс жасады. Осы мақсатта Хан Сольманды Қазақ станға шақырдым. Немістің «қазақ қымызына па- тент алу» мәселесі ойына да кіріп шықпаған еді. Сольманның Қазақстанға сапарының мақсаты – біздің профессорлармен бірігіп, қымыздың денсау лық қа пайдасын зерттеу. Кеңес үкіметі кезінде қымыздың пайдасы ғылыми негізде біраз зерттелген. Бірақ бе- кітіл меді. Біз осыны қайта жандандыруымыз қажет. Бие сүтіне қатысты ғылыми тақырып- тарды профессорларға беріп, лаборотория- ларда қайта зерттеп, ғылыми негізде пай- далы еке нін дәлелдеу және бекіту. Ол үшін ғылыми зерт теу институтын ашу керек. Институт ашу – біздің түсінігімізде бекіп қалғандай үлкен ғимарат салу емес. Бір кеңседе ғана ғылыми-зерттеу институтының

менеджері өз қызметін атқарып отыруы мүмкін. Қалған лаборо ториялық зерттеу жұмыстары институттардың өзінде жүзеге асады. Мәселен, асқазан және ішек ау- руларын зерттейтін институт, балалар тағамтану институты, туберкулез дертін зерт теп жүрген институт және тағы басқа институт профессорларының көмегіне жүгінуге бола ды. Ғылыми-зерттеу инсти- туты зерттелетін тақыр ыптардың барлық қаржылық шығынын қамтамасыз ететіні себепті, сол жаңалық тардың иесі болып табылады. Осыдан кейін барып қажет дүниеге патент алуға болады. Десек те, адам күнделікті тұтынатын суды па тентт ей алмайтыны секілді, бүкіл қымыз атаул ыға патент аламын дегені – ақымақтық. Бі реу қымызды күбіде, екіншісі шыны ыдыста, үшінші біреу капронда ашытуы мүмкін ғой. Әріге кеткенде ашыту жүйесін ғана патенттей аласың. Мейлі қазақ, мейлі неміс болсын, тек белгілі бір өнертабысқа, яки тауар белгісіне патент алуға құқылы. Бүгінде немістермен біріге отырып ғылы ми-зерттеу ин- ституты ашылды. Біз мұндай институтты Германиясыз да ашуымызға болады. Қымызды зерттеу 50 жылдардың бас ы мен 80 жылдардың ортасына дейін жүр гізілді. Бірақ Германияда бұл тұрғыда тәжіри бе мол. Оны бізге 5 жылдың ішінде үйреніп алуға болады. Оның үстіне бізде бие өрісте жайылады. Сондықтан біздің қымыз дәмі мен табиғилығы жағынан асып түседі. Қазір ғалымдар еуропалық әдісті қолдана отыра, қымызды әлемге та- нымал етуге ниетті. Бірігіп ашқан себебіміз, неміс жұрты біршама тех нологияда жетіліп қойған мемлекет. Қолда ныста бар техно- логияны қайтадан ойлап жату қажет емес. Бұл – бір. Екіншіден, дүние жүзінде Германия – сапаның белгісі екенін жасырын емес. Оның үстіне кез-келген мемлекеттің стандарттары- нан өтсең де, Германия қабылдамай жата- ды. Аталған елдің стандарт белгісі қай мем- лекетте де беделге ие. Яғни маркетингтік жүрістің бір түрі. Біздің көздеп отырған нарық еуропа болуы себепті, сол мақсатқа Германия арқылы жол ашамыз. Экспортқа шығу үшін ең алды мен, біз өнімді зерт- теп, оның қауіпсіз екен дігіне әлемнің көзін жеткізуіміз керек. Бір лескен ғылыми инсти- тутта біз осы саланың нағыз мамандарын дайындай аламыз. Өнімге сертификат бере аламыз.

Автор:
Айдана НҰРМҰХАН