Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДӘРУМЕНДЕР МЕН МИНЕРАЛДАР- ҚОРҒАУШЫЛАР


27 июня 2014, 06:15 | 7 489 просмотров


Дәрумендер мен минералдар заттардың

адам ағзасы үшін маңызы зор. Көзге көрінбейтін

ағза үшін атқаратын жұмысы үлкен. Бірақ, осы

микронутриенттердің біршама жеткіліксіздігі

денсаулықтың бірден төмендеуіне алып келеді.

Өмірдің заманауи тұрмыс тіршілігі жасырын

ашығуға қолайлы жағдай туғызады. Жасырын

ашығу қалай пайда болады? Және одан қалай

құтылу керек?

Микронутриент деп аталған витамин-

дер мен минералдардың тәуліктік доза-

сы 100 грамнан 10 граммға дейін болады.

Әрбір грамы ағзаның өмір сүру қабілетін

арттырып, алмастырылмайтын роль

атқарады. Дәрумендер, мен минералдардың

жеткіліксіздігі ауруды шақырады, яғни авита-

миноз бен аэлементоз туындайды. Мысалы,

С дәруменінің жеткіліксіздігі қырқұлақ, бери-

бери, пеллагра ауруының өлім жағдайына

алып келсе, ал Д дәруменінің жеткіліксіздігі

рахит ауруына әкеледі. Қазіргі таңда балалар

мен ересектерде микронутриенттердің сәл

ғана жетіспеушілігі байқалады яғни гипови-

таминоз және гипоэлементоз туындап отыр.

Әр дәрумен мен минералдың ағзада бірнеше

атқаратын функциялары бар, сондықтан,

солардың біреуі жеткіліксіз болса, міндетті

түрде ауруға алып келеді.

Өмір кілті

Ағзаның өмір сүру кезеңі – клетканың

бөлінуі, өсуі, ас қорыту жүйесі, сезім

мүшелерінің дамуы- ферменттердің

қатысуымен жүзеге асады екен. Бұл

ақуызды молекулалар физиологиялық және

биохимиялық реакцияларда белсенді жұмыс

атқарады. Ферменттер –оталдырушы ретінде

қызмет атқарып, яғни жұмыс қабілетін

күшейтеді.

Қорғаушылар

Зат алмасу кезінде ағзада бос радикалдар

пайда болады. Бұл өте белсенді биомолеку-

лалар, яғни молекулалар қосылыстарының

бұзылып бос радикалдарға айналуы. Кейбір

дәрумендердің осы бос радикалдардан ағзаны

қорғайтын қасиеті болады. Бұл дәрумендер

антиоксиданттар деп аталады. Мысалы

антиоксиданттарға Е дәрумені және селен ми-

нералын жатқызуға болады.

Бақылау құрылғысы

Кейбір дәрумендер про-гормон болып та-

былады. Олар ағзада гормондық белсенділік

танытады. Мысалы, А және Д дәрумендері про-

гормондар олар гендік құрылымды басқарады.

Ғалымдардың зерттеулерінше Д дәрумені

2000-ға жуық генді бақылайды екен, ал ағзада

30 000-ға жуық ген болады. Өзіміз білетіндей

әрбір тірі ағза өзіндік генімен анықталады.

Созылмалы гиповитаминоз көптеген қауіпті

ауруларға алып келеді.

Бір топтың ойыншылары

Ағзада әрбір микронутриент бір-бірімен

біріге отырып жұмыс атқарады. Егер бір өзі

ғана қандай да бір жұмыс атқарса ағзаға зиян

келтіруі мүмкін. Мысалы, фолий қышқылының

толыққанды жұмыс атқаруы үшін С және

В12 дәрумендері қажет. Ал Е дәрумені С

дәруменімен міндетті түрде бірге жүруі қажет,

себебі Е дәруменінің антиоксиданттық қасиеті

жойылады.

Бос тазарту

Микронутриенттердің жеткіліксіздігінің

негізгі себебі- дұрыс тамақтанбаудан туындай-

ды, сонымен қатар технологиялық өңдеуден

өткен тағамдар қолдану. Жоғарғы сортты

ұн өндіруде бидайды қабығынан тазарта-

ды, ал дәл осы сәтте бидайда минерал мен

дәрумендер көп болады екен. Осы өңдеуден

кейін ұнда 75%, 90% -ға дейін пайдалы

қосылыстар жойылады екен. Қазақстандық

өндірушілер бидай ұнын дәруменді-

минералдық қоспалармен байытуда. Бұл

ұсыныс Қазақ Тағамтану академиясының

ғалымдарымен ұсынылған болатын. Әрине,

дәрумендер мен минералдармен байытылған

ұн қолдану әрқашанда пайдалы.

Технологияның сарқылуы

Микронутриенттердің негізгі көздері :

көкөніс, жеміс, дәндер, жаңғақтар, дәнді

дақылдар қанықпаған өсімдік майлары, табиғи

жануар өнімдері. Бірақ, зерттеулердің пай-

ымдауынша кейбір өсімдіктектес өнімдерінде

микронутриенттер өте аз болады,олардың

бірнеше себептері бар.

Нәрлілік

Ауадан, жарықтан және жоғарғы темпера-

турадан ұзақ сақтау мен тағамдық өңдеуден

өткенде көптеген дәрумендер мен минералдар

бұзылады. Әсіресе, В және В1 дәрумендері

тұрақсыз болып келеді. Кейбір микронутриент-

тер бір-бірімен антогонистік қарым-қатынасқа

түседі. Мысалы, А дәруменінің мөлшерден тыс

көлемі Д дәруменінің қабілетін төмендетеді де

остеопорозға әкеледі. Кальцийдің мөлшерден

артық түсуі теміртапшылықты анемияны

туғызады. Дәрумендер мен минералдық пре-

параттарды ретсіз қабылдау микронутриентті

жеткіліксіздікке жетелейді.

Қамтамасыздыққа кедергі

Асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс

істемеуі микронутриенттердің сіңімділігін

бұзады. Жасырын ашығудың жағдайын бол-

дырмас үшін асқазан-ішек жолдарын гастро-

энтеролог емдеп, ретке келтіру керек. Кез-

келген жағдайда ағзаның аурулық процесі

салдарынан ағзада дәрумендер мен минерал-

дар шығыны ұлғаяды, ал жұмыс нәтижесінде

төмендейді. Сонымен қатар гиповитаминоз

ауруы күшейе түсіп, ауруды емдеу нәтижесін

қиындатады. Осыған байланысты әр-бір

сырқатты емдеу үшін дәруменді-минералды

қамтамасыздық қажет. Мысалы, дисбак-

териоз ауруы да дәруменді –минералды

жеткіліксіздіктен пайда болады. Ішектегі нор-

мофлора өсімдік клетчаткасында жақсарады,

яғни, жеміс, дәнді дақылдар, ашытылған капу-

ста, сүтқоректі өнімдерде сүтқышқылды бакте-

риялар болады олар ішекте мекен етеді.

Сенімді көздер

Дәрумендер мен минералдар жаңа піскен

көкөністер мен жемістердің сіңімділігіне

көмектесетін заттектердің айналасында

болады.С дәрумені флавоноид деген атаумен

қарақат, лимон, итмұрын сияқты жидектер-

де болады. Сондықтан ас үлесі органикалық

жолмен өсірілген жемістер мен көкөністерге

бай болу қажет. Әр адам өз тағам мөлшерін

қадағалау қажет. Қыс, көктем мезгілінде тағам

өнімдерінің құрамында микронутриенттер

өте аз болады. Мамандар, осы кезеңдерде

қосымша поливитаминді минералды кешендер

қабылдауға кеңес береді. Табиғи дәруменді-

минералды кешен, яғни, сенімді өндірушілер

өндірген дәрумендік препараттарды

қабылдаған дұрыс болады. Алайда дәрумендік

препараттардың жоғары сапалы синтетикалық

таблетка түрінде және сұйық поливитаминді-

минералды қосылыстар түрінде қабылдау өте

қолайлы.

Кез-келген жағдайда, дәруменді-

минералдық кешендерді тағам ретінде

қолдануға болмайды. Ең керемет де-

ген дәруменді-минералды кешен дұрыс

тамақтанудың ережесінің бұзылуын реттей

алмайды. Керісінше, дұрыс ұйымдастырылған

тағаммен дәрумендік-минералдық қоспаларды

үйлесімді қабылдау еліміздегі көптеген қатерлі

ауруларды жоюға көмектеседі. Әсіресе,

балалар, жүкті әйелдер мен ұрпақ өрбіту

жасындағы әйелдер, бала емізетін әйелдер,

дүниеге дені сау бала алып келем дейтін

әйелдерге өз тағам рационын нутриенттермен

байытуы қажет.

Автор:
Гауһар ДАТХАБАЕВА, Қазақ тағамтану акдемиясы; Асем турысбекова, Ұлттық салауатты тағамтану Орталығы