Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІ КӨЛЕМІ 3 ЕСЕГЕ АРТТЫ


25 апреля 2014, 10:15 | 2 426 просмотров



2013 жылдың қорытындысында отандық өндірушілер жалпы сомасы 33,5 млрд. теңге болатын дәрі-дәрмек өндірді. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3 есеге не¬месе 10 млрд. теңгеге артық. Өнімнің заттай көрінісінде ол 37% құрайды. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Республика¬сында фармацевтикалық өндірісті дамы¬ту бағдарламасының орындалу барысы¬на» арналған отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы С.Мусинов мәлімдеді.Бірегей дистри¬бьютор өткен жылы сатып алған дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың ішінде отандық өнім үлесі жалпы көлемнің 76%-на жетті.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекті сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасаудың жаңа кестесін әзірледі .Бірегей дистрибьютор дәрілік-құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу жөнінде 14 отандық өндірушімен 15 ұзақ мерзімді келісім-шарт жасады. «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ бастамасымен қазіргі уақытта «СК-Фармация» ЖШС бес отандық өндірушімен арадағы келісім-шартты бұзып, ол келісімдерді сот күші жоқ деп таныды.

Аталған мәселені шешу үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы базасында жұмыс тобы құрылып, құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «СК- Фармация» ЖШС және отандық өндірушілердің өкілдері кірді. Отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасаудың жаңа кестесін әзірледі. Техникалық- э к о н о м и к а л ы қ негіздемесін және б и з н е с - ж о с п а р ы н бағалаудың баллдық жүйесі енгізілді. Осы шараның барлығы отандық өндірушілермен жаса¬латын ұзақ мерзімді келісімдер бойынша дәрілік құралдар және медициналдық мақсаттағы бұйымдарды са¬тып алудың ашықтығын қамтамасыз ететін болады.

Айта кететін тағы бір жайт, Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс кәсіпорындарында «Тиісті өндірістік тәжірибе» (GMP) халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда дәрі- дәрмек өндіретін 42 кәсіпорынның ішінде 2 өндірушінің 4 өндірістік учаскесінде GMP стан¬дарттарына сәйкестігі туралы келісім бар. Со¬нымен қатар, 18 өндіруші осы халықаралық стандартқа ие болуды жоспарлап отыр. Қазір олар бұл бағытта үлкен жұмыстар атқаруда: жаңа ғимараттар салып, ескілерін қайта жаңғыртуда, мамандарын оқытуда және т.б. Халықаралық мамандарты тарта отырып, ұлттық инспекторатты әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін республикада мемлекеттік органның 200-ден астам маманы оқытылды.

Қазақстанның фармацевтикалық ин¬спекция ынтымақтастығының халықаралық жүйесіне (PIC/S) қосылу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылғы наурызда Қазақстан халықаралық жүйеге өтініш беруші дәрежесіне ие болды.

Автор:
ҚР ДСМ баспасөз қызметі НАЗНАЧАТЬ ЛИ ПАЦИЕНТУ