Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ХАБАРЫ САЛЫМШЫ МЕН БАНКТІ ӘБІГЕРГЕ САЛДЫ


24 февраля 2014, 07:35 | 3 253 просмотра



Әлеуметтік желіде «Қазақстандағы үш банк банкротке ұшырау алдында тұр» деген сыбыс та¬расымен мазасы кеткен салымшылар банктерге жүгірді. Бұл оқиға әлеуметтік желілердің жұртқа ықпалын байқатты.

Екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің бірінде кезекте тұрғандар. Алматы, 19 ақпан 2014 жыл.

«ҮШ БАНК БАНКРОТ БОЛАДЫ»

Жүздеген адамның әбігерге түсіп, жинақтағы салым ақшасын қайтарып алуға банкке жүгіруі үшін әлеуметтік желіге жазылған бірнеше жол сөйлем жеткілікті болып отыр.

18-ақпан, сейсенбі күні Қазақстанның үш банкінің салымшылары жинақ қорындағы ақшаларын тезірек шешіп алуға асықты. Өткен аптада аяқ астынан нтеңгенің 19 пай¬ыз құнсызданғанына жүйкесі жұқарып жүрген жандарға WhatsApp арқылы келген хабарлама тез әсер етті. Онда Қазақстандағы екінші деңгейлі үш банк - Каспий банк, Альянс және ЦентрКре¬дит банктері банкротке ұшырайды деп жазылған.

Бірнеше сағат ішінде Алматы мен Астанадағы банк кеңселері алдында үлкен тобыр жиналып қалды. Олар тұрақты валютамен ашылған шоттағы қаржыларын қайтаруды талап етті. Таң қалған банк қызметкерлері талапты орындаудан бас тартқанда, мекеменің құрдымға кететіні туралы қауіп тіпті ұлғайды.

Тек банктің бірі сыбыстың жалған екенін айтып, «соны таратқан адамды тапқан жанға 500 мың АҚШ долларын берем» деген соң ғана байбалам басылды. Оқиға тез шешімін тапса да, банктер оны жылдам ұмыта алмас. Осы жағдай қаржылық институттардың әлеуметтік желідегі арандату¬шылар үшін тиімді нысана екенін дәлелдей түсті.

Банкте депозитте жатқан ақшасын қайтарып алу үшін кезекте тұрғандар:

Лондондағы экономика мектебінің журналистика бойынша профессоры Чарли Беккет әлеуметтік желілерді бақылайды: «Адамдар әлемге әлеуметтік желілер арқылы ықпал ете аламыз дегенге сеніп алды. Әрине, біз сол ықпалға берілеміз, себебі желіге кірген адам ақпарат алуға, өзгелерден бұрын хабарлануға ұмтылады. Қаржылық және банк қызметтері өсек пен сыбыстың соққысына өте сезімтал».

АРАНДАТУШЫЛАР МЕН АҢҒАЛДАР

Қазақстандық үш банк бұндай сыбыстың алғашқы құрбандары емес. 2011 жылы Латвиядағы швециялық Swedbank осындай жағдайды бастан өткерді. Twitter бетінде «банк Эстония мен Швеци¬яда тарап кетті, құқықтық мәселелерге тап болды» деген хабар тараған соң 10 мыңдаған салымшы бір күнде 14 миллион еуроға жуық ақшаны шешіп алған. АҚШ-тағы Крейглист (Craig’s list ) 2009 жылы Калифорниядағы банк салымшыларын әуреге сал¬са, 2012 жылы Бирманың әлеуметтік желісіндегі хабарлама Янгон банкіне халықтың жанталасып жүгіруіне себеп болды.

Бұндай шабуылдың себебі әртүрлі. Кейбір жағдайда банктен қуылған қызметкерлер өш алу үшін сыбыс таратады. Кейде коммерциялық бәсекелестер күдікті саналады.

Лондон экономика мектебінің профессоры Чарли Беккет.

Бірақ барлық жағдайда өсекшілер әлеуметтік желідегі шағын хабардың рас-өтірігін ажырата алмайтын халыққа иек артады.

Беккеттің айтуынша, әлеуметтік желіні қолданушылар әлі біраз сатыдан өтуге тиіс. Газет пен теледидар сияқты негізсіз мәселені көтермейтін БАҚ-пен салыстырғанда әлеуметтік желіде хабар¬лама көбіне достар арасында жүреді. Сондықтан адамдар дереккөзді анықтауға тырыспайды.

Беккет әлеуметтік желіге байланған жандарға мынандай кеңес береді: «Twitter немесе Facebook сияқты желідегі шағын хабарламаға сүйеніп, шешім қабылдамаңыз. Деректің қайдан шыққанын ойлаңыз, тіпті бұрын сізді алдамаса да, оны тексеріп алыңыз. Бардағы әңгімені тыңдаған соң маңызды шешім қабылдауға асықпайсыз ғой, әлеуметтік желідегі қысқа хабарға сүйеніп, неге қаржыға қатысты шешім қабылдайсыз?».

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ МҮМКІНДІГІ

Қазақстандағы сыбыстың шығуы, оның тарауына негіз болған жағдайлар туралы әлі толық де¬ректер жоқ. Бірақ бұл оқиға әлеуметтік желілер көбейіп, соның арқасында адамдардың алдын ала ескертусіз көшеге шыға бастағанына алаңдайтын үкіметтің жұмысын көбейтері анық.

Бұған дейін үкімет әлеуметтік желілердің наразылық танытуға шақыратын күш екенін білді. Өткен сенбі (15-ақпан) күні теңгенің девальвациясына қарсылар шеру өткізіп, жүздеген адам Алма¬ты әкімшілігіне келді. Олардың бірнешеуін полиция тұтқындады.

Бірақ үш банкке қатысты жағдай Қазақстан билігінің жүйкесіне сенбідегі шеруден де

Теңгенің құнсыздануына наразылық білдіргендерді полиция ұстап, көлікке салып жатыр. Ал¬маты. 15 ақпан 2014 жыл.

ауыр тисе керек

«Бейсенбі және жұма күндері сенбілік шеруге шақырғанда да адамдар WhatsApp қолданды. Бірақ рұқсат етілмеген шеруге шақырғандарды ешкім іздеуге талпынбады. Ал осы жолы банктер прокуратураға шағымданып, өздерін банкрот болады деп жариялағандарды табуды сұрады» дейді Азаттық тілшісі Дина Байділдаева.

Қазақстандағы саяси және қаржылық билік президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шын берілген адамдардың қолында. 18-ақпан күні Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Астанада баспасөз мәслихатын өткізіп, үш банктің барлығы да сенімді, жағдайлары тұрақты екенін айтты.

Автор:
Динара ӘЛІМЖАН. Чарльз Рекнагельдің мақаласын аударған