Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


28 декабря 2013, 06:30 | 35 393 просмотра


Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен 22 жыл өтті. Ортақ тарихи тағдыр біріктірген қазақ халқы, ежелгі қазақ жерінде мемлекет құрды. Еркіндік, теңдік, татулықты мұрат етіп, осыдан 17 жыл бұрын 30-тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының негізгі заңы – конституциясын қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясында әрбір азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленіп, егеменді еліміздің даму болашағын айқындайтын қағидалар қарастырылған. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. Сонда да болса, халықымыздың көпшілігінің құқықтық сауаттылығы әлі де төмен. Елімізде адам құқықтарының бұзылатыны да қарапайым халықтың өз құқықтарын білмеуінен туындайды.

Заңды білу – заман талабы.

Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты.

Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда.

Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс. Себебі, біздің өз құқығымыз бен заңды жетік білуімізден жауапкершілігіміз туындайды. Әрине, барлық адамның заң баптарын жаңылмай айта алуы шарт емес. Десек те, адамның өмірі мен қызметіне қатысты құқықтық-заңдық сауаттылығының тым төмен болуы оны талай бас ауыртар мәселемен бетпе-бет жүздестіруі мүмкін.

Құқықтық білімнің керек емес жері жоқ. Қайда барсаң да алдыңнан құқық саласына қатысты мәселе көлденең шығады.

Бар болғаны өз еліміздің заңдарын күнделікті оқып біліп жүру. Әр үйде, әркімнің қызмет орнында «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деген кітап міндетті түрде болу керек деген ойдамын.

Автор:
С.М.ЖАҢБЫРБАЕВА, Талдықорған гарнизонының әскери сотының бас маманы