Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

8 ҚЫРКҮЙЕК - ОТБАСЫ КҮНI


29 августа 2013, 09:53 | 3 269 просмотров



Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткiм келедi. Отбасы күнiне орай 6 қыркүйек күнi Республикалық әйелдер кеңесi "Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтiк әдiлеттiлiк" тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады", - дедi А.Әбибуллаев.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ