Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БЕТТІ ТАЗА ҰСТАУ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА


24 декабря 2009, 22:03 | 10 435 просмотров



Бетке күтім жасау тек косметология саласы мамандарының міндеті секілді көрінеді. Оның үстіне мұны негізінен әйелдер көбірек қабылдайтындықтан, тек бетке күтім жасау әйелге ғана тән деп ойлау қателік. Шын мәнінде бетке күтім жасау –ерлер үшін де маңызды.Бет-әлпетіңіздің әдемі көрінуі, сонымен қатар күтім жасау арқылы бірнеше ауруларға тосқауыл қоя аласыз.

Дегенмен, бетке балмен масаж жасаудың маңызы зор.

Бет массажының осынау әмбебап түрі соңғы екі ғасыр көлемінде қолданылып келеді. Бетке балмен күтім жасау – тиімді емделудің алдыңғы сапынан орын алады. Бұл жайында да біле жүргеніңіз абзал. Өйткені бет әлпетіңіздің сырт келбетіңізге сай болуы Сіздің өз қолыңызда.

Балмен массаж жасау – ол біздің күнделікті ас үстелімізде тұратын балға қатысты емес. Ең пайдалысы – биологиялық ұялы бал.

Әрине, мұндай бал қымбат тұрғанымен, денсаулық үшін өте пайдалы болып есптелінеді. Оның үстіне массаждық бір процедурасына бар-жоғы 50-100 грамм ұялы бал қажет болады. Ол беттің көлеміне байланысты болып келеді. Оған көп те қаржы кетпейді.

Не үшін ұялы бал пайдалы деген сұрақтың тууы әбден мүмкін. Солай ғой?

Себебі, балауыз қабықшамен қапталған ұядағы бал ғасырлар бойы ұзақ уақыт сақталады. Осы уақыт ішінде өзінің биологиялық белсенділігімен емдік қасиеттерін жоғалтпайды. Процедураны жасар алдында балдың сыртындағы кәрезін (соты) өткір пышақпен мұқият алып тастау керек. Сонда ғана балдың құрамында кездесетін ферменттер мен фитонцидтер оттегінің ықпалына ұшарамай, теріге таза күйінде енеді.

Егер осы кезде айнаға қарасаңыз,қызықты суретті көре аласыз. Балдың тамшылары бетке бір тегіс таралмаған. Себебі қарапайым, егер балдың тамшылары жақсы сіңсе, демек ол жердегі терінің ұсақ тесіктері майланбаған және зиянды заттардан таза деген сөз. Сол үшін тесіктер балды өзіне жақсы сіңіріп, оны терінің терең қабатына таратады. Ал, бал тамшылары сіңбей қалған жердің тері жасушалары дұрыс жұмыс жасамайды. Ол жерде ұсақ жарақаттар бар деген сөз.

Жалпы айтқанда, бетке массаж жасау үрдісі осы «жұмыс жасамайтын» тесіктерді терең тазалауға арналған. Ал біз кейде массажды керісінше түсінеміз. Массаж дегеніміз-бет терісінде қолдың саусақтарымен көлденең және дөңгелек қимылдар жасау сияқты. Ешқашан бұлай жасауға болмайды. Тек қана ауырмайтындай етіп жеңіл қимылмен массаж жасау қажет. Саусақтың бет терісіне жабысып қалуы майлы заттардың жиналуына жағдай жасайтын тесіктердің пайда болуына алып келеді.

Бетке массаж жасаған кезде саусақтың ұшымен беттің тесіктеріндегі шлактар ақ масса түрінде сыртқа шығады. Ол сумен тез кетеді. Ал, массаждан кейін бетті жууға болмайды. Бет терісі жабыспайтындай болып өздігінен кебеді. Нәтижесінде, сіздің бетіңізде сергектік пен нәзіктік сезіледі. Сонымен қатар, қызғылт рең пайда болып, бет терісінің жоғары қабаты толығымен тазарады.

Бірақ, ең бастысы – бетке балмен массаж жасап болғаннан кейін, ішкі органдар белсенді түрде жұмыс жасай бастайды. Соған байланысты қиын жағдайдағы органдарға бет арқылы әсер етуге болады.

Осылайша кеңірдек және өкпе аурулары жағдайында бетті белсенді түрде уқалау керек. Дисбактериоз ауруында, асқазанда қышқыл мен сілтінің тепе-теңдігі бұзылған кезде – маңдай тұсына көп көңіл бөлген жөн. Ал, гинекологиялық немесе урологиялық мәселе туындағанда иекке, яғни төменгі еріннің астындағы ойыққа массаж жасалады. Жүрек қан тамырлары ауруында мұрынның ұшына мән берген абзал.

Бетке балмен массажды таңертең ұйқыдан тұра салып жасаған дұрыс. Емделудің ұсынылған курсы - күнаоа 10-15 күн.

Массаж бет терісінің сезімталдығын арттырып, температура мен жарыққа әсерленгіш етеді. Соңғысы өте маңызды. D дәреміне ағзаның иммундық жүйесін қалпына келтіріп, күйзелістен арылуға көмектеседі. Мұндай әсер тек қана күн сәулесінен алынады. Сондықтан, ұзаққа созылған қыс мезгілінде жаппай депрессия басталады. Кейін бет терісінің тесіктері тазарған кезде, жарық терінің терең қабаттарына дейін сіңіп, нәтижесінде D дәрумені пайда болады.

Балмен массаж жасау өліп біткен эпителий қабатын тазалауға көмектеседі. Мұндай зиянды қабаттар басқаша жолмен тазармайды. Бетті тазартудың тәуліктік нормасы – 15 грамм.

Массаждан соң саусақтың ұшындағы ақ масса арқылы зиянды жасушалар сыртқа шығып, осылайша жас жасушалардың оттегі және жарықпен қоректенуіне жол ашылады.

Массаж жасау барысында ферменттер мен фитонцидтер беттің жоғары қабаты арқылы көздің шырышты қабына еніп, көру жүйесін жақсартады және мидың белсенді қызмет жасауына ықпал етеді. Себебі, көздер – бұл миға алғашқы белгілер беретін рецепторлар болап саналады.

Автор:
Бетті әзірлеген Тау ШҰБАР