Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АҢСАР МҰСАХАНОВТЫҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ БАЯНДАМАСЫНАН

22 февраля 2013, 17:01 | 1 963 просмотра

Экономиканың өсуі денсаулық сақтауға бөлінген қаржыландырудың 2011 жылғы 42,4 млрд. теңгеден 50,5 млрд. теңгеге дейін артуына ықпал етті. 1 адамға шаққандағы шығын 21997 теңгеден 26189 теңгеге дейін өсті.

Ана мен бала өлімі деңгейінің көрсеткіші орта есеппен 1,5 есеге төмендеді. Сондай-ақ, туберкулез ауруының деңгейі 4,0, туберкулез ауруынан қайтыс болғандар саны 16,5 пайызға төмендеді.

2012 жылы 6 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт салынып, 19 денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Соңғы 2 жыл ішінде денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарына, медициналық құрал-жабдық алуға жергілікті бюджеттен 6,2 млрд. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, қосымша 1024 штат бірлігі ашылып (оның ішінде, дәрігер мамандығы бойынша – 156), дәрігерлермен қамтамасыз ету деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 23-ке жетті.

Облысқа медициналық жоғарғы оқу орнын бітірген 256 түлек жұмыс істеуге келді, оның 156-сы ауылдық жерге орналасты.

Ауылдық жерге келгендерге көтерме жәрдемақы, баспана сатып алу үшін өсімсіз несие беріліп, өзге де коммуналдық шығындары үшін жеңілдіктер қарастырылған. Ауылда жұмыс істейтін медицина қызметкерінің еңбекақысына 25 пайыздық үстеме қосылды.

Облыс орталығынан шалғайда жатқан ауыл мектептерін бітірген 75 түлекке грант бөлініп, медициналық жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін мүмкіндік жасалды.

Автор:
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.