Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДҮНИЕНІ ДҮР СІЛКІНДІРГЕН 13 МИНУТ


27 сентября 2012, 14:11 | 1 987 просмотров



Интернетте «Невинность мусульман» фильм-трейлері пайда болысымен Жақын Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде Америка елшілігіне шабуыл жасалып, аталмыш мемлекеттік дипмиссиясы ғимараты алдында наразылық акциялары өтуде. Қыркүйектің 11-де Бенгазидегі АҚШ елшілігіне гранатаатқыштан оқ жаудырылды.

Тунистің ішкі істер министрлігі болса Францияның Charlie Hebdo сатиралық басылымында жарық көрген Мұхамммед пайғамбарды келеке еткенін суретіне байланысты жұма күндері көпшілік шара өткізуге тиым салды.

Естеріңізге сала кетейік, негізінен мұсылман мемлекеттерінде жұма күнгі намаздан кейін көпшіліктің қатысуымен наразылық акциялары өтетіні белгілі.

Жуырда Франция ІІМ (ішкі істер министрлігі) әлемнің 20 мемлекетінде өздерінің дипломатиялық өкілділіктері мен мектептер жұма күндері жабық болатындығы жөнінде ақпарат таратқан.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласы жұртшылығы дауға іліккен «Невинность мусульман» фильмін көре де алмауы мүмкін. Себебі, Петербург қалалық прокуратурасы интернет-провайдерлерге аталмыш кино кең таралмауы үшін қолжетімділікті шектеу жөнінде сақтандыру хат жолдамақшы. Құқық қорғаушылардың ойынша, бұл фильм исламды дәріптеуші адамдардың толыққанды дамымағандығын көрсетіп, экстремизмдік көзқарасты таратушы «туынды» болуы мүмкін көрінеді.

Ауғанстанда жүздеген студенттер АҚШ президентінің суретін өртеп жіберген. Ел астанасы Кабул қаласында шетелдер мінген автобус өртке оранған.

Қырғызстанда американдық антиисламдық «Ненавистб мусульман» фильміне қарсы наразылықты жергілікті билік өкілдері басқаруға ниетті. Бұл турасында «Ар-Намыс» фракциясынан Жағарку кенеш депутаты Турсунбай Бакир уулу мәлімдепті –мыс.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары да қарап отырған жоқ. Олар да даулы фильмді интернет арқылы көрсетуге тиым салмақ.

«Невинность мусульман» фильмін (фильм деп атауға ауыз бармайды) көкіп шығуға тура келді. Ондағы ойым, осы фильмнен кейін не себепті у-шу көпшіліктің қатусуымен акциялар өткендігін білу еді. Бірақ, 14 минутқа жуықтайтын «әлгіден» ештеңе ұғып болмадым. Не мағына, не көркемдік. Не қоғамға беретін құндылығы жоқ «бірдеңе» болып шықты. Жасыратыны жоқ, алғашында «бұл» толыққанды үгіт-насихат, тәлім – тәрбие, имандылыққа баулитын дүние деп те ойладым. Бірақ, мүлдем басқаша.

Бір таңқаларлығы бұл фильм небәрі 13 минут 50 секундттық қана. Яғни, көркем фильм деуге мүлдем келмейді. Осы уақытта оны жасаушылар нені көрсетіп, нені айтып үлгермек болды екен. Тіпті, деректі дүние деудің өзіне ауыз бармайды.

Әуесқой түсірілім дегенге жанасады. Тіпті, киноны монтаждау кезінде Жақын Шығысты елестетін шөлдаланы пайдаланған. Техникалық тұрғыда айтқанда қолдан жасалған түкке турғысыз «нәрсе». Актерлері де актер емес. Кейіпкерлерді сомдағандардың гримдері, киген киген киімдері де сол заман үлгісіне жауап беруден мүлдем алшақ қалған.

Сюжет жайына қысқаша тоқталсақ, Бүгінгі күн. Ес-түстен айырылған адамдар. Не істеп не қойып жүргендерін өздері де білмейді. Анда-мұнда шапқылап, қанжар мен таяқтар сермегендер. Кімге, не үшін? Бір ер адам, оның да кім екені белгісіз, тақтаға «человек+Х=исламский террорист», а «исламский террорист – Х=человек» деп жазады. Оның жанында тұрған қыз бала «Х» нені білдіреді деп сұрайды. Ер адам болса оның жанына келіп «Х» деген не екенін түсіндіремін деп жауап қатады.

Бұдан кейін камера көне дәуірге көшеді.Ондағы түсірілімді айтып та керегі жоқ. Мән-мағына, ақиқат пен шындық, насихат пен танымдық жайынан жұрдай.

Қысқасы, бұл фильмге ренжудің де қажеті жоқ. Себебі, есуастарға ренжімейді, ал дарынсыз есерсоқтарға тіпті ренжудің қажеті жоқ. Олар түзелмейді де.

Автор:
Ырысбай КЕНЖЕБАЙҰЛЫ, irryz@mail.ru.