Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өлім жітім деңгейін төмендету мақсатында 2013 жылғы шараларға 477,8 млрд. теңге жұмсалмақ


27 сентября 2012, 14:11 | 1 838 просмотров


ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-даму комитетінің КЕЗЕКТІ отырысында

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттен қаржыландыру мәселесі талқыланды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Аида Құрманғалиеваның айтуынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында 2 бағыт, 3 мақсат, 6 міндет, 48 көрсеткіш пен оларға қол жеткізуге арналған 80 іс-шара өткізу көзделген. «Атап айтқанда, «Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету» - атты бірінші бағыттың шеңберінде үш жылдық бюджеттен 1 трлн. 506,1 млрд. теңге көзделген. Соның ішінде 2013 жылы - 477,8 млрд. теңге, 2014 жылы - 509,8 млрд. теңге және 2015 жылы - 518,5 млрд. теңге сомасында шығыстар болжанып отыр», - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, аталған бірінші бағытты іске асыру 2015 жылға күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70,1 жасқа дейін, жалпы өлімді 1000 адамға шаққанда 7,62-ге дейін төмендетуге мүмкіндік бермек.

«Соның ішінде ана мен бала өлімінің көрсеткішін 2010 жылмен салыстырғанда тиісінше 47 пайызға және 29 пайызға төмендетуге, қан айналымы жүйесінің ауруларынан 30 пайызға, онкологиялық аурулардан болатын өлімді 12 пайызға және туберкулезден болатын өлімді 32 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді вице-министр.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ