Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Халықаралық ұйымдар еліміздің денсаулық сақтау саласында бірқатар жобаларды іске асыруда,-


27 сентября 2012, 14:10 | 2 288 просмотров


деп хабарлады Pm.kz сайты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«БҰҰ-ның «Мыңжылдықтың даму мақсаттары» бағдарламасын, Даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі БҰҰ-ның 2010-2015 жылдарға арналған Негіздемелік бағдарламасын (ЮНДАФ), Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында еліміздің денсаулық сақтау саласында халықаралық ұйымдармен бірлескен бірқатар жоба іске асырылуда», - делінген ведомство хабарламасында. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының арасындағы ынтымақтастық туралы екіжылдық келісім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

«Екіжылдық келісімнің негізгі бағыттары салауатты өмір салтына басымдық бере отырып ана мен бала денсаулығын нығайту, инфекциялық аурулардың алдын алу және бақылау шаралары нығайту, денсаулық сақтау жүйелерін нығайту, инфекциялық емес аурулардың алдын алуды күшейту болып табылады», -делінген хабарламада.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің арасында әр екі жыл сайын балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі екіжылдық жоспарлар жасалып отырады.

Ал туберкулезбен және ВИЧ/СПИД-пен ауыру деңгейін төмендету және ол аурулардан болатын өлім-жітімді азайту жөніндегі бағдарламаның аясында БҰҰ Даму бағдарламасы мен ЮНЕЙДС бағдарламасы еліміздің пенитенциарлық жүйесінде ВИЧ және С гепатитімен ауыратын науқастарға көмек көрсетуде.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ