Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕМДӘМ ҰСТАҒАНДА АБАЙ БОЛҒАН ЖӨН


27 сентября 2012, 14:03 | 2 604 просмотра


Емдәм ұстау қажеттілігі туралы барлығымыз ойланамыз. Бірде өз салмағымызды түсіргіміз келсе, бірде ішті кетіргіміз, бірде дене пішінін сақтағымыз, бірде өз организмімізге профилактика жүргізгіміз келеді, сонымен қатар зиянсыз, өте тиімді емдәмді іздестіруді бастаймыз.

Арықтауға арналған емдәмдерді артық салмақтан құтылу үшін, спортшылар жоғары қуатты емдәмдерді нәтижелерді жақсарту үшін т. б. қолданады. Ең көп ұсталатын, әрине, арықтауға арналған емдәмдер болып табылады. Арықтау стратегиясын біздің қол жеткізгіміз келетін анық мақсаттарға сәйкес құруымыз қажет. Біз өзіміздің жасымыз бен денсаулық жағдайымызды ескеруіміз керек. Бұл өте маңызды, жақсы емдәм мінсіз тура келуі қажет. Дене салмағының тез төмендеуі ағзаның қуаттан, дәрумендер мен құнарлы құндылықтардан айыру есебінен жүргізілмеуі керек.

Денсаулық пен әдемілік жағдайын жақсарту мақсатында, зейінді шоғырландыруды жақсартатын, кейбір онкологиялық аурулардың пайда болу мүмкіндігін төмендететін, күйзеліспен күресуге көмектесетін және көңіл-күйді көтеретін емдәмдер қолданылады. Сонымен қатар, адам еркіне жол бермегені жөн. Біздің кейбіреуіміз үшін емдәм жәй ғана тамақтану дағдыларының жаппай өзгеруі. Бұл біз өмір бойы ауыртпалықсыз жалғастыра алатын тамақтану әдісінің анықтамасы.

Өздерінің тамақтану салты баланың денсаулығына қаншалықты орасан зор әсер ететіні туралы есеп беретін жүкті әйелдерге арналған емдәм. Бұл емдәм, еш күмәнсіз, ағзаны кальций мен магнийдің көп мөлшерімен қоректендіретін студентке арналған емдәмнен өзгеше болады. Қарттарға арналған емдәм басқа талаптарға - қартаю үдерісін кідіртуге пайдалы әсер ететін, көңіл-күйді жақсартатын және сергектік сезімін беретін талаптарға жауап беруі қажет. Кей кездері өздерінің күш-жігерлеріне қарамастан, салмақ жетіспеушілік қиыншылықтары бар адамдар да кездеседі, оларға арнайы салмақ жинауға арналған емдәм көмектесе алады.

Емдәмді таңдау жыл мезгіліне жиі байланысты, ол тек біздің ағзамыздың басқа құнарлы құндылықтарына деген өзгеретін қажеттіліктеріне ғана әсер етіп қоймады. Жыл мезгілдері, сондай-ақ, біздің емдәміміздің біз таңдаған элементтерінің қол жетімділігін анықтайды. Жаздық емдәм тура бақшадан алынған көкөністерге, шырынды жемістерге, балғын көктерге бай болады. Қыстық емдәм бізді қуатпен қамтамасыз етуі және біздің иммунитетімізді көтеруі қажет. Қыста біздің калориясы жоғары және құнарлы тағамдармен тамақтануымызға тура келеді, өйткені біздің ағзамыз қуаттың көп үлесін қажет етеді.

Егер дұрыс жаңа тамақтану рационы құрылса, онда емдәмнің пайдасын бағалау қиын емес. Біріншіден, көптеген емдәмдер (дұрыс белгіленген) артық салмақты азайтып қана қоймай, оның үстіне көңіл-күйді жақсартуға да мүмкіндік береді. Егер артық салмақ жинаудың себебі фаст-фуд қолдану және сапасыз азық-түлік тұтыну болса, онда емдәм арқылы организмді қалдық заттардан және улардан тазартуға болады.

Емдәм адамның моральдық, табандылық, шыдамдылық, сабыр сақтауына, психологиялық құбылыстарын дамытуға мүмкіндік береді. Күнделікті қолданып жүрген рациондағы тағамдар шектеуге тура келеді. Әрбір емдәмінің негізінде әртүрлі азық-түліктің құрамындағы элементтерді шектеу жатады: май, белок, көмірсулар. Мысалы: спортышаларға арналған емдәмде белоктар немесе протейндердің көп мөлшері кездесетін дастарқан әзірлену керек. Бұл емдәм қаңқа-бұлшық ет жүйесін күшейтуге бағытталады. Емдік емдәмдер ауруды бәсеңдету, қайталаудың алдын алу, бастысы, организмнің сау күйін сақтап қалуға бағытталады.

Академик А. Покровский семіз адамдар үшін тамақтану тәртібін жасаудың жалпы шарттары жөнінде былай дейді: «Рационның энергетикалық құндылығын шұғыл шектеу керек, бірақ ағзаның белок, алмастырылмайтын көп жақты қанықтырылған майлы қышқылдар, дәрумендер мен минералды заттар жөніндегі қажеттіліктер толық қамтамасыз етілуге тиіс; Дәрігерлердің кеңесі бойынша денеге түсетін салмақты мөлшерлеп көбейту есебінен ағзаның энергия жұмсауын мүмкіндігінше көбейту керек; Тамақты аз-аздап ішуді қамтамасыз ететін тамақтану тәртібін қатаң сақтау қажет».

«Таңертеңгілік асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты дұшпаныңа бер» - деген халық мақалы тегін айтылмаған. Ол өмірден алынған тәжірибе, ақиқат. Яғни, ұйықтар алдында тоя тамақтануға болмайды. Ол семіздікке алып келетін жағдай. Себебі, тамақтанғаннан 2-3 сағат өткенде іштегі тағамдық заттар белсенді түрде сіңіріле бастайды. Біз ұйықтап жатқанда олар бұлшық ет қуатына жұмсалмай, семіздік «қоймасына» біртіндеп жинала түседі. Семіздікке бейім жандардың тәбеті күшті болғандықтан, мамандар оны тамақтану санын көбейту жолымен азайтуға ақыл-кеңес береді. Ол былай: таңертеңгілік немесе түскі астан соң алма жеп не 1 құты сүт, айран, болмаса қантсыз шай ішеді, сөйтіп, 15-20 минуттан кейін тамаққа деген тәбетті азайтып, түскі не кешкі тамаққа асықпайтын болады. Ең бастысы тамақтың түрі мен тамақтану тәртібінің өзгеруіне қарай бұлшық ет қуатының шығынын да өзгертіп отырған жақсы.

Емдәм ұстанудың пайдасы мен қоса зиянын да ескерген жөн. Арықтауға арналған емдәмдер көбінесе тағамдарды әдетте тұтынып жүрген мөлшерден азайтуға, сонымен бірге кейбір өнімдерді көбірек қабылдауға негізделген. Мысалы айран, алма, қияр. Егер мұндай тамақтану және аптасына бірнеше килограмм дене салмағын түсірсе, бұл сіздің ағзаңыздың сізге рақмет айтқанын білдірмеуі мүмкін. Көп жағдайда адамдар семіздікке әкелген себептерді ескермей емдәм қолданады. Емдәммнің қай түрі қысқа уақытта нәтиже беретініне, қандай әсер беретінін, тіпті қандай зардаптарға әкелетінін ойлап та қоймайды. Әрбір жеке организмге іс жүзінде дұрыс құрастырылған дастарқан кездеспеуі мүмкін. Көбінесе арықтауға арналған емдәм кезінде организмге тағам құрамындағы қоректік заттар жетіспеуі салдарынан көптеген жасырын боп келген аурулар өрши түсуі мүмкін. Адамның күнделікті рационына кіретін өнімдерден организмге қажетті энергияны алып отырады. Әрбір өнім құрамындағы энергетикалық құндылығымен, витаминдермен, микроэлементтермен барлық жүйелердің жұмысын қамтамасыз етеді. Егер пайдаланатын тағамның шектелген түрімен емдәм ұстанатын болса, онда зиянды факторларға қарсылық қуаты төмендеуі мүмкін, өзіміздің күнделікті рационымыздан ет, балық, сүт өнімдерін шектесек жүйке жүйесінің жұмысына кедергі келтіреміз. Өйткені осы өнімдердің құрамындағы ақуыздар жүйке үшін құрылыс материал болып саналады. Пайдалы майларсыз иммундық, қан айналым жүйелері зардап шегеді. Тіпті зат алмасу, есте сақтау қабілеті де өзгереді. Емдәммнің бірінші-екінші аптасында жабығу, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, көңіл-күйдің бұзылысы байқалуы мүмкін.

ЕМДӘМНІҢ

МИҒА ӘСЕРІ

Америкалық ғалымдардың таяудағы зерттеулері бойынша, кез келген дәмсіз және біртекті тағамдар адамның эмоциясына әсер етеді, оны сылбыр, немқұрайды жағдайға жеткізеді, содан адам үнемі шаршаңқы көңіл-күй кешеді. Яғни, тәбеті тартпайтын тағамдарды еріксіз жеу арқылы адамдар өздерін психологиялық тұрғыда зақымдайды. Ол жүйке жүйесінің бұзылуы мен дағдарысына әкеліп соқтырады. Сол себепті де бүгінгі психиатрияда диеталық тоқырау (диетическая депрессия) деген де ұғым қалыптасып отыр. Тіпті, ұзақ уақыт бойы бір сарынды емдәм ұстану, яғни, айранды ғана қанағат тұту жүйке дағдарысына ғана ұшыратып коймай, басқа да ауыртпашылықтарға соқтыруы мүмкін. Осылайша зат алмасу процесінің бұзылуынан ағзада миды ашықтыратын, жүректі зақымдайтын кетондық денелер (кетеновый тело) жинақтала бастайтын болып шықты. Мұның бәрі ғалымдардың болжамы мен қорытынды пікірлері.

КҮЙЗЕЛІСПЕН

КҮРЕСУ

Бұл емдәмнің негізі – жаңа піскен көкөністер мен жемістер, сонымен қатар қанықпаған май қышқылдары. Бұл емдәм күнделікті жабырқаңқы көңіл-күйдегі, шаршаған барлық адамдарға арналған. Ол ағзаны дәрумендермен, минералдармен, антиоксиданттармен, жасанды жасұнықпен, төзімділік төмен және салқын тию кезінде бағасы жоқ салицилаттармен (кептірілген орман жемістері, шәй) қанықтырады. Сонымен қатар, емдәм құнды омега 3 қышқылдарымен және антиоксиданттармен байытылған зәйтүн және өсімдік - бірінші сығылған майларынан жасалады.

Емдәмге керемет қосымша ретінде көміртектер, нан болуы мүмкін (еленбеген жүгері ұны қосылған немесе қара ұннан). Сонымен қатар, сусындарды тәттілендіруге болмайды.

Автор:
Ж.МӘТІБЕК,Ұлттық салауатты тағамтану орталығы Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкері