Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ


27 ноября 2009, 21:19 | 2 429 просмотров



67) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымда­рында дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын, сондай-ақ медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау;

68) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін айқындау;

69) ведомстволық бағынысты ұйымдардың төтенше жағдайлар кезінде халықтың ауруларының алдын алу және оларды емдеу бойынша дайындығын қамтамасыз ету;

70) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу тәртібін бекіту;

71) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы инспекциялау-

ды жүргізу қағидаларын бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функ-

цияларды жүзеге асырады.

8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету тәртібін бекітеді;

4) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

6) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;

7) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

8) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады;

9) уәкілетті органға әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді ен-

гізу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;

10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде тиісті контингентке медициналық тексеріп-қарау жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;

11) Әскери-дәрігерлік комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді.

9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары:

1) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;

3) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;

4) азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;

5) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;

6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;

7) донорларға қосымша көтермелеу беру туралы шешім қабылдайды;

8) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын уәкілетті орган бекіткен ең төменгі нормативтерден артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешімді оларды толық көлемінде орындау шартымен қабылдайды;

9) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Автор:
«Егемен Қазақстан» газеті