Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

2012 жылы Қазақстанда балаларда кемік майын ауыстыру бойынша 10-ға жуық операция өткізу жоспарлануда


27 апреля 2012, 20:16 | 1 902 просмотра


Ағымдағы жылы Қазақстанда балаларда кемік майын ауыстыру бойынша 10-ға жуық операция өткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін қазақстандық делегацияның Мәскеудегі Д. Рогачев атындағы иммунология, онкология және гематология орталығына жасаған сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Сәуле Нөкешева айтты.

«Алдағы уақытта педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 2 емделушіге кемік майын ауыстыру бойынша операциялар өткізілетін болады. Биылғы жылға біз орташа алғанда 10 операция жасауды жоспарлап отырмыз. Неге одан да көп операция жасауға болмайды, деген сұраққа келетін болсақ, біріншіден көптеген дайындық жұмыстарын өткізу қажет екендігін атап өткім келеді. Дегенмен бәрі де жақсы өтсе, біз 20 операцияға дейін жасауымыз мүмкін», - деді ол.

«Келесі жылға 50 операция белгіленіп қойды. Бұл опера-циялар емделушілер үшін тегін жасалмақ, барлығын мемлекет қаржыландырады. Қазіргі уақытта барлық жағдай жасал-ған, атап айтқанда лаборатория бар, бақылау кешені де жұмыс істейді, ауыстыру үшін 6 кереует дайындалған», - деді С. Нөкешева.

Ол сонымен қатар жыл сайын елімізде 800-ге жуық бала лейкоз ауруына шалдығатынын атап өтті. «Алғашқыда біздің орталыққа жылына шамамен 150-160 адам түседі. Бүгінгі күні Қазақстанда 50-100 балаға кемік майын ауыстыру бойынша операцияның қажеттілігі туындап тұр», - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры.

Ол сондай-ақ, жалпы алғанда, ресейлік балалар гематология, онкология және иммунология орталығында жасалған барлық технологиялық шешімдер Қазақстанда да қолжетімді, алайда оның ауқымы аз екендігін атап өтті.