Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ ТӨМЕНДЕДІ


26 апреля 2012, 11:50 | 2 664 просмотра



12 сәуір күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде Министр Салидат Қайырбекованың төрағалығымен селекторлық режімде ана мен бала өлімін, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімді төмендетуге бағытталған жедел іс-шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың отырысы болып өтті.

Отырысқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты.

Қазақстанда денсаулық сақтау саласының басты бағыты ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Елімізде әйелдер мен балаларға профилактикалық тексерулер жүйелі негізде жүргізіліп келеді. Олар қымбат бағалы қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, қосалқы репродуктивтік технологиялар дамуда.

Ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында республикада ана өлім-жітімі 21,3%, бала өлім-жітімі 10% төмендеді. Айта кететін жәйт, бала өлім-жітімі еліміздің барлық өңірінде байқалады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала өлімін төмендету бойынша жүйелі іс-шаралар шеңберінде 5 жасқа дейінгі балаларға диспансерлік қадағалауды күшейтті. Жүкті әйелдердің жағдайларына мониторинг, босанғанға дейінгі кезеңде генетикалық ауруларға және туа біткен даму ақауларына скрининг жүргізіліп, халықаралық технологиялар енгізілуде.

Санитарлық авиация үйлестіру орталығы 2012 жылдың 3 айында 160 ұшырылым жасады. Оның ішінде 74 жүкті және босанған әйелге, 27 жаңа туылған сәбиге қызмет көрсетті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүкті және босанған әйелдердің күрделі жағдайына күн сайын мониторинг жасайды. Бұл өз кезегінде өлім-жітімнің алдын алуға және шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

2012 жылғы қаңтар-ақпан айларында қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42% төмендеді. Осы дерттен болатын өлім-жітім құрылымында өткір инфаркт миокарды 40% құрайды және олардың көпшілігі үйде тіркеледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда интервенция-лық және кардиохирургиялық қызметтің дамуына барлық жағдай жасалған. 2011 жылдан бері Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық, Алматыда Перинатальдық орталық жұмыс істей бастады. Қазір үлкендер мен балаларға ашық жүрекке операция жасауға арналған операциялық залдар толықтай жеткілікті. Биылғы 2 айдың ішінде республика бойынша ашық жүрекке 1313 операция, оның ішінде балаларға 577 ота жасалды. Бұл өткен жылмен салыстыр-ғанда 55% жоғары.

Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуге бағыт-талған іс-шаралардың бірі – инсульттік орталықтар ашу. Ми қан айналымы бұзылған нау-қастарға көмек көрсетуге арналған осындай 8 орталық 2011 жылы еліміздің 6 облысында ашылды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 6 өңірдегі медициналық ұйымдарда орналасқан 7 инсульттік орталық қажетті стандартпен жарақтандырылды. 2012 жылы 12 облыста 16 инсульттік орталық, ал 2013 жылы 15 облыста 24 инсульттік орталық ашу жоспарланған.

2012 жылдың 1 тоқсанында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инсульттік орталықтардың қызметін ұйымдастыру және медициналық қызметкерлерді ми қан айналымының өткір жетіспеушілігі дертіне шалдыққан науқастарды емдеудің халық-аралық стандарттарына оқытудың Жол картасын әзірледі. Науқастардың арнайы тізімін жасау бағдарламасы әзірленуде.

Республика бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық және өлім-жітім негізгі индикаторының төмендеуі бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан. Биылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 7,3% төмендеді.

Ағымдағы жылдың басынан елімізде онкологиялық қызметті қаржыландыру жүйесі жетілдірілуде. Ол ең алдымен науқастың мүддесіне бағытталып, емдеудің барлық сатысында оларға жеке медициналық жәрдем көрсетуді қарастырады.

Республикалық штаб отырысында өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары басшыларының ана мен бала, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде есептері тыңдалды.

Жиында ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова медициналық ұйымдар қызметін жақсарту мақсатында денсаулық сақтау басқармалары басшылары мен орынбасарларын, онкологиялық диспансерлер, перзентханалар мен тубдиспансерлердің бас дәрігерлерін аттестациядан өткізу мәселесін талқылауға ұсыныс білдірді. Жергілікті атқарушы орган басшылары Министрдің бұл ұсынысын бірауыздан қолдады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

17 сәуір –бүкіләлемдік

гемофилиямен күрес күні

Жыл сайын 17 сәуірде әлемнің көптеген елдері Дүниежүзілік гемофилия федерациясының акциясына қатысып, Бүкіл-әлемдік гемофилия күнін атап өтеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, аталған іс-шара мақсаты - осы ауыр дерт проблемаларына қоғам назарын аудару. Ел арасында "ханзадалар ауруы" аталып кеткен гемофилия кеселімен Қазақстанда 1930 адам ауырады екен. Оның 800-і балалар болса, соның 176-сы Алматыда тіркеліпті. Гемофилия тұқым қуалайтын ауру. Сирек кездескенімен, өте қауіпті. Мамандардың айтуынша, қанның ұйымай қалуы, яғни 8-ші фактордың жетіспеушілігінен ер балалар мүгедек болып қалатын кездері жиі кездеседі.

(Жалғасы басы 3 бет)

(Жалғасы. Басы 1 бет)

Бүкіләлемдік гемофилия күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен науқастар үшін «Ашық есік» күндері жарияланды. Гематолог дәрігерлердің кеңес беру кабинеттері орналас-қан облыс орталықтарының барлығында тегін кеңестер беріледі. Республикалық деңгейде Астанада орналасқан Жедел медициналық көмек республикалық орталығында барлық келушілерге бірқатар медициналық қызметтер: гематологтар мен ортопедтердің кеңестері, қан ұйысу факторлары деңгейі мен ингибиторды анықтау, дәрілік препараттарды өзінше енгізуге оқыту, буындарға магнитті резонансты томография жасау және тағы басқа қызметтер көрсетілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда гемофилиямен сырқаттанатын 771 науқас дәрігерлердің бақылауында. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аяында науқастардың барлығы қанның ұю факторларымен қамтамасыз етілген.

Қазақстан - науқастардың қанның ұю факторларына, қан ағымына профилактика жасау және емдеуге кететін шығындарды мемлекет көтеретін әлемдегі жалғыз ел. Тіпті, гемофилияның ең қатерлі - ингибиторлық түріне шалдыққан науқастар да тиісті факторлармен қамтамасыз етіледі. Дегенмен, алда әлі көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс. Олар: ауру түрі және терапия ережелері туралы науқастарды ақпараттандыру деңгейін арттыру, науқас балаларды үйде дұрыс қарауға үйрету, қанның ұю факторларына жалпылама скрининг, гемофилия гені барларға генетикалық сараптама жүргізу және т.б. шаралар.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік Гемофилия Федерациясы бастамасымен 1989 жылдан бастап Дүниежүзілік гемофилия күні жыл сайын аталып өтеді.

ГЕМОФИЛИЯ ТУРАЛЫ ДЕРЕК

Гемофилия – қан құрамында қан тоқтататын ақуыз және қанда қан ұйытатын VIII және IX фактордлардың болмауынан немесе жетіс-пеуінен туа пайда болады. Дәлірек айтсақ, қанда VIII фактордың жетіспеуін гемофилия А, ал IX фактордың жетіспеушілігін гемофилия В деп атайды. Қанда қан ұйытатын IX фактордың жетіспеушілігі бұрын Кристмас ауруы (осы дерт бойынан алғаш рет табылған баланың фамилиясымен) деп аталып келді. Тұқым қуалайтын бұл қауіпті аурулармен тек ұл балалар, ер азаматтар ғана ауырады. Бірақ дерт әйел арқылы беріледі. Демек осы ауруға шалдыққан балалардың аналары тек тасымалдағыш болып саналады.

«ХАНЗАДАЛАР АУРУЫ»

Ресей ипериясының соңғы патшасы Екінші Николайдың баласы Алексей ханзада осы гемофилия кеселімен ауырған. Бұл ауру оның анасы Алесандра Федоровнада да болыпты. Тұқым қуалайтын ауру патшайым Александра Федоровнаға анасы ханшайым Алисадан тараған. Алиса ханшайымның анасы Ұлыбритания ұлы патшайымы Виктория гемофилия ауруын тасушысы болды. Әйел патшаның 9 балаларының ішінен Леопольд ханзада гемофилиямен ауырып, 30 жасқа дейін ғана өмір сүріпті. Қыздарының ішінен Алиса және Беатриса ханшайымдар кеселді тасымалдаушы болды. Беатрис ханшайымның 4 ұлының 2-і осы кеселге шалдыққан. Ал оның қызы Испания королінің жұбайы болған Виктория-Евгенияның 3 баласының 2-і нау-қас болған. Ұлыбританияның ұлы патшайымы Викторияның күйеуі Альберт оның жақын туысы болған. Европалық монархтардың басым көпшілігі түрлі тұқым қуалайтын кеселдерге душар болған. Европалық хан әулеті жақын туыстарынан қыз алып, қыз берісіп жүре берген. Өздерінің жақын туысқандарымен неке құрғандықтан, түрлі генетикалық қауіпті кеселге көп шалдыққан.

Әлемнің атақты ғалымдарының барлығы дерлік қазақтардың жеті атаға дейін қыз алыспау салтын дұрысқа шығарды. Қазақ хандарының ешбіреуі «ханзадалар ауруын» білмеген. Бұның себебі де айқын. Қазақта жеті атаға толмай қыз алу қылмыс саналған.

Мадина ОМАРҚҰЛОВА.