Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН КҮРЕСте-ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШылУДА


20 января 2012, 10:55 | 4 353 просмотра


Халықаралық ынтымақтастық аясында денсаулық саласы өзіндік орын алып отыр. Бірге ғана әрекет еткенде ғана кез-келген проблеманы оңды шешуге болатыны ақиқат. Баршаға белгілі, мемлекеттік саясаттық даму деңгейі оның денсаулық сақтау саласына жете көңіл бөле білгендігіне де байланысты. Бұл айтылғандар шындыққа айналып жатса, онда экономикалық өрлеудің іргетасы да берік болғаны.

Қазақстанда тұрып жатқан халықтың денсаулығы жалпыәлемдік тенденцияның айшықты көрінісі. Екінші жағынан алып қарайтын болсақ, бұның өзіндік қыры бар. Ол – табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және мемлекет тарапынан жанды көмектің арқасы. Соңғы жылдары қазақстандықтар денсаулық саласында болып жатқан тың өзгерістерден хабардар. Бұл жақсы жағы. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұқараға тарап жатқан ақпараттар жете зерттеулерді қажет етеді. Оған дәлел, 10-20 жыл бұрын отандық медицина тек негативті жағынан ғана көрсетіліп келген-ді. Бір мысал, 1991 жылмен салыстырар болсақ 2011 жылдан бері аталмыш салаға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы 107 есеге артқан. Яғни, биылдықа қа-растырылған қаржы 640 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылды.

Өткенге көз жіберсек. Кеңес дәуірінде денсаулық саласы экстенсивті жолмен дамып келді. Бұл белгілі кезеңде өзін-өзі ақтады да. Қазақ ССР медицинасы әлемге де танымал дәрежеге ие-тін. Оған дәлел, 1978 жылы Алматы қаласында өткен алғашқы медико-санитарлық көмек Халықаралық конференциясы. Өз кезегін-де осы айтулы басқосуда қабылданған Алматы декларациясы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау саласында ерекше атап өтілді. Алайда, 1980 жылдары кеңестік медицинада негативтік тенденция өрши түсті. Бұл негізінен қаржыландыру, саланы әкімшілік-командалық үлгіде басқару болатын. Қолда бар ресурс тиімсіз пайдаланылды. Медицина қызметкерлерін материалдық жағынан қолдау өз деңгейінде болмады. Жалпы денсаулық сақтау саласындағы халықтың өмір сүру және оның денсаулығын айқындайтын демографиялық өсу, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларға әсері төмендеп кетті.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бизнес медицинаға сирек көңіл аударды. Санаулы ғана орталықтар ашылды. Бұлар негізінен қалталыларға ғана қызмет етті. Жасыратыны жоқ, медицина табысты сала қатарында емес. Дей тұрсақ та, уақыт өте келе қалталылар аянып қалған жоқ. Бұл бірінші кезекте мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің арқасы дер едік.

Күніне ондаған рет танысымызбен «Саламатсыз ба, аман-есенсіз бе?» дей тұрып біз бұл сөздің мағынасына жете мән бере бермейміз. Бір-бірімізбен осылай сәлемдесіп, біз бір-бірімізге ең қымбат, ең басты-денсаулық тілейді екенбіз. Мұнысыз басқа да құндылық өзінің мағынасын жояды, сонысымен қуаныш әкелмейді. Жалпы денсаулық – ол рухани және әлеуметтік жетімділік, яғни өз-өзіңмен және қоршаған ортамен етене жақын болудың негізі.

Бүгін ше? Отандық денсаулық саласы басқарудың жаңа үлгісіне көшті, қаржыландыру мәселесі толыққанды шешіле бастады. Әрбір қазақстандық қолжетімді кепілді тегін медициналық көмекке ие болды. Медициналық мекемелер күрделі жөндеуден өткізілуде, жаңа орталықтар ашылуда, халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шешімін табады.

«Қазақстанның денсаулық саласы жоғары деңгейде қарқынды дамып келеді, - деп атап өтті денсаулық сақтау министрлерінің үшінші Ислам конференциясына қатысушы Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мансур Нассер аль Ховаси. – Қазақстанда жаңа медициналық орталықтар мен ауруханалар бой көтеруде, олар соңғы қондырғылармен жабдықталуда. Сіздерде жоғары санатты кадрлар бар. Ең бастысы – мемлекет бұл салаға қомақты қаржы бөлуде», - деген баға берді Мансур Нассер аль Ховаси.

Ылайым, солай бола берсін!

Автор:
Ырысбай КЕНЖАБАЙҰЛЫ, irrys.@mail.ru