Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ БІРІНШІ ОРЫНДА


28 октября 2011, 07:50 | 2 418 просмотров



Алматы облысы Көксу ауданында 40286 тұрғын тұрады, оның ішінде 9866 адам 14 жасқа дейінгі балалар, 2250 жасөспірімдер болса, ересек адамдар саны-28170. Аудан халқына 125 орындық аудандық аурухана медициналық қызмет көрсетеді. Көксу аудандық орталық аурухана 1971 жылы ашылған сан салалы емдеу орны болып табылады. Ол тұрғындарға стационарлық және консультативтік-диагностикалық дәрігерлік көмек көрсетеді. Бұл ауруханада терапия, хирургия, гинекология, перзентхана, жансақтау, балалар бөлімі және жұқпалы аурулар бөлімі жұмыс істейді. Әр бөлімде білікті мамандар қызмет атқарады. Перзентхана бөлімі 15 орынға, хирургия бөлімі 35 орынға,балалар бөлімі 20 орынға, жұқпалы аурулар бөлімі 20 орынға, терапия бөлімі 35 орынға арналған. 2011 жылы соңғы тоғыз айда аудандық аурухнада 3862 науқас емделіп, сауығып шыққан.

Көксу аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің емдеуі жөніндегі орынбасары Алшынбеков Жұмабек Мақатұлы: Көксу аудандық орталық аурухана 1971 жылы ашылған сан салалы емдеу орны болып табылады. Ол тұрғындарға стационарлық және консультативтік-диагностикалық дәрігерлік көмек көрсетеді. Бұл ауруханада терапия, хирургия, гинекология, перзентхана, реанимация, балалар бөлімі және жұқпалы аурулар бөлімі жұмыс істейді. Әр бөлімде білікті мамандар қызмет атқарады. Аурухнамыздың материалдық-техникалық базасы жақсы. Осы аурухнамызға жаңадан 9 дәрігер келген, бірақ сонда да бізде әлі мамандар жетіспейді. 2011 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда халық денсаулығы біршама жақсарған. Аудан көлемінде медицина қызметкерлері халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын және салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын белсенді атқарылды. Биыл аудан тұрғындарына аурулардың алдын алуға арналған 24014 жеке әңгіме жүргізілді, сонымен қатыр тұмаудың алдын алу, сарып ауруының алдын алу туралы он күндіктер өткізілді. Жалпы аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуда бар күшімізді салып жүрміз.Әрине, біз үшін халық денсаулғы бірінші орында.

Физиотерапия бөлімі

Терапия бөлімі

Терапия бөлімі 35 орынға арналған, 2011 жылы 9 айда 845 науқас емделіпті. Аудан бойынша жүрек қан-тамырлары ауруларына тексеруге жататын 5623 адамның 5004-і, яғни 89% алдын-ала тексеруден өтіп, оның ішінде 251-і ауру болып анықталып, 132 науқас диспансерлік есепке алынған. Бүгінгі күні осы адамдардың 198-і емделіп, сауығып кетті. Жатыр мойнының қатерлі ісігіне 50 адам шалдығып, 39 науқас сауығып шықты. Сонымен бірге аудан бойынша сүт безінің қатерлі ісігі 74 әйелден табылып, 39 науқас жазылып шыққан.

Суретте Терапия бөлімінің ұжымы.

Терапия бөлімінің ұжымы

Нәрестені жатырдан тіліп алу операциясы

Перзентхана бөлімі.

2011 жылы 9 айда Көксу ауданында 699 сәби дүниеге келді. Туу көрсеткіші -16.6, табиғи өсім көрсеткіші -10.5 жетті. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіштер сәл жоғары болған. Мысалы, өткен жылы 672 сәби дуние есігін ашып, туу көрсеткіші 16.7 жеткен. Биылғы жылы 634 жүкті әйел тіркелген.

Балалар бөлімі .

Көксу ауданында 40286 тұрғын тіркелсе, оның ішінде 9866 14 жасқа дейінгі балалар, 2250 жасөспірімдер. 2011 жылы 18 жасқа дейінгі 11511 баланың 10975-і тексеріліп, 3443 баланың ауруы анықталған. Қазіргі кезде 2853 бала емделіп, сауықтырылды. Балалар бөлімі 20 орынға арналған.

Жұқпалы аурулар бөлімі.

Көксу ауданындағы жұқпалы аурулардың эпидахуалы

Халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты аурулардың бірі – туберкулез былтырғы жылмен салыстырғанда 5 жағдайға азайды. Сарып ауруы 2010 жылмен салыстырғанда 11 жағдайға азайған.

Хирургия бөлімі

2011 жылы 9 айда Көксу аудандық аурухнада 554 ота жасалып, хирургиялық белсенділік -53% болды. Оның ішінде жоспарланған операциялар -152, шұғыл түрде жасалғаны-408. Отадан кейін өлім-жітім және асқынулар тіркелмеген.

Перзентхана бөлімі

Балалар бөлімі

Жансақтау бөлімі.

Зертхана

Автор:
Фоторепортажды дайындаған, Мадина ОМАРҚҰЛОВА, madina.omarkulova@gmail.com