Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Халқыңның қадір қасиетін ұқ!


22 октября 2009, 21:15 | 3 347 просмотров



Уа, а а.., иісі қазақ баласы есіңді жинап, өткен-кеткен тағдырыңды таратып, алды-артыңа қарашы?! Ата бабаң жасап кеткен, теңдессіз мұрасынан не қалды? Асқақ рухы бекзаттықтан тұратын, мәйегі нәрлі-салт-дәстүрдің қаншасынан айырылдық?.. Енді міне, Тәуелсіз Ел салтымен, жоғымызды түгендейтін кез келді. Ар намысты Ту етіп, толағай күшпен қимылдайықшы, арманы үлкен аңғал Жұртым?! «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» - дейтін даналықты пір тұтып, жалтақтамай да, жалпақтамай жөнімізді білсек екен, ақжарма мінез Алашым?! Япыр ау, текті жұрттың сынығы едік қой?! Еліміздің ертеңі мен ұрпақ қамын ойласақ, рухани өркенімізді өсіріп, ұлт құндылығын түгендемей болмайды.

Шіркін, осыларды неден бастасақ деген де, ең әуелі ойға оралатыны мынау: - Ел билеген – Елбасы мен Төрелер де, елдігімізді байытқан – зиялы мен ел жұрты да, жасы мен жасамысы да, халқымыздың қадірі мен қасиетін түсінбейтіндігімізді айтып сырласатын сәт туды. Сірә, бұл кемшілігімізді, бүкіл халық болып түземесек елдігімізге сын.

Арман боп жеткен тәуелсіздігімізді, арсыздыққа толы пендешілігіміз бен қанағаты жоқ құлқынымыздың құлдығына шала бермей, ұлттық сана мен азаматтық парасаттың пәтуасына келгеніміз жөн Алдау мен арбауға бас ұрып, ертең ақ өзегіңе тебер өзгеге қарап езеуреуді тоқтатқан жөн?! Дана жұртымыздың өзгеше біткен болмысын түсініп, жан дүниемізге үңілетін мезгіл жетті. Атадан қалған өсиетке илансақ; - «Еңкейгенге еңкей - әкеңнен қалған құл емес, шал-

қайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес»» - деген қағидаға құлақ аспай жүрміз ау?! Олай болса, не істеуіміз керек?! Толғанайықшы? Дәл осы – Не істеу керектің? – жауабын іздеп көрелікші? Олай болса, өз ойымды айтпақпын, қалың жұртым сен тыңда...

І.Халқымыздың тектік қасиеті

Тектіліктің шырқау шыңы-ұлт боп ұю.

Ұждан

Сөз жоқ, ең алдымен халқымыздың тереңде жатқан тегі мен болмысындағы – мәйегі мен негізі – не екенін түсінгеніміз жөн. Сонда ғана саналы жанға, сонау көне дәуірдегі Күлтегіннің тасында» жазылған . «... Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда... Түркі халқының ел жұрты қалыптас-

қан» - дейтін өсиет сөздің жайдан жай айтыла салмағанын түсінеміз. Өткен тарихтың тылсымына үңіле түсіп ойласақ, әр сөзінің астарында құпияға толы сыр жатыр емес пе? Оның қайсыбірін тізбектетіп айта бересің?

Көнеден келе жатқан ұлттық құндылығымыздың ең асылы – «Жеті атаға жетпей қыз алыспау» - дәстүрі екенін, әлі де біздер ұрпағымызға терең талдап түсіндіре алмай жүрміз. Тіпті, бұл дәстүрдің дүниежүзі халықтарына «әйгілеуге» (брненд) болатын құдыретін табиғи сұрыптауды – жіліктей жіктеп жатпай ақ, асылымызды түсінбеудің салдарынан, бүгінгі қазақтың - жершілдік пен ру руға, тіпті үш жүзге бөлініп жүрген - парасатсыздыққа толы парқымызды айтып, қысқа болса да тоқталуға мәжбүрміз. Ендеше, осы тектес тәрбиесіздікті жүйелей талдап көрелік;

-Иә ә, шыныменде мың өліп, мың тірілген жұртымыз - қырық үш (43) тайпадан тұратыны белгілі. Міне, осынау қырық үш тайпаның әр адамының тектік қасиеті, антрапатологиялық зерттелгенде – бір адамдікіндей екені, басқа жұрттың ғалымдарын таң тамаша күйге түсіріпті. Осы уақиғаның куәсі болған, академик Оразақ Смағұлов ғұламаның айтуынша: - «зертханада алынған осы дерекке – бүкіл әлем (ағылшын, неміс, француз, жапон, қытай т.б.) ғалымдары өз көздеріне өздері сене алмай» - әуре болған екен. Халқымыздың тегіндегі «теңдесі жоқ феноменнің» сыры мен сипатына көңіл аударсақ, бүгінгі біздердің – жүзге, тайпаға, руға – бөлініп сандырақтап жүргеніміз, өз асылына күйе жаққан надандық екен. Кәнеки, осы құбылыстың сырына, саналы жүрекпен көз жүгіртіп көрелікші?!

Мінеки, сонда әлем ғалымдарын таң қалдырып отырған тылсым құбылыс – «жеті атаға жетпей қыз алыспау» - дәстүрінің құдыреті екен. Иесі қазақтың әрқайсысындағы тектік қасиеттері бірлікте болса – үш жүз түгіл, руға бөлінудің өзі – нағыз парасатсыздық емей немене?..Әлі дағы осы құбылысты ашыңқырап айтсақ, атадан балаға жалғасып келе жатқан, әр қазақтың үш жұрты – ата жұрты – нағашы жұрты – қайын жұрты бар екені белгілі ғой. Осынау үш бірдей жұрттың әрқайсысына тиесілі жеті атаны бір біріне көбейтсек, манағы айтылған қырық үш (43) рудың қаны, әр қазақтың тамырында ағып тұрғанын ұғамыз. Олай болса, бүгінгі қазақтардың - жүзге, тайпаға, руға бөлінуі - өз халқының қадір қасиетін түсіне алмай жүрген надандық болып табылады. Ендеше, бұдан былай кез келген қазақ, өз руы мен жеті атасын білуі – хал-

қының тегін сақтау – деп қана ұққандары жөн. Отбасы мен қоғам бірігіп, келер ұрпағымызға осылай түсіндіріп тәрбие беру, азаматтық парызымыз екені анық.

ІІ. Хан мен халық байланысы

Ханы азса – халқы тозады

Ұждан

Бұл айтқалы отырған дертіміз, Қазақтың сонау ХІУ ғасырда құрылған Хандық мемлекетінен бері қарайғы қасіреті деседе болады. Ел басқарған Хандары, халықтан өздерін биік ұстап бөлектенудің салдарынан, тәлім тәрбиеде аса ауыр (психологиялық) зардаптың болғанын ашып айтар мезгіл жетті.

Себебі, Хан Сұлтандарға – халықтың бірлігі мен білімі емес, олардың бөлек бөлек ыдырап жүргені қажет болған. Солар салып кеткен, «Үш жүз» дейтін лаң бүгінге дейін жалғасып отыр. Дәл осы мәселе жайында, Ш.Уәлихановтың профессор И.Н.Березинге жазған хатында: - «Каждый потомок Батыя хотел быть ханом и иметь народ: так я думаю, образовались ханство Крымское, Казанское орда Чорайгаковская, союз узбеков – шейбанов и казаков» (Ітом, 1984, 164 б.) - деп ашынады. Мінеки, бүгінгі айтып отырғанымызды ғалым Шоқан өткен ғасырда ақ байқаған екен. Бұл мәселе, бұрын соңды талданып айтылған да, жазылған да емес. Халқымыздың бұл қасіреті мен кемшілігін айтпауға сірә болмайды. Бірақ, тек ғылыми негізде көрсету, ұрпақ тәрбиесі үшін ауадай қажет. Себебі, бұл дерттің, ұлттық идеологиямыз үшін де маңызы зор. Ұрпақ тәрбиесіне қажет, ұлтымыздың осынау қасыретінің де өзіне тән бірнеше себептері бар;

Бірінші – Қазақ хандары - Шыңғысханның ұрпақтары екені белгілі.

Екінші – Олар тектерін, Қазақ халқынан бөлектеп есептеген.

Үшінші – Шыңғыстың ауыр тағдырынан, балалары отбасы тәрбиесі түгіл, тегінің иә - қалмақ, иә - қазақ екенін білмей өскен.

Міне, осындай тыртығы терең себептердің салдарынан, қазақ халқының тәлім тәрбиелерінің ауыр жағдайда болуы, немесе, бүгінгі түсінікпен айтсақ, оның ұлттық идеологиясының бұрыннан ақ жүйеленбегені анық байқалады. Бұл тұжырымның дәлелдері, халқымыздың мемлекет құрған дәуірінде өте жиі кездеседі. Солардың бәріне тоқталып жатпай ақ, жалпы халыққа әсері болған негізгілерін атап өтуді жөн көрдік. Мәселен, ең ауыр кемшіліктері ретін-

де, хат танытпай ұстағандарын айтуға болады. Қазақтың хандық мемлекеті неше ғасырлар созылса да – елінде бірде бір мемлекеттік медрессесі болмауы – адам жанын түршіктіретін іс. Өйткені, бұл кезеңдерде, Шығыс пен Батыс елдерінде, тіпті академия мен университеттері болғаны белгілі. Халқымыздың хат тануы, олар үшін қажеттілік болмаған тәрізді. Хандық дәуірдің бұдан өткен сорақысы, тұрақты армия ұстамағандықтан, жаугершілігі мол сол заманда, халқымыз аса ауыр шапқыншылықтарға ұшырап, үнемі қан кешумен болғаны белгілі... Шабылған елді азат етудің ауырлығын, олардың жан ашымастығы деуге әбден болады.Шыңғыс ханның ұрпақтары өздеріне – Төре дейтін жалған ру жасап, ақ сүйекпіз деуі де асып тасқандық еді. Тура осындай мінез көрсетіп, жалған ру жасаған Қожаларды да - айтпай кетуге болмайды. Бұл екеуі де тегінен тартып қарасақ – Төрені де, Қожаны да - ру деуге келмейді. Оның үстіне өздерін өздері ақ сүйекпіз деулері де ұят іс. Өйткені табиғи сұрыптаудың негізі болып табылатын – жеті атаға жетпей қыз алыспауды – бұл екеулері де бертінге дейін ұстамаған. Олар, тіпті өзді өзіне үйленудің салдарынан аза бастағандарын байқап, қазақ руларымен құдаласуды кейінірек қабылдайды. Егер нағыз ғылыми негізге сүйенсек – ақ сүйекпіз – деп, табиғи сұрыптаумен қаны мен тегін таза ұстаған, қазақ халқы ғана айтылса керек. Осынау келтірілген деректердің барлығынан да байқалатыны, халқымыз қараңғылықтың қапасында қалып, өз тарихын жақсы білмегенін аңғару қиын емес. Әйтпесе, Төрелердің руы – Қият, Қожалардың руы – Сунақ екендігін айтсақ, тек олардың басқа ортаға түсіп қалған Алаш тұқымдары екендігі айдан анық. Осылардың өзі ақ, Хандық мемлекетімізден бастап, бүгінгі Тәуелсіздігімізді қоса айтқанда – Қазақтың ұлттық идеологиясы – жасалмағанын анық аңғартады. Әйтседе, біздерді осы уақытқа дейін сақтап келген, кемеңгер ата бабамыздың салт-дәстүрінің киесі екенін түсінгеніміз жөн.