Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Еркектер неге аз өмір сүреді?


15 июля 2011, 07:46 | 2 590 просмотров



Мына бір қызықты қараңыз, мамандардың зерттеулері бойынша, Кавказ және Орта Азия елдерімен салыстырмалы түрде қарағанда еркектер мен әйелдер арасындағы өмір сүру және жас алшақтығы жөнінен Қазақстан бірінші орын алатын көрінеді.

Осыған байланысты біздің елімізде зерттеу жұмыстарын жүргізген профессор Мишель Гийо Қазақстан әйелдері қазіргі уақытта еркектерге қарағанда, он жыл ұзақ өмір сүретінін дәлелдеп шыққан. Дегенмен оны таңдандыратын жайт-тар да баршылық екен.

- Әлемдік жүйе бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы орташа өмір сүру ұзақтығы 4-5 жылды құрайды,-дейді Статистика агенттігінің демография және әлеуметтік департаменті директорының орынбасары Ерболат Мұсабек. Қазақстанда бұл көрсеткіш осыдан екі жыл бұрын 12 жылды құраған еді, биылғы жылы бұл көрсеткіш 10 жасқа дейін қысқарды.

Мамандардың ақпаратына қарағанда, бүгінгі кезде Қазақстан Республикасында ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 63,5, ал әйелдердікі 73,2 жасты құрайды.

Дегенмен бір қуанатыны, профессор Мишель Гийо балалар мен жасөспірімдер арасындағы өлім-жітім азайып келе жатқанын айтады. Бұл Орта Азия мен ТМД арасындағы ең төменгі көрсеткіш.