Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАНТ ДИАБЕТІ


25 марта 2011, 07:46 | 9 640 просмотров


Қант диабеті-үйқы безінің бетта клеткаларың инсулинді аз мөлшерінде шығаруымен, зат алмасу процестерінің бұзылуымен сипатталады. Балаларда қант диабетінің ең жиі кездесетін түрі инсулинге тәуелді түрі. Диабетпен барлық жастағы балалар ауырады, соның ішінде 5-13 жас аралығындағы балаларда жиірек кездеседі.

Себептері: Тұқым қуалаушылық. Жұқпалы аурулары: Қызылша,қызамық, желшешек, тұмау т,б әсерлер. Көмірсулар мен майларға бай, тәтті тағамдарда қалыптан тыс көп қолдану. Психикалық, физикалық стрестердің салдары.

Қанты диабеттің балалардағы ерекшеліктері:Ауру жедел, белсенді түрде басталады. Қантты диабет балаларда ауыр түрде өтеді. Аурудың асқынулары жиі кездеседі.

Клиника. Қантты диабетке тән белгілер: Полидипсия-қатты шөлдеу. Полиурия- жиі және көп мөлшерді зәр бөлу.

Зәр ақшыл түсті, қант араласу салдарынан тығыздығы жоғарылайды. Баланың тәбеті жоғарылайды, көп тамақ жейді-Полифагия, соған қарамай бала салмақ қоспайды. Бұл белгілер негізі белгілер Триадасы, одан басқа белгілер:тері қабаты құрғап қышиды, шаш арасында және бетінің ұшында экссудативті диатез өзгерістер пайда болады. Тері қабатының, жалпы организмнің қорғаныш күштері төмендейді. Сондықтан ұзақ уақыт жазылмай жүретін іріңді аурулармен асқынады. Қан тамырларының склерозға ұшыруына байланысты бала тез шаршағыш , ұмытшақ болады, Миопия, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, жүректегі өзгерістер байқалады. Қанда қант мөлшері жоғарылайды.

Асқынулары:Аурумен тікелей байланысты асқынулар: гипергликемиялық диабеттік кома, гипоргликемиялық кома, диабеттік ангиопатиялар.Стоматиттер, вульвовагинит, пиоленфрит т,б аурулар туындайды.

Гипергликемиялық кома.Себептері:диагноз дер кезінде анықталмай қалу, инсулин тағайындаудағы қателіктер,диетаны сақтамау,психикалық,физикалық стрестер. Алдымен прекома белгілері білінеді:Полидипсия, полиурия әлсіздік, енжарлық, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнып, құсу. Осы мерзімде балаға жедел көмек көрсетілмесе, бала комаға түседі- есін жоғалтады, көздің қарашығы кішірейеді, рефлекстері әлсірейді, тері қабаты көгіс тартады. Бұлшық ет тонусы төмендейді. Куссмауль типті дем алысы пайда болады, тахикардия, жоғары гипергликемия, глюкозурия, баланың аузынан ацетон иісі шығып тұрады.

Гипогликемиялық кома. Себептері: организмге тағам арқылы қант аз мөлшерде түсу, инсулиннің дозасының артып кетуі, инсулин алғаннан кейін немесе ашқарынға организмге көп күш түсу.Кома тез басталады: бала қатты әлсіреп терлеп кетеді, қатты қарны ашады, тахикардия, қан қысымы төмендейді, есін жоғалтып құрысып- тырысу байқалады.

Қанда - қант мөлшері 5,5ммоль\ л-ден төмен түседі.

Емдеу. 1.Диетотерапия-тамақ құнарлы болумен қатар, майлар мен тез сіңірілетін қант-тардың мөлшерін шектеу қажет, тамақтандыру жиілігі тәулігіне 5-6 рет. Баланың рационында көбірек қантты аз көкөністер, сұлы, қарақұмық жармалары, сүт тағамдары жеткілікті болуы қажет. Ет, балақ, жұмыртқа шектелмейді, бірақ ет семіз бомағаны дұрыс. Белок мөлшері де шектелмейді.

2.Күн тәртібі-мектеп жасындағы бала дене шынықтыру сабағында арнайы топқа қатысады. Бала әсіресе инсулин алғаннан кейін және ашқарынға көп энергия жұмсалатын қимылдар жасамау керек.

3.Негізгі емі - Инсулинмен емдеу-инсулин препаратының әсер ету ұзақтығына байланысты 3 түрі бар. 8 сағат, 10-14 сағат және 24-36 сағ.

Табылған инсулиннің тәуліктік дозасын 3 немесе 2 ретке бөліп салу керек. Тағы бір ерекшеліктері:

•Әр еккенде егу орны алмастырылып отырылады.

•Егер алдында препаратты дене температурасына дейін жылыту қажет.

•Ине үшкір болғаны жөн.

•Препарат жай егілу қажет.

4. Витаминдер комплесі- қорғаныш күштерін арттыратын дәрілер, симптомдық ем кейде анаболикалық гормондар жүргізіледі.

Жедел жәрдем. Гипергликемиялық комада: а) тез инсулин егу. б) дегидратациямен куресу

в) құсу кезінде асқазанды және ішекті шаю, г)смптомдық ем жүргізу.

Гипогликемиялық комада: команың дәрежесіне қарай жүргізіледі. а) жеңілдеу түрінде тез сіңетін, қантқа бай тағамдар, тәттілер жегізу- тәтті шай, кисель, компот, әсел, ботқалар, ақ нан т.б) ауыр түрлерінде-көк тамырға 20-40% глюкоза ерітіндісін шапшыта немесе 5-10% тамшылата егу (комадан шыққанша), ылғалдатылған оттегін беру, қант қысымын көтеретін дәрілер егу.

«Д» бақылау. Ауыратын балалар диспансерлік есепке алынып,эндокренолог және педиатрдың бақылауында болу қерек, жылына 1 рет окулист,невропатолог,дәрігерлердің консультациясынан өтіп тұрады.

Алдын алу.Қауіп-қатер тобындағы балалар бақылауға алынып, эндокринологтың тексерілісінен жылына 2 рет өтіп тұру қажет.Балаларды жұқпалы вирусты аурулардан сақтандыру,баланың рационына қант мөльшерінің нормадан аспауын қадағалау керек.

Автор:
Ж.Н. БУРИБАЕВА, МҚК «Талғар медицина колледжі» Жоғары санатты Балалар аурулары пәнінің оқытушысы