Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

24 НАУРЫЗДА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН КҮРЕСУДІҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК КҮНІ


25 марта 2011, 07:50 | 2 738 просмотров



Алматыда туберкулезбен күресудің бүкіләлемдік Күнінің қарсаңында пресс-конференция өтті. Оның бастаушысы Салауатты өмір салтын құрудың проблемаларының Ұлттық орталығы (СЈСҚПҰО) болып табылады. Оның барысында қауіпті ауру-сырқаудың көрсеткіштірінің жақсарғаны туралы айтылды.

Туберкулез – бұл Кохтың таяқшалары деп жиі аталатын қышқылға тұрақты микробактериялардың бiрнеше түрлерімен шақырылатын жұқпалы ауру. Ауру өкпенің, сөл жүйесінің, сүйектің, тамырлардың, несеп мүшелерінің, терінің, көздің және жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Ауруды емдемеген жағдайда ол үдеп, өлімге әкелуі мүмкін. Туберкулез адамнан адамға ауа-сілекей жолымен беріледі.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассоциациясының мәліметтеріне сәйкес, бүкіл әлемде 9 миллионан астам адам жыл сайын туберкулезбен ауырады, ал 2 миллион адам аурудың асқынып кетуінен қайтыс болады. Аурудың 60% дамушы елдерге келеді.

Қазақстанда Туберкулез мәселесінің ұлттық орталығының ақпараты бойынша ауру ақырғы бес жыл ішінде 28 пайызға, ал өлім – 40 пайызға төмендеді. 2009 жылы ауру көрсеткіші 16 пайызға төмендеді және 100 мың халыққа 105,4 жағдайының санын құрады. Сонымен қатар жыл сайын қайта айқындалған аурулардың 20 мыңнан астамы тіркеледі. Басқа жағынан мультитөзiмдi, яғни дәрiге тұрақтылығы бар туберкулездiң өсуі байқалады. Мұндай ауру формалары уақытында және дұрыс емес емдеу кезінде, сонымен қатар басқа да факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Өткен жылы мультирезистенттік туберкулез 100 мың адамға 8,5 оқиға тіркелген. Сондықтан медициналық қызметкерлер флюорографияны жүйелі түрде өтуге және уақытында емделуге кеңес береді.

«Халық туберкулездің не екенін, аурудың белгілерін және оның бірінші симптомдары байқалған кезде қоғамның әрбір мүшесіне не істеу қажет екеніне хабардар болу қажет. Туберкулез диагностикасы мен емделуі республикада тегін жүргізіледі. Және оны кез келген адам білу қажет!» – дейді Малик Аденов, Туберкулез мәселелерінің Ұлттық орталығының бас дәрігері.

Туберкулез – бұл әлеуметтік құбылыс, өйткені ол көбінесе түрме тұтқындарында, жұмыссыздарда, сонымен қатар жағдайлары төмен деңгейдегі адамдарда байқалады. Салауатты өмір салтын құрудың проблемаларының Ұлттық орталығының бас директоры Сәуле Диқанбаева: «Пенитенциарлық жүйеде, сыртқы және ішкі мигранттардың денсаулығының жағдайларын бақылауда туберкулезді алдын – алу және емдеудің көптеген мәселелері бар. Екiқабат әйелдердiң арасында туберкулезбен ауру ерекше алаңдаушылықты туғызады. Статистика мәліметтері бойынша 2008 жылы қатал диагноз қойылған 100 екіқабат әйелдер және өмірдің алғашқы жылының 18 балалары тіркелді. Сондықтан біз үшін басым бағыттар ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады».

Екіқабат әйелдердің туберкулезбен ауыратын өте қолайсыз аудандардың бiрлерi Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Солтүстiк Қазақстан облыстары болып табылады. Бірақ аман-есен адам туберкулезбен ауырмайтынына сенім артпау қажет, әсіресе оның организмі әлсіреген жағдайда болса. Сондықтан келесідей симптомдар пайда болған жағдайда: кеудедегі ауру, екі апта бойы жөтел, дене ыстығының жоғарылауы, түнгі терлеу, жалпы сырқаттану, ентiкпе, тәбеттiң төмендеуi, жүдеу және әлсіздік кезінде дәрігерге қаралу қажет.

Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының директоры Бауыржан Байсеркиннің айтуы бойынша, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі өткен жылы ауру-сырқаудың жағдайларының 50 пайызын айқындауға мүмкіндік берген, скринингтік профилактикалық байқауларын үнемі өткізеді.

Кешеуiлетпеңiз! Туберкулезбен күресудің Бүкіләлемдік күнінде тексеруден өтіңіз және өз жолдастарыңызбен және жақындарыңызбен ақпаратпен бөлісіңіз!