Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Артериялдық гипертония – қауіпті ауру


28 января 2011, 07:42 | 16 675 просмотров



ГИПЕРТОНИЯ – АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУРУ. ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ. ОЛ ЖҮРЕК , ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ , ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ , БҮЙРЕКТІҢ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДА ӨЗГЕРІП ТҰРАДЫ . КӨП ЖАҒДАЙДА ТОЛҚУЛАР, ҚАТТЫ АШУЛАНЫП – ҚАПАЛАНУ ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНЕ ӘКЕП СОҒАДЫ.АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ УАҚЫТША КӨТЕРІЛУІ : 130/ 80 ММ 139/89 ММ СЫНАП БАҒАНАСЫ БОЙЫНША БОЛСА, ОДАН ЖОҒАРЫ КӨТЕРІЛСЕ ЖӘНЕ ҰЗАҚ УАҚЫТ ТҮСПЕСЕ ЖҮРЕККЕ ЖӘНЕ МИ, БҮЙЕК, КӨЗ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА САЛМАҚ ТҮСІРІП АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯ АУРУЫНА ӘКЕП СОҒАДЫ. МҰНДАЙ ҚАЛЫПСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА , ӘЙЕЛДЕРДЕ КЛИМАКС ЖАҒДАЙЫНДА, ІШІМДІККЕ САЛЫНҒАНДА , ШУЛЫ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМДАРДА, ЖАТТЫҒУ ЖАҒДАЙЫН ӨЗГЕРТКЕН СПОРТСМЕНДЕРДЕ БОЛУЫ МҮМКІН.

Гипертония ауруының кездесуіне тұқым қуалау факторы да әсер етеді. Гипертония ауруы артериялық қан қысымының көрсеткіші және адамның жай – күйіне байланысты 3 сатыға бөлінеді. Алдымен уақытша көтерілу . 130/85 – 139/89 – бағаланады.

I – саты: Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойынша 140/90 – 159/99 мм. Адамның ұйқысы бұзылып , шаршау, жүрек қағу, мазасыздық пайда болады.

Бұл жағдайлар дұрыс дем алып , тыныштандыратын дәрілерден кейін қалпына түседі.

ІІ – саты : Артериялық қан қысымы 160/100 – 179/109 мм аралығында және бас ауру, жүрек айну, жүрек шаншу, бас айналуы мүмкін. Мазасыздық, шаршау, ұйқы бұзылу арта түседі. Бұл жағдайда жүрек , ми қан тамырларында өзгерістер пайда болады және қан қысымын төмендететін дәрілер қабылданған соң қалпына келгенімен тұрақты бір көрсеткіште тұрмайды.

ІІІ – саты: Артериялық қан қысымы 180/110 – дан бастап және одан жоғары көрсет-кіште үнемі болатын жоғарғы қан қысымынан жүрек бұлшық еттері мен қан тамырлары қабырғаларында болған қауіпті өзгерістерге (атеросклероз) байланысты ауытқулар болуы мүмкін:

-Инсульт / ми қан тамырларының зақымдануы/

-Миокард инфарктісі / жүрек қан тамырларының зақымдануы/

-Бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі / бүйрек қан тамырдарының зақымдануы/

-Соқырлық / көз қан тамырларының зақымдануы/

Жүрек қан тамырлары жағынан аурудың асқынуы бойынша қауіптілік алғашқы 10 жылда пайызбен (%) есептеледі.

1.15% - ға дейін – төменгі қауіптілік

2.15 - 20% - ға дейін – орташа қауіптілік

3.20 - 30% - ға дейін – жоғары қауіптілік

4.30 % - ға дейін – өте жоғары қауіптілік

Қауіптілік пайызы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым асқыну аурулары да қиындау болады.

Гипертония ауруының қауіптілігі көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенін білмегендігінде. Сондықтан әр жағдайда:

-Бір ретте болса қан қысымы көтерілген болса,

-Туыстарыңыздың қан қысымы жоғары болса,

-Жасың 35 – тен асса және артық салмағыңыз болса,

-Қант диабетімен ауырсаңыз,

-Климакс уақыты болса,

-Темекі шексеңіз,

-Ішімдік пайдалансаңыз,

-Нерв жүйесіне артық салмақ түссе және ішкі жай – күйіңізде жайсыздық болған жағдайда дәрігерге көрініп, қан қысымыңызды өлшетіңіз. Ауруды уақытында анықтау, дер кезінде емдеу аурудың асқынуынан сақтайды.

Ең бастысы аурудың алдын алу, ол үшін:темекі шегу, ішімдікке салыну сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу. Артық салмақ та зиян екенін естен шығармайық.

Салмақтың азюы тек қана артериялық қан қысымын төмендетіп қоймайды, холестерин мөлшерін азайтады және қан тамырларында атеросилероздық өзгерістерді төмендетеді. Мысалы: артық салмағыңыз 5 кг – ға азайтса қан қысымыңыз 5,4/2,4 мм-ге төмендейді. Сондықтан салмағыңызды күнде таңертең өлшеп тұрыңыз.

Артық салмақ кетле индексі бойынша: = есептеледі. Егер 25 тен жоғары болса , артық салмақ,ал 30 дан жоғары болса семіру деп есептеңіз. Сондықтан күнделікті тамақтан қантты, тәттілерді, ұн – нан тағамдарын , малдың майын, сары май, майлы етті, қою шай, кофені, қою сорпаны шектеу қажет. Күніне 3 -4 рет тамақтану қажет. Соңғы тамақ ұйқының алдында 2 -3 сағат бұрын, ал ертеңгі тамақ пен кешкі тамақтың арасы 10 сағаттан артық болмауы керек. Тамаққа ас тұзы аз мөлшерде қосылуы керек. Әр адамға күніне 3,5 – 5г ( 1 шай қасық ) тұз жеткілікті.

Ет – май тағамдарын өсімдік – көкөніс тағамдарына алмастыру қажет. Күніне 5 дана көкөніс өнімдерін жеу шетелдерде жақсы көрсеткіштер берген. Жүрек қан тамырларына қажетті К – Mg тұздары бүтін піскен картопта, фасольде, бұршақ, өрік – мейіз, қара өрікте, сұлыда, қызыл қызылшада, қарақатта, сәбіз, асқабақ, алмұрт, апельсинде, тауық етінде, балықта болады. Дене шынықтыру жаттығулары, таза ауда серуендеу, күніне 40 мин жаяу жүру, еңбек және дем алу тәртібін сақтау, әр кезде артериялық қан қысымын өлшетіп тұру – артериялық гипертония ауруының алдын алудың басты кепілі.

Егшер дәрігер сіздің қан қысымыңызды бірнеше рет өлшеп артериялық гипертония ауруыңызды анықтаған болса; онда жоғарыда көрсетілген ақыл – кеңеске қоса мына жағдайды есте ұстаңыз.

-Дәрі ұзақ уақыт, өмір бойы қабылданады,

-Дәрі мөлшері дәрігермен анықталып, өзгеріп тұруы мүмкін,

-Әр ауруға өз дәрісі – белгіленеді,

-Күніне 1 -2 рет қана қабылданатын дәрі пайдалы, дәрі 2 - 3 түрлі болуы мүмкін,

-Кенеттен көтерілген қан қысымы дәрінің түрін өзгертуді қажет етпейді.

Есте сақтаңыз: гипертония ауруынан адам бір жолата жазылып кете алмайды, тек өмір сүру бағытын өзгерту және үнемі дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі қабылдап отыру арқылы ғана қан қысымын бір мөлшерде ұстауға аурудың асқынуынан сақтануға болады.

Жұмыс тәжірибесi

Артериалдық қан қысымының жоғары деңгейде болуына байланысты диспансерлiк бақылауда тұрган аурулар саны;

2008 жылы 16 онын iшiнде 12 әйел.

2009 жылы 25 онын iшiнде 16 әйел.

2010 жылы 35 онын iшiнде 25 әйел.

Жаңадан дәрiгердiң бақылауына алынған аурулар санының өсуi; жасаңғырауы байқалады.

Қорытынды

Артериалдық қан қысымының жоғарылауына байланысты дәрiгерлiк бақылауға алынған аурулардың санының өсуi белсендi анықтауга және себептердiн көбеюiне байланысты болды.

Аурулардың өз қан қысымын өлшеу сауаттылығы, белсендi анықтау,күнделiктi дәрiгер белгiлеген дәрiлердi қабылдап тұруы, саламатты өмiр салтын сақтауы-аурудың әр түрлi асқынуларынан сактайды.

Автор:
Б.Б.САҒЫМБЕКОВА,I – санаттағы терапевт - дәрігер. Ақсу ауданы.