Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛТЫН ИНЕ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ


28 января 2011, 07:55 | 18 917 просмотров



Таңертең көзін тырнап аша салып таблеткаға қол созатын адамдар уыс-уыс дәрі ішуді әдетіне айналдырып алғанын аңдамай да қалып жатыр. Ал құрамында химиялық қоспасы бар дәрілер бір аурудан емдесе, жоқ ауруды қозғап шығаратыны белгілі. Аурудан қажып, дәрмені таусылған адам жанталасып ең соңғы мүмкіндіктерді іздей бастайды. Емшілерге сенбейтін, бақсы-құшнаштардан алпыс шақырым аулақ жүретіндер, неге екені белгісіз, Шығыс-Тибет медицинасы дегенде бұл емдеу тәсілін мойындайтынын білдіргендей үнсіз келісіп, иланып қалатыны бар. Тіпті Тибет медицинасын Қытай өзінің 5000 жылдық тарихы бар ұлттық медицинасының қатарына әлдеқашан қосып алған. Сонымен, Шығыс-Тибет медицинасы деген не? Ол қандай ауру түрлерін емдейді? Өркениетті елдердің өзі не себепті алтын ине салдыруға құлықты? Алтын иненің адамды аяғынан тұрғызатындай не құдіреті бар? Міне осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.

Біріншіден Ағзадағы мүшелердің дұрыс жұмыс істеуі қан айналысы жүйесімен байланысты. Адам бойындағы 7-8 литр қан жүректің қуатты күшімен денеде айналып отырады. Шығыс-Тибет медицинасында қан жүйесін басқарып отыратын мерадиндар болады. Қазақша айтқанда – жан. Мерадиндар он төрт сызықтың бойымен жүріп отырғанда 695 ем нүктесін анықтайды. Шығыста тұнық тәжірибе негізінде дәлелденіп, емнің қайнар көзі ретінде сақталған. Ауруды қан жүйесінің сыртындағы мерадин арқылы іздеу тәсілі өте ескіден келе жатыр. Адам денесін пышақпен кесіп, ақтарып, шешімін таппаған ауруларды ине салып жазуға болады дейді шығыс медицинасының мамандары. Бұл медицина Тибеттен, яғни тау халықтарынан келгенімен, қытай қолға алып, арнайы ғылыми академиялар ашып, дамытып, өзінің төл медицинасы сияқты тума тәсілі етіп алды.

АЛТЫН ИНЕНІ ҚАБЫЛДАУДЫҢ

ПАЙДАСЫ НЕДЕ?

Ежелден ине салдырудың кері әсері болмайтыны, адамның одан зиян шекпейтіні дәлелденген. Американың өзінде 80 пайыз нашақорларды осы әдіспен емдейді. Арақ пен темекіге үйірлікті де осы алтын иненің күшімен жоюға ден қойып келеді. Инені құлақтағы нүктелерге салу арқылы ауруын басқаруға және жаман әдеттен жирендіруге болады. Бір құлақтың өзінде 500-ден аса нүкте орналасқан. Мысалы, қытайлар еш жері ауырмаса да, жалпы ағза жұмысын жақсарту үшін, қуатын арттырып, жұмысқа, тұрмысқа, жалпы өмірге деген белсенділігін ояту үшін, есте ұстау қабілетін жақсарту үшін жылына бір-екі рет міндетті түрде ине салдырып тұрады. Қытайлар бұл медицинаның қыр-сырын өте құпия сақтайды. «Үйренемін» деп келген басқа ұлттардың адамдарына басын шұлғып, құлдық ұрып, ашық түрде үйрете бермейді. Өйткені бұл – олардың медицинасының алтын бұлағы, қайнар-бастауы.

ЕМДЕУГЕ ҚАНДАЙ ИНЕ ҚОЛДАНАДЫ? Негізінен, пайдаланатыны – алтын не күміс ине. Ауруға екеуінің де әсері бірдей, бірақ алтын иненің әсері күміске қарағанда сәл де болса жылдамырақ. Алтын иненің құрамы тұтас алтыннан құйылмайды, 70 пайызы ғана алтын, қалған 15 пайызы тазаланған мыс, қалған 15-і тазаланбаған мыс.

АЛТЫН ИНЕНIҢ «АЛТЫН» ЕМI

Дамыған деген еуропалық жолдармен шешiмiн таппаған ауруларды алтын ине салумен сауықтырып жiберуге болады. Тiптi рухани сырқат адамдардың өзi аз уақытта сауығып кетедi. Осы күндерi адамдардың пышаққа түсуi жиiлеуде. Мұны азайтудың бiрден-бiр жолы – ине салу. Оның ең басты ерекшелiгi де – табиғилығы. Алтын иненiң көмегiмен жүректен, бүйректен болатын қан қысымы, ағзаның шаршауы, қант диабетi, астма, зоб, бронхит, инфаркт, инсульттан кейiн тiлдiң, аяқ-қолдың жансыздығынан, дәрет жолдарын, ұйқысын қайта келтiру, ер адамдардың белсiздiгi, полиартрит, остеохондроз, шинохондроз, гастрит, асқазан аурулары, әйел адамда кездесетiн аурулар, невроз, жүрек-қан тамырлары, тiл шықпай қалу, ревматизм, паралич, эпилепсия, құлақтың шуылы, көздiң көру қуатының әлсiреуi, псориаз, жас балалардың төсек дәретiн тоқтату, миродермоз, нейродерматит, iшiмдiкке салыну, ұйқысыздық, киста, аллергия, гайморит сияқты ауру түрлерiн жазуға болады.

Бұл жалпы Шығыс халықтарынан тарайды. Оны қытайлықтар саралап бiр жүйеге келтiрдi. Қытайға барлық жақсылықтың бәрiн жаба беруге де болмайды. Өйткенi атаулы ғылым бiздiң ата-бабаларымыз қолданған халықтық емдеуiмен ұқсастығы да жоқ емес. Халқымыз арам қан алуды бұрыннан бiлген. Ежелгi ине қадаудың орнына ағаш таяқшалар жасап, сонымен аурудың осал әрi әсерлi тұсын тауып, жайлап ұрғылап жазуға жеткiзген. Жүйкесi жұқарған, қаны көтерiлiп ауырған адамдарға темiр айырларды қыздырып, соны денеге жақындатқан. Бұл жүйке жүйелерiне иненiң әсерiндей тiтiркендiрiп, емдеген. Бүгiнге дейiн дем салу (су бүрку) сияқты қазақи емдер жетерлiк. Дегенмен де, Қытайда көне дәуiрден бастап көптеген еңбектер жазылған. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiн III ғасырда жарық көрген 18 томдық «Хуанды Нецузин», тiкелей емдеуге арналған 12 томдық «Оон Цзин» еңбектерi пайда болған. Одан кейiн 1026 жылы «Түн женбшу теньцзю»(қола адам нүктелерiнiң атласы) атты көлемдi еңбектiң орны айрықша. Ол кiтапта емдеуге бағытталған ине қою нүктелерi сипатталады. сол заманның белгiлi ғалымы Ван Вен-н адамның қолдан жасалған мүсiнiне емдеу барысын анықтай отырып, 600 инемен емдеу нүктелерiн түсiрiп кеткен.

Бұл нүктелер 12 сызық бойына (меридианаға) орналастырылған. Оның ойынша әр сызық адам денесiнiң перифериялық бөлiгiн iшкi ағзалармен байланыстырады. Мұндағы Чтенб-цзю тәсiлi ғасырлар бойы дамып, толықтырылуда. Қазiр зерттеушiлер арқасында 14 сызық, 700-ге жуық нүктелер анықталса, болашақта одан да көбейетiндiгi анық. Жоғарыда аталған кiтаптар үлкен сiлкiнiс тудырды. Ондағы көрсетiлген нүктелер күнi бүгiнге дейiн толассыз қолданыста келедi.

«Ағаштың қурауы тамырымен, адамның қартаюы табанымен» деген қазақта керемет мақал бар. Адам баласының бүкiл мүшесi ағзамен тұтастай қосылып табанмен тығыз байланысқан. Қай жер ауырған болса, сол жердiң нүктесiн табаннан дәл тауып ине қойса немесе массаж жасаса ауырғаны сол заматта басылады. Қызмет атқарудан қалып, «ұйықтап» кеткен клеткасын ине салып «оятуға», яғни жансыз жерге жан бiтiруге болады.

Автор:
Әзірлеген Тау ШҰБАР.