Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Құрметтті оқырмандар, Құрметті мекеме басшылары!


28 января 2011, 07:59 | 2 393 просмотра


Өздеріңіздің төл басылымдарыңыз – «Жәрдем» газетінің басты мақсаты-медицина қызметкелері арасында өзара байланысты орнату, олардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашу, дамыту, оларға деген қоғам, билік назарын аудару, көпшілік құрметін қалыптастыру, еселі еңбектерін, жемісті жетістіктерін барынша насихаттау болып табылатынын жақсы білесіздер.

Сіз басқарып отырған ұжымда да еңбегімен әріптестеріне үлгі, елге сыйлы, өнегелі бола білген ақ халатты абзал жандардың көп екенін жақсы білеміз. Сондықтан «Жәрдем» газеті осындай озық тәжірибелі медицина қызметкерлерінің еңбегін насихаттау, осы салада ұзақ жылдар қызмет етіп енді зейнеткерлік-

ке шығатын ардагер қызметкерлерді міндетті түрде, сондай-ақ, жас та болса, жаңашылдығымен көзге түскен дәрігерлердің, орта буын мамандардың қызметін көпшілік назарына ұсынуды темірқазық етіп отыр. Осындай озық денсаулық саласы қызметкерлері жайлы, олардың туған күні мен зейнеткерлікке шыққан күніне арнайы құттықтаулар мен еңбектерін паш ететіндей тартымды мақалалар ұйымдастырып, газетімізге берулеріңізді өтінеміз. Бізге жіберген мақала, құттықтауларыңыз кезең-кезеңмен жарық көретініне кепілдік береміз. Және де осы арқылы Сіз бен біз ақ халатты абзал жандардың әлеуетін арттыруға тамшыдай болса үлес қосамыз деп сендіреміз.

Автор:
Құрметпен «Жәрдем» газетінің бас редакторы Бейбіт Мәмілеев.