Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АУЫЛЫМ - ӘНІМ


19 ноября 2010, 13:47 | 4 044 просмотра


Өлеңін жазған:Б.Тәжібаев

Әнін жазған:Е.Хасанғалиев.

Қайда жүрсем, туған жерім,

Сен есімнен шығармысың.

Жастық дәурен құрған жерім,

Көз алдымда тұрармысың.

Ғашық едім қыр гүліне,

Қызық-тойым сенде өтеді.

Сенде өткізген бір күніме,

Дүниеде не жетеді!

Сүйем таныс жолдарыңды,

Саған бастап әкелетін.

Сүйем жасыл талдарыңды,

Жанға ләззәт әперетін.

Сүйем айна көлдеріңді,

Мөлдіреумен қарайтұғын.

Сүйем белес-белдерінді,

Таң сәулесі тарайтұғын.

Саған жырдан сый арнағам,

Қиял құсын қуған жерім.

Туған жерін сүйе алмаған,

Сүйе алар ма туған елін!

Ауылымнан аттанарда,

Алтын аймақ ән салады.

Жол тынымсыз тартқан алға,

Жүрегімді нұр шалады...

Автор:
Айдарды жүргізуші Тау ШҰБАР