Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Құттықтау


12 ноября 2010, 18:39 | 2 504 просмотра


Ұлы жиһангер хаған Чингис Есүкейұлы (Тоғырыл ханның өкіл баласы!) бірде: «Әр адам өзінің туған күнін нақтылап алып, міндетті түрде тойлайтын болсын!»,- деп жарлық шығарыпты. Бұл жолы біздің әріптесіміз, аға журналист Ырысбай Кенжебайдың туған күні. Тумысынан ақкөңіл әріптесіміздің журналистік шеберлігі өз алдына, ал адамгершілік мінездері баршаға үлгі боларлық. Редакцияның кез-келген іс-шаруасының басы қасында, өзгелерге жетекші болып жүргені. Мінезі – бала, білігі – дана жан. Баспасөздегі еңбек өтілі отыз жылдан асса, тырнақалды туындысы он төрт жасында жарық көрген – «бала жазушы!». Текті жердің теті ұрпағы. Дауылпаз Махамбеттің аңсайтын Нұралы – арғы атасы. Әкесі Кежебай – ел таныған ақын, журналист. Анасы – Нұрзәкен елдің ұйытқысы болған айтулы ана. Шұбартауда бұл кісінің аты аталса, ел иіліп тағзым етеді. Шұбартауға жанын беретін, киелі жердің - тумалары - Уәйс, Бегеш шешен, Төлеу Көбдіков (атақты жырау)..т.т. бергісі тірі классик жазушы Мұхтар Мағауиннің жерлесі. Қазақ әдебиетінде мәңгіленген қасиетті тұлпар – «Нарғызылдың» 12 жасында шоқтығын ұстаған бала. Басылымдарда жиі жүретін «Тау Шұбар» деген бүркеншік есім де - Ырысбайдікі. Аудан газетінен бастап, облыстық телеарна, газеттерде үзіліссіз еңбек етіп келеді. Енді міне, ердің жасы – елуді еңсеріп, елудің үшіне толып отыр. Ұл-қыздарының барлығы аяқтанып, ең кішісі Университетте оқып жүр. Құдай қосқан қосағы Ғайнигүл де асыл жан. Қалалық ауруханада медбике болып еңбек етеді.

Әріптесіміз, әрі ақылшымыз Ырысбай Кенжебайұлын туған күнімен шын жүректен құттықтап, әр қашан қаламы мұқалмай, тағы бір елу жас жасауын тілейміз!

Автор:
Редакция алқасы