Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

2010 жылдың І-жартыжылдығы бойынша республикалық кеңес өтті


16 июля 2010, 09:40 | 2 174 просмотра


Денсаулық сақтау министрлігінің «2010 жылдың І-жартыжылдығы бойынша Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу қорытындылары туралы» республикалық кеңес өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ республиканың денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қатысты.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің (БҰДСЖ) енгізу нәтижесінде медициналық ұйымдар арасында бәсекелестік ортаны құру, халыққа медициналық қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай тарифтерді белгілеу, пациенттердің медициналық ұйымдарға қолжетімділігі, медициналық қызмет көрсету ашықтығы, медициналық ұйымды еркін таңдау құқықтарын қамтамасыз ету сияқты негізгі мақсаттар іске асырылғаны кеңесте атап өтілді.

Өңіраралық емдеуге жатқызу және республикалық клиникаларға емдеуге жатқызу мүмкіндігі пайда болды, БҰДСЖ енгізгенге дейінгі уақытта мұндай жоспарлы емдеуге жатқызу палаталық жағдайда немесе квота бойынша жіберілген кезде мүмкін болған. Осылайша, Емдеуге жатқызу бюросында тіркелген 258 мыңнан астам өтінімнен пациенттердің медициналық ұйымды еркін таңдау құқықтары сақтала отырып, тұрғылықты жері бойынша 94,6% адам ем алды, облыстан тыс – шамамен 2,5%, 3%-ға дейіні республикалық клиникаларда пациент ем алды.

Емделуге жатқызу бюросы арқылы жоспарлы емделуге жатқызуды ұйымдастырумен емделуге жатқызудан бас тартуға шағымдар 2009 жылдың 1-жарты жылдығында 8 есе азайды.

Емделуге жатқызу шараларын әрі қарай жетілдіру мақсатында жоспарлы емдеуге жатқызу бюросының порталы ұйымдастырылып, 1шілдеден бастап іске қосылды.

БҰДСЖ енгізумен өңірлердегі медициналық ұйымдарда жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) дамуда. Жартыжылдық бойы өңірлерде аорто-коронарлық шуннтау 2009 жылға қарағанда 2 есе артық орындалған, алғаш рет буындарды эндопротездеу бойынша 102 операция жасалған.

Денсаулық сақтау саласында жеке меншік секторды дамыту мақсатында медициналық мекемелерге медициналық қызметтің түрлерін сатып алу шараларын өткізу барысында барлығына бірдей жағдайлар жасалынды. Шарт жасасқан 838 медициналық мекеменің 103 мемлекеттік емес мекемелер қатарына жатады.

Бұдан басқа, бәсекелестіктің негізі мен дәлелі - емделген жағдайға бірыңғай тарифтерді белгілеу болып табылады, барлық емделген жағдайларға ақы «сапалы емге қомақты қаржы» қағидаты бойынша тұрғылықты жеріне қарамастан төленді. Медициналық-экономикалық тарифтер (МЭТ) медициналық қызметтерді жеткізушіге күшті стимул және олардың арасында емделген жағдайлардың саны бойынша қаржыландыруды бөлу болып табылады (сәуір айында олардың құны 39% ұлғайту төңірегінде қайта қаралған).

Тәулік бойғы стационарлық медициналық көмек көрсету жөнінде ағымдағы жылдың І- жартыжылдығында шекті көлемдерді орындау ағымдағы 118,6 % құрады; стационарды алмастырушы медициналық көмек –87,6%; ЖММК -100,4% құрады. Іс жүзіндегі шығындарды орындау жоспарланғаннан стационарлық көмек бойынша 136 %-ға, қарсы стационарды алмастыратын көмек 101 %-ға; ЖММК 127 % құрады.

Осылайша, БҰДСЖ қағидаттарын сақтау (медицина ұйымын еркін таңдау құқығы, барабар тарифтік саясат) бәсекелес ортаға әкелді, олардың белгісі – пациент-тердің облыстан тыс медицина ұйымдарында емделуі, өңірлерде ЖММК дамыту, жеке меншік медицина ұйымдарын дамыту, пациенттерді емдеуге қосымша сұраулардың мүмкіндігі және «сапалы емге қомақты қаржы» қағидаты бойынша қаржыландыру болып табылады.

БҰДСЖ-ны енгізуге дейін емделген жағдайға ақы төлеу 55,1 теңге көлемде орташаланған тариф бойынша жүргізілді. Бекітілген МЭТ бойынша емделген жағдайдың құны түрленеді, мысалы асқынбаған шұғыл аппендицитке 26,6 мың теңгеден және перитонитке 249,8 мың теңгеге дейін болады.

Осымен қатар, көлемдерге сараптама жүргізгенде МЭТ бекіткеннен біршама жоғары, бірақ төлеуге қабылданған шығындар жағдайлары орын алған. Мысалы, босану уақытында қан кетулерде іс жүзіндегі шығындар 48 есеге жоғарылады және 2,3 млн. теңгені құрады; жіті миокард инфарктісінде, қант диабеті аясындағы гипертониялық аурулар – 10 есе және 2,4 млн. теңгені құрады.

Медицина ұйымдары арасында бәсекелестіктің пайда болуына байланысты 1448 бос төсек қысқартылды, 709-і күндізгі болу төсектеріне, 944- талап етілетін бейін төсектеріне қайта бейінделді. Соның нәтижесінде бос төсектер көрсеткіші екі есеге азайды және ағымдағы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда (18,5%) 8,5% құрады.

Осымен қатар, стационарлық көмек деңгейінің 10 %-ға төмендеуі және күндізгі болу төсегі түрінде стационарды алмастыратын көмектің 36,6%-ға өскені орын алды, мұнда 2009 жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 2 есе көп емделді.

Бірыңғай төлемшінің жүйесі ішкі менеджменттің өзгеруіне және медицина қызметкерлерінің еңбегіне сараланған ақы төлеуді ынталандыруға әкелді. Пациенттің медицина ұйымын таңдау нәтижелері және басқа үнемдеулер бойынша алынған еңбекке ақы төлеу қорын кеңейтуге жоспардан тыс қаржы қаражатын пайдалану мүмкіндігі нормалармен көзделген.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын түрінде (ШЖҚ-ғы МК) басқару менеджментін жетілдіру практикада еңбекақының 40 %-ға дейін жоғарылатуына әкеледі. Есепті кезеңде ШЖҚ-ғы МК-ге жоспарға сай 77 мекемеден 45 медицина ұйымы ауыстырылды (58,4%).

Пациенттердің емдеумен қанағаттану деңгейін анықтау үшін пациенттермен жиі-жиі социологиялық сауалдар жүргізіледі. ІІ тоқсанда жүргізілген социологиялық сауалдар І тоқсанға қарағанда медициналық көмектің қолжетімділігі мен уақтылы емдеуге жатқызу жақсарғанын көрсетіп отыр.

БҰДСЖ енгізу барысында 2009 жылдың 2 желтоқсанында Қостанай қаласында дайындық барысы жайында және бірінші тоқсан қортындысы бойынша 2010 жылдың 2 мамырда Астана қаласында республикалық кеңестер өткізілді.

БҰДСЖ-ны әрі қарай дамыту мыналарды:

- жетілдірілген медициналық-экономикалық хаттамаларды енгізуді;

- негізделмеген емделуге жатқызуды тоқтату жөніндегі шараларды қабылдауды;

- төсек қорын әрі қарай өңірлендіру және оңтайландыру, күндізгі стационарларды дамытуды;

- оңалту және қалпына келтіре емдеу бойынша технологияларды дамытуды;

- ғылыми республикалық клиникаларда және Ұлттық медициналық холдингте жаңа халықаралық технологияларды әрі қарай енгізуді;

- медицина қызметкерлері ұжымының еңбек уәждемесі бойынша мүмкіндіктерді іске асыруды;

- өңірлерде ЖММК-ні әрі қарай дамытуды;

- дәрі-дәрмектермен үнемі қамтамасыз ету шараларын жетілдіруді;

- бағасы қымбат сұранысы бар медициналық жабдықты сатып алудың және пайдаланудың лизингтік жүйесін енгізуді;

- шалғай елді мекендердегі медицина ұйымдарын кепілдік берілген қаржыландыруды қамтамасыз етуді;

- медицина қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу жөніндегі мүмкіндіктерді іске асыруды;

- шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар статусына медицина ұйымдарының қатарын ауыстыруды;

- медицина жұртшылығы арасында және тұрғындарды медицина ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы БҰДСЖ жөнінде кең масштабты түсіндіру жұмысын жалғастыруды болжайды.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.