Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысы Көксу ауданында кезекті кешенді оқу жаттығулар өткізілді


26 февраля 2018, 03:52 | 1 381 просмотр



2017 жылдың 26 желтоқсанында  № 01-18/13572 облыс әкімі тарапынанбекітілгеноблыстық азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарын, күштерін даярлау жөніндегі негізгі іс-шаралардың 2018 жылға арналған Жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айының  19-ы  мен 23-і аралығында Көксу ауданының басқару органдары, Азаматтық қорғау күштері және  құрылымдарымен «Азаматтық қорғау басқару органдарының, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының, авариялық-құтқару қызметтерінің жойқын жер сілкінісі  туындағанда іс-әрекеттері» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың  мақсаты: аудан басшылығының, Азаматтық қорғау қызметтерінің, эвакуациялық комиссияның, құрылымдардың командирлері мен жеке құрамның дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттар туындаған кезде, сондай-ақ айрықша кезеңде іс-шараларды жүргізуге әзірлігін, практикалық және теориялық білімдерін тексеру болды.

Кешенді жаттығуға ауданның басқару органдары, төтенше жағдайлардың алдын алу және  зардаптарын жою комиссиясы, аудандық  эвакуациялық комиссиясы, аудандық Азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары, шаруашылық жүргізуші объектілердің  Азаматтық қорғаныс бастықтары, ауданның Азаматтық қорғау құрылымдары, ауданның жұмыскерлері мен қызметшілері және халқының бір бөлігі қатысты.

Оқу – жаттығудың қойылымы бойынша жойқын жер сілкінісі салдарынан көлік базасы ғимаратында өрт шығып, ғимаратқа жақын жерде электржүйесінде апат орын алды.

Ауданның шұғыләрекет бөлімі мен азаматтық қорғау қызметтерінің құрылымдары жұмыс істейтін халықты қауіпсіз аумаққа эвакуациялау, электр сымдарында орын алған апат пен шыққан өрттің салдарын жою тәртібін көрсетті.

Кешенді оқу-жаттығудың соңында әкімнің орынбасары Халелов Д. қорытынды жасап, негізгі жетіспеушіліктерге нұсқау жасады. Сонымен қатар практикалық іс-шаралар кезінде жақсы көрсеткіштерге ие болғандарды да атап өтті. Аудан аумағында жойқын жерсілкінісі туындағанда ауданның басқару органдарымен құтқару және басқа да кезек күттірмейтін іс-шараларды  ұйымдастыру  жұмыстары  оқу-жаттығу барысында пысықталды.

 

Автор:
Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы