Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тау тұлғаға тағзым


15 января 2018, 11:19 | 1 061 просмотр



Биыл  қазақтың қалаулы ұлы,  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың дүниеге келгеніне 106  жыл. Осыған байланысты Талдықорған қаласында арнайы еске алу шарасы ұйымдастырылды. Танымал тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталған басқосу М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында жалғасты. Онда мұражайға Дінмұхамед Ахметұлының  студенттік шағында замандастарымен бірге 1930 жылдары Мәскеуде түскен суретінің түпнұсқасы табыс етілді.

ED2_6153-300x200.jpgфото Дмитрийи Ерофеев

 Жиналған қауым алдында сөз алған Қонаев қорының төрағасы Кәдіржан Жексенов:  — «Қадірлі халайық. Бүгін халқының шексіз сүйіспеншілігіне бөленген  ұлтымыздың ұлы перзенті  Қонаевтың туған күні.  Елу жыл ел басқарған  есіл ер бар ғұмырын көпке арнады. Небір қиын-қыстау кезеңдерде өзінің дана да парасаттылығымен сарабдал саясатын жүргізе білді.  Мәселен, ол кісі алғаш ел тізгінін қолға алған тұстары қазақтың саны небәрі 2 миллион 700 мың ғана болған. Ал, 1986 жылы бұл көрсеткіш еселеп артып ұлтымыздың саны 7 миллионнан асқан. 1955 жылы одақтас республикалар арасында Қазақстан 14 орында болса, 30 жылдан соң қазақ елі   алғашқы үштікке көтерілген. Желтоқсан оқиғасы тұсында Қонаев Мәскеу жағынан қаншама тергеліп, тектелсе де ешбір кінә табылмаған. Сол баяғы адал да ақиқатшыл қалпынан танбаған. Керек десең басындағы баспанасынан басқа еш байлығы болмаған. Бар байлығым халқым, елім, жұртым деген. Өзі: «Мен қаншалықты жоғары дәрежеде қызмет істесем де өзімнің халқымнан төмен екенімді бір сәт ұмытқан емеспін» деп айтып кеткен болатын.  Қонаев туралы Елбасы Н.Ә. Назарбаев та «Өз дәуірінің ірі тұлғасы» деп бағалаған еді. Сондықтан, ол кісінің еліне, жеріне сіңірген еңбегі ерен» — деді.

ED2_6234-300x200.jpgДмитрий Ерофеев

Осыдан соң ұлт мақтанышының көзін көрген аймақтағы абыз ақсақалдар өз естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі тұғыры биік Тәуелсіз елімізге мәңгілік бақыт тіледі.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто