Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Абайлаңыз, улағыш газ өте қауіпті!


11 января 2018, 05:06 | 2 191 просмотр



Алматы облысының аумағында 2017 жылдың 12 айында 181 млн. 106 мың. теңге материалдық шығынын құрайтын 1 964 өрттер тіркелген. Өрттерде 26 адам қаза болды, 40 адам жарақат алды.

Жылу беру маусымының басынан 2017 жылғы 15 қазаннан бастап 2018 жылғы 8 қаңтарға дейін Алматы облысының аумағында 22 адам улағыш газдан уланып, 3 адам улағыш газдан уланып қаза болған.

Тек қана 2018 жылғы 6 қаңтардан бастап 8 қаңтар аралығында улағыш газдан 17 адам уланған, оның ішінде 13 балалар.

Мысалы 2018 жылғы 6 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының ауруханасына улағыш газбен уланып 10 адам түскен, оның 6-уы балалар. Уланудың себебі қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы болған.

Адамдардың улануы және қаза болуының негізгі себептері пештерді орнату және пайдалану кезінде ережелерді бұзғандықтан және уақтылы түтіндіктерді тазаламағандықтан болған.

2017 жылы жылыту пешінен болған өрттер, жалпы өрттер санының 15,4 % құраған.

Пештердегі жарықшалар, бітеліп қалған мұржалар, құбырлар, осының бәрі улағыш газдың ішкі бөлмелеріне енуіне бірден бір себеп болады. Пешке таза ауаның жеткіліксіз болуы үйдің ішінде улағыш газының топталып қалуына әкеп соғады. Үйлердің тығыз құрылымдары сондай-ақ улағыш газбен улану қауіп-қатерін жоғарылатады, себебі олар еркін ауа алмастыруды қамтамасыз етпейді.

Сондықтан түзелмейтін зардаптарға әкелетін, тұрғын ғимараттарында пештерді және басқа да жылыту құралдарын пайдаланғанда оларға немқұрайлы қараудан асқан қорқынышты және қауіпті нәрсе жоқ екенін ұмытпаған жөн. Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелері сақталса, бұл бақытсыздықтың уақтылы алдын алуға болады, егер:

· жылу беру маусымының алдында үйлерде пештер тексеріліп және ақаулықтары уақтылы жөнделсе. Құрылыс нормалары және ережелері әрбір пештің қатаң өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуін талап етеді. Пеш ағаш (жанғыш) қабырғаларына және қалқаларға жазығынан жанасып жатпауы керек. Шатырдың астында түтіндік каналдары өтетін барлық түтіндік құбырлар және қабырғалары сыртынан әктелген болуы қажет. Пештің алдындағы еденге 50х70 см. құрайтын пешалды металдан жасалған қаңылтырдың қағылуы қажет. Ұдайы түрде түтіндіктер мен пештерді оларға жиналып қалған күйеден тазартып тұру қажет (екі айда бір реттен кем емес);

· жанып жатқан пешті қараусыз қалдырған өте қауіпті;

· пештің оттығынан шығып кететін отынмен пешті жақпау;

· тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін металдан жасалған пештерді, уақытша қолдан жасалған пештерді өз еркімен орнатуға тыйым салынады;

Құрметті азаматтар, қатты отынмен жұмыс жасайтын пеш қондырғысын пайдаланғанда немқұрайлық таныту, мезгілсіз қаза болудың

себебі болуы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қайғылы зардаптарға душар етпеу үшін, пештеріңізге аса назар аударып, оларды ретке келтіріңіздер.

Автор:
Алматы облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы