Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қарттарымыз — асыл қазына


9 января 2018, 07:17 | 2 541 просмотр



Талдықорған қаласы әкімдігінің  бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты акция өтті. Осы шараға орай Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев Отан соғысының ардагерлері Алтынай Есболат пен Жетібай Қайыңбаевтың үйіне барып, қайтты.

Ел арасында «паровоз» апа атанған Алтынай  Есболат еліміздің мақтанышы Нұрбақыт баласын бірден танып, Олимпиада додасындағы күресін тамашалап, жанкүйер болғандығын айтты.Жетібай ата да  сұрапыл жылдардағы  естеліктерінен сыр шертіп, бейбіт күнде өмір сүріп отырғандығымыз тыныштық пен тұрақтылықтың арқасы, — деді .