Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жастар жылды қорытындылады


28 декабря 2017, 10:14 | 1 056 просмотров



Талдықорған агро-техникалық колледжінде  “Жетісу жастары ұйымының Конгресі” жастар қоғамдық бірлестігінің  өмірлік қиын жағдайға түскен жастардың әлеуметтенуі мен бейімделуіне бағытталған іс-шаралар бойынша қорытынды жиыны өтті.

Аталмыш шараға Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің басшысы Рашид Ержігітов, Талдықорған агро-техникалық колледжі директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбен Рахметбайұлы, “Жетісу жастары ұйымының Конгресі”  ЖҚБ үйлестірушілері Дәулет Ауданбаев пен Ержан Дәулетбаев қатысты. Ұлт жоспары — “100 нақты қадамның”  33-қадамын орындау аясында  пробация қызметі туралы жаңа заң  қабылданған болатын. Мамандардың айтуынша бұл қызмет түрі жазасын өтеу орындарынан шыққандарды  әлеуметтендіруге, оларға көмек көрсетуге шақырады. Осы мақсатта аталмыш бірлестік облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, пробация қызметімен бірлесе отыра бірқатар  шаралар өткізді. Мұндағы  басты мақсат — жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану, рухани құндылықтарға баулу.  Жиынға қатысушылар биылғы жұмыс барысында  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және девиантты мінез-құлықты жастар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер арасында  түрлі спорттық жарыстар, жайдарман ойындары, сондай-ақ, көшбасшылық қабілетті арттырар  семинар-тренингтер өткізілгендігін тілге тиек етті. “Баршаға мәлім, Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында көптеген шаралар атқарылуда. Осы орайда біз де Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында кездесу ұйымдастырып, театр репертуарындағы қазіргі таңда  өзекті болып саналар діни ағымдар мәселесін қамтитын “Хақ жолы” әлеуметтік драмасын тамашаладық. Алдағы уақытта аталған шаралардың барлығын тұрақты түрде жүргізетін  боламыз”,-дейді Дәулет Ауданбаев.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто