Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

13 миллион адамға қызмет көрсетілді


28 декабря 2017, 10:12 | 1 053 просмотра



ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.  Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, тиісті шешім шығарылды. Атап айтсақ, алдымен  сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманы бұзғаны үшін облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә. Ілімжановаға қатысты іске нүкте қойылды.

Осыдан соң аймақтағы Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А. Абдуллинаның және Президент Әкімшілігі жүргізген тексерудің қортындысы бойынша облыс әкімі аппараты басшысының жеке-жеке баяндамасы тыңдалды. Қорытып айтқанда, оларға  осыған дейін орын алған олқылықтарды жойып, түрлі үйрену курстарына қатынасу арқылы кемшіліктерге жол бермеу тапсырылды.

Келесі кезекте департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев ағымдағы жылы атқарылған істерді қорытындылап, жаңа жоба-жоспарларымен бөлісті.  Сондай-ақ, Серікбай Өрікбайұлы: «Бүгінде жалпы Алматы облысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 420 түрі бар. Ал, үстіміздегі жылы  13 миллионнан астам адамға қызмет көрсетілсе, оның 9 миллионға жуығы қағаз жүзінде, қалғаны халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы электронды түрде орындалған. Бастысы мұнда қызмет сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған талаптар қатаң сақтау қадағаланады. Оған қоса Алматы облысы әкімінің қаулысымен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелеріннен құралған  арнайы талдау тобы құрылған. Мәселен, олар үстіміздегі жылы  департаменттің бастамасымен 340-тан астам талдау  жүргізді. Сонымен бірге  көптеген алдын алу шаралары ұйымдастырып, 22 көлікпен Жетісу өңіріндегі әрбір аудан, қалалар толық қамтылды. Қазір аймақтағы барлық мекемелермен түрлі оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың мүшелері бар. Бұл жұмыстар бұдан былай да өз жалғасын таба беретін болады. » — деді. Жиын соңында бірқатар белсенді азаматтар мен БАҚ өкілдері арнайы Алғас хаттармен марапатталды.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто