Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мемлекеттік қызметшінің әдебі басты назарда


14 декабря 2017, 11:12 | 1 048 просмотров



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері Агенттіктің алқалы органдары болып табылады.

Облыстық Әдеп жөніндегі кеңесі ағымдағы жылы 13 отырыс өткізіліп, 94 мәселе қаралды, оның ішінде 62 тәртіптік іс, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың 6 қорытындысы, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының 12 қорытындысы, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 1 жұмыс нәтижелері, әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің 2 нәтижелері, 11 өзге де мәселелер.

Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 43 тұлғаға тиісті тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды, оның ішінде 24 мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін, 19 мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін болса, 19 іс тоқтатылды.

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қабылдауында жеке сұрақтар бойынша 57 азамат, оның 25-і жергілікті жерде өткізілген қабылдауда болды.

Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Әдеп кодексін бұзудың алдын алу бойынша жыл бойы 1800-дей іс-шара өткізілді.

Ұлт жоспарында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін, ең алдымен әр мемлекеттік қызметші өзінен бастап, білімі мен біліктілігі шыңдалған, әдебі мен мәдениеті жоғары деңгейдегі, санасы мен рухы биік болуы тиіс!


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто