Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сирек кітаптарды сыйға тартты


13 декабря 2017, 04:29 | 2 063 просмотра



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы  бойынша  «Туған жер» бағдарламасы аясында және Астананың 20 жылдығына орай  қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Туған жерге туыңды тік» атты  кітап сыйлау акциясы жарияланған болатын.

Шара барысынды ақын, аудармашы, Халықаралық әдеби сыйлықтың иегері  Жүкел Хамай және ақ халатты абзал жандардың бірі, балалар емханасының дәрігері   Ләззат Сансызбаева кітапханаға өздерінің жеке қорында сақталған кітаптарды әкеліп  сыйлады.

Жеке мұрағатында  қазақ, қырғыз, орыс, моңғол тілінде жарық көрген  50 мыңнан астам кітап қоры бар ақын, аудармашы  Жүкел Хамай 250 дана әр тақырыпты қамтитын кітаптарды сыйға тартты. 

Ләззат Князқызы  да 30-дан астам әдебиетті алып келіпті. Оның ішінде Тахауи Ахтановтың «Избранные» 1978 жылғы, Ілияс Есенберлиннің  «Көшпенділер», «Лекарственные препараты» 2 томдық, «Клинническая педиатрия», «Стендаль» 1987 жылғы, «Наурызға шашу» 1996 жылғы кітаптар бар.

Бөлім меңгерушісі Е.Аханова «Кітаптар жайлы бірер сыр» атты слайдты оқырмандар назарына ұсынып, кітаптың шығу тарихы жайлы баяндады.  «Елі сүйген Елбасы», « Жарқыра, жайна Астана», « Қазақстан жолы жаңару және өркендеу» кітап көрмелеріне кітапханашы Ә.Егізтаева  шолу жасады. «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»КММ-нің директоры К.Сейтжанова шараны қорытындылап, кітап сыйлаған азаматтарға алғысын білдірді.

Тапсырылған құнды кітаптар кітапхананың сирек қор бөлімін толықтыра түсті. Аталмыш акция жарияланғалы жеке кәсіпкерлер де өз үлестерін қосқан. Мәселен, жеке кәсіпкер Айгүл Қалшабекова қалалық балалар кітапханасына өз қаражатымен балалар әдебиетін сатып алып, сыйға тартқан.