Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әйелдерді қорламайық, қорғайық!


7 декабря 2017, 10:32 | 1 037 просмотров



Әйелдерге қатысты барлық кемсітушілікті жою туралы  конвенция ережесіне сәйкес,  25-қараша — Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жоюдың халықаралық күні  аясында  «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды. Бұл шара 10-желтоқсанға дейін жалғасады.

Облыс орталығындағы  «Бақытты отбасы- бақытты ел» ұранымен Алматы облыстық ішкі істер департаменті  және Талдықорған қалалық ІІБ ұйымдастырған шараларға ҮЕҰ, әйелдерді қорғау орталығы өкілдері белсене атсалысуда. Талдықорған қаласы ішкі істер басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Л. Шайғалиеваның  айтуынша,  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің   құқықтық білімін арттыру мақсатында акцияны  жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.

  Акция барысында кездесу, дөңгелек үстел, әңгімелесулер өткізілумен қатар    буклеттер таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы,  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауда ішкі істер органдарының жұмыстарын ұйымдастыру тобымен 2017 жылдың 11 ай көлемінде   1239 қылмыстық іс-әрекет тіркеліпті. Адам өлімі-1, зорлау-12, бұзақылық-20, алаяқтық-128, 28-тонау қылмысы орын алған.  Осыған байланысты 337-і қорғау нұсқамасы мен 44 ерекше талап толтырылған.

Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі- отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылық, айуандық,  ұрып-соғудың аяғы адам өліміне апарып соғып отырған жағдайлар кездеседі.   Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар,  қауқарсыз қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша  тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі — қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігімен сипатталады.

 Осыған байланысты  көпсалалы  қалалық ауруханада Талдықорған қаласы Ішкі істер басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Л.Шайғалиева, ІІБ-ның ЖПҚ басшысының орынбасары, полиция подполковнигі А. Белгібаева, «Талдықорған қалалық құқық қорғау орталығы » қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Тен және  білім, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы мамандарының қатысуымен жиын ұйымдастырылды. Медицина саласының  мамандары полиция қызметкерлері мен талантты балалардың  өнерін тамашалады.

Тағы бір басқосу «Love»  кафесінде ұйымдастырылып, оған ІІБ ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен аналар шақырылды. «Аналар» үйінің үйлестірушісі Бақтыгүл Бейсенбіқызы, қазіргі таңда  9 ана мен 10 балдырғанға  қамқор болып отырғандарын жеткізді. Оларға психологиялық, заңдық, медициналық тұрғыдан көмек жасалады. Жас аналар жауапкершілігі жоқ азаматтардың кесірінен далада қалып жатады. Не болмаса, отбасылық кикілжің, ұрыс-керіс салдары себеп болады. Ұрыс-керіс салдарынан кетіп қалып кейін қайта татуласып, бақытты өмір сүріп жатқандары да бар.

 Әйел- отбасының ұйытқысы, жұмыста белсенді, аяулы ана, сүйікті жар. Олардың бүгінгі қоғамда алар орындары ерекше. Шара барысында «Mary Kay» косметикалық орталығы қатысушылардың  бетін әрлеп, сәндеді.   «Әйелдерді қорғау» орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің де саны көбейе түскен.  Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасында жасалуы себепті көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды.


Комментарии


Комментариев нет.

Ваш комментарий:

Ваш IP адрес 54.91.171.137 будет сохранен вместе с комментарием